Талдықорған: +13°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

АЛЬСТРОМЕРИЯ АУЫЛДА ӨСЕДІ

22.02.2023
ОН САУСАҚ
АЛЬСТРОМЕРИЯ АУЫЛДА ӨСЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

 «Альстромерия» – оның екінші атауы Перу лала гүлі. Оңтүстік америкалықтардың сенімінде «шапақ сынды гүл шоғырын Алланың адамзатқа жіберген сыйы» деп қалыптасқан түсінік бар. Бұл гүлді Еуропаға алғаш рет Швет бароны Клаус фон Альстрмер әкеліп, жерсіндіргендіктен гүлдің атауы соның есімінің құрметімен берілген. Еуропа тұрғындарының құрметіне бөленген гүл бүгінде жерлестеріміздің қуанышын еселеп, сыйластық пен достықты нығайтып жатқанына Көксу ауданы, Мұқыры ауылындағы Балжан Нүсіптің гүл өсіретін жылыжайын көргенде білдік.

– Гүл өсіруді өткен жылдың ортасында бастадық. Жылыжай 4 сотық аумаққа орналасқан. Басында интернеттен аталған гүлге қатысты ақпараттарды қарадық. Сосын оның климатқа бейімділігіне, нарықтағы сұранысына,  баптап-күту мүмкіндігіне талдау жасадық. Көп ойлаып келіп, тұрғылықты жерде өсіруге болады деген сенімге келдік те жұмысты бастап кеттік. Себебі, бұл гүл тұқымнан көбейеді. Бір рет еккен тұқым үш жылға дейін өнім береді. Гүлдің бүршік жарғанынан, гүлдеп, тергенге дейін берісі бір жеті, арысы 10 күн уақыт кетеді. Гүлдің әр тамырынан 7-8, кейбірінен 10  талдан астам гүл шығады. Қазір Талдықорғандағы гүл сататын дүкендерге келісім бойынша жеткізіп отырамыз, – дейді Балжан.

Халқымызда: «Тәуекел түбі желқайық өтесің де кетесің» деген нақыл бар ғой. Былай қарасаң, қаладан алыстау, үлкен жолдан қиыс жатқан Мұқыры ауылынан гүл өсіретін жылыжай салу да үлкен батылдықтың нәтижесі. Айта кетерлігі, ауылдағы ағайындардың арасында: «Тек ауылда егін егіп, мал өсіруге ғана болады» деген түсінік қалыптасып қалған. Балжан Нүсіптің ұмтылысы осы түсінікті терістеп, ауылда да қаладағылардың сұранысын қанағаттандыратын кәсіппен айналысуға болатынын дәлелдеп отыр.

Бүгінде гүл өсіру отбасылық кәсіпке айналып кеткенін көрдік. Қазір бұл жұмысқа Балжанның жары Самат Жұмағұлов, енесі Асылқан Омарбекқызы да  көмектесіп тұрады. Бүгінде 5 баланы өмірге әкелген Самат мен Балжанның жұмысқа жарап қалған ұлдары Азамат пен Ерасыл бос уақытында жылыжайда жұмыс істеп, ата-анасына көмектеседі.

Әрине, Балжанның үйде босқа отырмай адал еңбекпен кіріс кіргізгені құптарлық іс. Ең бастысы, балаларын еңбекке баулыған өнегесі болашақта үлкен жетістіктермен өлшенетіні анық.

 – Қазір гүлдің дәл осы түрін өсірумен айналысатын жылыжай Жетісу облысында жоқ. Бұл да біздің жұмысымызды жетілдіруге сеп болып тұр. Алдағы уақытта жылыжайдың аумағын ұлғайтып, тағы да 5 сотық жерге гүл ексек деген ойымыз бар, – дейді Балжан Нүсіп.

Айта кетерлігі, Балжан кәсібін өз қаражатымен жүргізіп отыр. Дегенмен, мемлекет тарапынан қолдау танытылса, олардың кәсібі одан ары өркендей түсеті анық.

Қажет АНДАС,

Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

30.03.2026
«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

30.03.2026
«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

30.03.2026
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.