Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Жаңғыру және бәсеке

18.10.2025
ОН САУСАҚ
Жаңғыру және бәсеке
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет Басшысының Жолдауында кәсіпкерлікке қатысты айтылғандарды іске асыру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы бірнеше бағдарламаны жүзеге асырып келеді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және ірі инвестициялық жобаларды қолдауды көздейтін бұл бағдарламалар қатарында жеңілдікпен несиелейтін «Өрлеу», несиеге кепілдік беру тетіктері, өңірлерді дамыту бағдарламалары бар. Мәселен, «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы биылғы маусым айында іске қосылды. Бұл пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралына тиімді балама болады және кәсіпкерлердің қаржыны кідіріссіз алуына мүмкіндік береді. Шарттары да ыңғайлы, мерзімі 10 жылға дейін. Осы уақыт ішінде 12,6%-дық мөлшерлеме өзгермейді.

Жетісу облысында осы бағдарлама шеңберінде жыл басынан бері жалпы несие сомасы 4,3 млрд. теңгені құрайтын 17 жоба қолдау алды. Кепілдік беру құралы бойынша биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде құны 7 млрд. теңгеге дейінгі және 7 млрд. теңгеден асатын жобалар үшін екі «Кепілдік қоры» іске қосылды. Енді кәсіпкерде кепіл мүлік тапшы кезде «Даму» қоры жобалар үшін 7 млрд. теңгеге дейінгі қарыз алардағы портфельдік кепілдікті өте қысқа мерзім ішінде, яғни, 2 жұмыс күні ішінде береді. Кепілдік несие сомасының 85%-на дейін, бірақ 3,5 млрд. теңгеден аспайтын соманы жабады. Несие, лизинг мәмілелері мен келісім-шарттарды орындау кезінде пайдалануға болады.

Облыста биылғы 9 айда несие сомасы 10,8 млрд. теңгеге 140 кепілдік шартына қол қойылды, оның ішінде қордың кепілдігі 6,1 млрд. теңге. Жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы және көлік пен қойма, білім мен сауда саласында.

Бүгінгі күнге дейін қор жетісулық кәсіпкерлердің жалпы сомасы 222,9 млрд. теңгені құрайтын 3 700-ге жуық жобасына қолдау танытты. Портфельдік несиелердің басым бөлігін микро және шағын бизнеске, соның ішінде іс бастаушылар мен стартаптар пайдаланатынын атап өткен жөн. Қызмет көрсету мен сауда саласы экономикалық құрылымның негізгі үлесін алып жатса, өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім байқалады.

– Шағын және орта бизнес экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Біздің міндет – мемлекеттік қолдау құралдарының кәсіпкерлердің дамуына ықпал етуіне, жұмыс орындарының ашылуына және нарықтағы позицияны нығайтуға көмектесу. Бұл аймақ экономикасының тұрақтылығына және адамдардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді», – дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының облыс бойынша өңірлік филиалының директоры Әлімхан Тілеужанов.

Облыста қор бағдарламаларын іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсері жыл сайын артып келеді. Мәселен, былтыр аймақ бойынша өнім шығару көлемі 435 млрд. теңгені құрап, кәсіпорындардан түскен салық 23 млрд. теңгеден асты. Сонымен бірге, 3,1 мыңнан аса жұмыс орны сақталып, құрылды. Бүгінгі таңда аймақта мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары мен жергілікті жерлердегі кәсіпкерлерді қаржылай қолдау шаралары қалай орындалып жатыр? Осыған көз жеткізу мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының облыс бойынша аймақтық филиалы журналистерге баспасөз-турын ұйымдастырды.

Осыған байланысты тілшілер Талдықорған қаласындағы «Sardar Export» ЖШС мен «INNOVERSE TALDYQORGAN» ЖШС-індегі тыныс-тіршілікпен танысып қайтты. Іссапар барысында мемлекет қолдауымен шағын және орта бизнес саласында ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанына көз жеткізілді. Іс-шара аясында «Даму» қоры ұсынатын қолдау құралдарымен жан-жақты таныстырылып, оларды жүзеге асыру тетіктері назарға алынды. Қор өкілдері журналистердің сұрағына да жауап беріп, ой қорытты.

«Sardar Export» ЖШС дирек­торы­ның міндетін атқарушы Диас Мұхтаровтың айтуынша, жалпы, бұл зауыт 2002 жылы құрылып, бастапқыда ұн тартатын диірмен ретінде жұмыс атқарған. Кейіннен наубайхана ашылып, өнімдері мектеп, балабақша және денсаулық сақтау мекемелеріне таратылған. Сондай-ақ, өңірлердегі дүкендерде де саудаланған. Бүгінде кәсіпорын «Алтын емел» сауда маркасымен тәулігіне 75 мың тоннаға дейін жоғары, бірінші және екінші сұрыпты астық өңдеп, ұн шығарады. Сонымен бірге компанияда тәулігіне 25 мың нан мен ұн өнімдерін шығаратын наубайхана жұмыс істеп тұр.
Байқағанымыздай өндіріс орнында ресейлік, италиялық және түркиялық жабдықтар орнатылған. Шетелдік құрылғылардың көмегімен нанның небір түрі әзірленіп жатыр. Еңбеккерлер өнімді тұтынушы көңілінен шығатындай етіп дайындауға тырысуда. Әркім өз ісінің шебері екені атқарып жатқан істерінен-ақ аңғарылады. Кәсіпорында 60-тан аса адам еңбек етуде. Нан мен тоқаш жасау үшін компания «Өрлеу» бағдарламасы аясында Қазақстан Халық Банктен жылына 12,6% мөлшерлемемен несиеге қол жеткізген. «Алтын емел» сауда белгісімен шығарылатын өнімдер Талдықорған мен Текелі қалаларына және Ескелді, Көксу аудандарының жақын маңында орналасқан ауылдарына жеткізіледі. Компанияның бүгінде 450-ден аса сауда нүктесі бар.

Бұдан соң «Innoverse TALDYQOR­GAN» ЖШС-не бардық. Тілші­лер бес қабатты білім нысанын аралай жүріп қызметімен танысты. Мектеп директоры Айдар Тұрабаев сұхбат беріп, жеке мектептің 2019 жылы құрылғанын, 2025 жылы 1090 жоғары сынып оқушылары оқығанын және білім ошағының ұстаздары негізінен Ұлттық бірыңғай тістелеу мен IELTS-ке тегін дайындалуына баса назар аудара отырып, сапалы білім беретінін айтты. Сондай-ақ, олар оқушының мамандықты адаспай таңдауына жол ашып, сол бағытта терең оқытады. Бұл түлектердің елдегі және еуропа сияқты шет мемлекеттердегі жетекші жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігін арттырады.

Мектеп айналым қаражатын толықтыруға «Банк Центр Кредиттен» несиеге қол жеткізуде «Кепілдік қоры» бағдарламасы аясында «Даму» қорының кепілдігін алған. Бұл мектептің дамуын жалғастыруға және оқушылардың одан да ыңғайлы жағдайда оқуларына мүмкіндік берді. Қазір мектепте 350 бала білім нәрімен сусындауда. Оларға білікті мұғалімдер сабақ береді. Қорыта айтқанда, оқушылардың алаңсыз білім алуына барынша жағдай жасалғаны көрініп тұр. Оқу таңғы сағат 8.30-дан кешкі сағат 16.30-ға дейін жалғасады. Парталары да жаңа әрі оқушының сабақ оқуына ыңғайлы. Мектепке қажет басқа да құрылғылармен толық қамтылған.

Айта кетейік, «Даму» қорының қолдауы тек қаржы құралы ғана емес, сондай-ақ, аймақ экономикасының дамуына қосқан үлесі. Облыс кәсіпкерлері үшін бұл – өсу, жаңғыру және бәсекеге қабілеттілікті арттырудың нақты құралы.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА,
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026
«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026
Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

06.02.2026
Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

06.02.2026
Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.