Мемлекет басшысы 2 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында атом энергетикасына ерекше тоқталып, станция салу ісі көпшіліктің дауыс беруімен шешілетінін және атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтетінін мәлімдеді.
Қазақстанда бірқатар маңызды мәселелерді шешу үшін атом электр станциясынның қажеттілігі төмендегідей:
- Атом электр станциялары көмірқышқыл газын және басқа парниктік газдарды шығармайды, бұл климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі;
- Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді;
- Электр энергиясы тарифтерінің өсуіне қарсы әрекет етеді (Атом электр станциялары электр энергиясын салыстырмалы түрде төмен бағамен өндіреді, бұл тұтынушылар үшін тарифтердің өсуін тежей алады);
- 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді.
Қуат тапшылығы – жаһандық сипаттағы өзекті мәселе. Ал, АЭС құрылысы аталған мәселенің ең басты шешімі. Елімізді жаңғыртуға кірістік, Заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағытымыздан айнымауымыз керек. Болашаққа үлкен сеніммен қадам басып, батыл шешімдер қабылдайтын уақыт келді. Түпкілікті шешім демократияның құралы – референдум арқылы қабылданады. Яғни, соңғы шешімді халық қабылдайды.
Ермұхан Жүнісхан,
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты