Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды.
Іс-шараның басты мақсаты – су көздерін, бұлақтарды, өзен-көлдер мен теңіз жағалауларын қоқыстан тазартып, жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл игі бастамаға еліміздің барлық мектеп оқушысы, колледж студенті мен ерікті жас қолдау білдіруде.
Акция аясында бұлақтардың көзін ашу және абаттандыру, жағалауларды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, табиғатты аялауға бағытталған экологиялық шаралар ұйымдастырылуда. Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде акция еліміздің оңтүстік аймақтарында өткізіліп жатыр.
Бұл жұмыстар Жетісу облысында да қарқын алып, Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу және Панфилов аудандарында жүргізілді. Шараға 600-ден аса адам қатысып, 7 бұлақтың көзін ашты
А. Байжұмақызы





