Талдықорған: +26°C
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

Жыл соңына дейін 7 мың шақырым жолдың құрылысы аяқталады

23.08.2024
МІНБЕР
Жыл соңына дейін 7 мың шақырым жолдың құрылысы аяқталады
WhatsAppTelegramFacebook

Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет жол инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда. Атап айтқанда, ол еліміздің көлік желісін дамытуға бағытталған, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Үкімет сайты дерегіне жүгініп. 

2024 жылы жол-құрылыс жұмыстарының көлемі рекордты 12 мың шақырымға жетеді, оның 8 мың шақырымы еліміздің өңірлерін байланыстыратын стратегиялық маңызы бар көлік күре жолдарын қамтамасыз ететін республикалық жолдарды құрайды. Қалған 4 мың шақырымы – жергілікті маңызы бар жолдар.

Жыл соңына дейін 7 мың шақырым жолдың құрылысы, реконструкциясы және жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда, мысалы, «Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен» және «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» сияқты ірі көлік күре жолдарын реконструкциялау жұмыстары аяқталады. Бұл жобалар жол жүру уақытын қысқартады, көлік шығындарын азайтады әрі жол қауіпсіздігін арттырады. Аталған жобалардың жалпы ұзындығы – 2 мың шақырым.

Түркістан облысында Шақпақ баба асуында туннель құрылысы аяқталып қалды. Оның ұзындығы – 840 метр. Құрылыс аймақ үшін үлкен маңызға ие, өйткені асу «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің күрделі бөлігі болып саналады. Қазіргі уақытта бетон мен асфальт төселіп, негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Бүгінде бейнебақылау жүйелерін, желдету және өртке қарсы жабдықтарды орнату бойынша іске қосу-реттеу жұмысы жүргізілуде.

Көлік инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір маңызды объект – Алматы облысындағы Шамалған стансасында автомобиль жолы өтпесінің салынуы. Өткелдің ашылуы автокөліктердің темір жолдардан қауіпсіз әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге тиіс.

Қазақстанның шығысында ұзындығы 1 316 метр Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы аяқталуда. Көпірдің өзінен бөлек, жоба жалпы ұзындығы 19 шақырым болатын кірме жолдың құрылысын қамтиды, бұл Шығыс Қазақстан облысында көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 21 тіректі орнату және 20 металл аралықты монтаждау жұмыстары аяқталды. Көпір мен кірме жолға асфальтбетон жамылғысын төсеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Бұл көпір өңір үшін стратегиялық маңызға ие, өйткені бұрын шалғай аудандардың тұрғындары паром өткелін пайдалануға мәжбүр болған. Жаңа көпір жол жүру уақытын қысқартып қана қоймайды, сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі жол инфрақұрылымын дамытудың 2029 жылға дейінгі ұзақмерзімді стратегиясын одан әрі іске асыруда. Мәселен, бұл бағдарламаға «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған» сияқты перспективалы жобалар және Сарыағаш қаласын айналып өту құрылысы енгізілген. Барлық жоба бір мердігер ұйымның жолды жобалап, салуын және кейіннен күтіп ұстауын көздейтін ЕРСМ-келісімшарты бойынша іске асырылатын болады.

Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерін байланыстыратын «Қызылорда – Жезқазған» автожолын реконструкциялау жұмысы басталды. Реконструкция жол төсемін жақсарту, жол жиектерін нығайту және инфрақұрылымды жаңғырту бойынша кешенді жұмысты қамтиды. Бұл жоба ұзақ уақытқа созылған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді және осы магистраль бойынша қауіпсіз әрі жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.

Бұған қоса, автожол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде ҚДБ арқылы қаржыландырылатын, құрылымды күшейте отырып, жолдарды орташа жөндеудің ауқымды бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарлама 20 жылдан астам жөндеу жүргізілмеген учаскелермен қоса, 2,5 мың шақырым республикалық жолдарды қамтиды.

Жобалар тізбесіне «Жезқазған – Петропавл», «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз», «Қарағанды – Аягөз – Боғас» және «Семей – Барнаул» жолдарын орташа жөндеуден өткізу енгізілген. Бұл жобаларды іске асыру алдағы жылдарға қауіпсіз әрі жайлы қозғалысты қамтамасыз ете отырып, бүкіл ел бойынша жолдардың жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

25.05.2026
«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

25.05.2026
Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

25.05.2026
Жетісуда мәдениет қызметкерлері ұлықталды

Жетісуда мәдениет қызметкерлері ұлықталды

25.05.2026
«Ауыл аманаты» жобасы Мұқыры ауылындағы кәсіпкердің кәсібін кеңейтуге мүмкіндік берді

«Ауыл аманаты» жобасы Мұқыры ауылындағы кәсіпкердің кәсібін кеңейтуге мүмкіндік берді

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.