Талдықорған: +12°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ҚАПАЛДА ТҰРАТЫН КӘСІПКЕР САУМАЛ МЕН БАЛДАН САБЫН ЖАСАП САТАДЫ

08.11.2022
ОН САУСАҚ
ҚАПАЛДА ТҰРАТЫН КӘСІПКЕР САУМАЛ МЕН БАЛДАН САБЫН ЖАСАП САТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қапал ауылының тұрғыны Нұржәнет Ердәулетқызы ерекше өнім шығарып отыр. Ол сүт өнімдері мен балдан сабын әзірлеуді қолға алған. Кәсіпкер өзі тауарын «жасыл өнім» деп атайды. Себебі, ондағы қоспалар таза табиғи. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атажұртқа Қытайдан 2019 жылы көшіп келген Нұржәнет Ердәулетқызы кезінде кәсібін алабота шөбінен қара сабын қайнатып бастағанын айтады. Кейін сұранысқа қарай шығаратын өнім түрін көбейткен. Соның ішінде сүт сабыны, айран сабыны, саумал сабыны, қияр және бал сабындары сияқты түрлерін дайындайтын болды. Негізі бұл кәсіппен айналысуды Қытайда жүргенде бастаған. Кейін елген келген соң ісін қайта жандандырды. Оған отағасының аттан құлап, мертігіп, жұмысқа шыға алмай қалғаны түрткі болыпты. Яғни, осы кәсіпті жүргізіп, табыс табуға бел байлаған.

— Сабынды дайындауға өзіміздің саумал, сүт, қатығымыз, көкөнісіміз, Текелінің балы қолданылады. Ал қажетті кокос майын Қытайдан алғызамын. Кәсіпті кеңейтуге мемлекет тарапынан берілетін грантқа талпынып көруге ниеттімін. Қазір отбасым барынша қолдау көрсетіп отыр. Екі балам мен келінім өнімді қорапқа салып қаптауға, әлеуметтік желілер арқылы тауар өткізу ісін ілгерілетуге жәрдемін тигізеді, — дейді Н.Ердәулетқызы. 

Оның айтуынша, кішкене балалар үшін сабын жүрек, гүл, мысық және басқа да қызықты әрі тартымды формаларда құйылып дайындалады. Мұндай сабынмен нәрестелерді шомылдырса, ешқандай аллергия болмайды. Ересектер қолданса, беттің терісін жұмсартады, жаңа түскен әжімдерді, майлы беттің бөріткендерін, қара дақтарды кетіруге көмектеседі. Яғни кішігірім косметикалық өнім деуге болады. Бағасы сабынның көлемі мен құрамына қарай 500 теңгеден басталады. Дегенмен кәсіпкер беттегі дақтарды медициналық жағынан тексертуді ұмытпау керек дейді. Себебі ол адамның ішкі ағзаларының сырқаты салдарынан ба, әлде сыртқы әсерлерден бе, алдымен соны анықтап алған жөн.

«Өзім осы сабынды тұрақты қолданамын. Сырт көзге нәтижесі өз тәжірибемнен айқын  көрініп тұр десем де болады. Бұл табиғи таза сабынды алуға Жетісу облысының жақын аудандарымен қатар, Алматыдан да тапсырыстар түсіп жатыр. Бұл ертеден бергі ата-бабаларымыздың сүттен, балдан, шөптерден дайындайтын пайдалы заттарына деген көпшіліктің қызығушылығы әлі күнге зор екенін білдіреді», — дейді кәсіпкер әйел.

Бұл пікірді 15 жылдық тәжірибесі бар педагог, химик-биолог Зарина Абузярова да растайды. Қазір ол Жетісу облысы Алакөл ауданындағы «Лепсі өнімдері» ЖШС-да дайындаушы технолог болып жұмыс істеп, табиғи сабын мен басқа да косметика түрлерін өндіруге өз үлесін қосып келеді.

Еске сала кетсек, «Лепсі өнімдері» ЖШС косметикалық сабын, сусабын, шашқа арналған бальзам, ванна тұзы, жалпы саны 11 түрлі өнім шығарады. Бұл ретте органикалық бал, саумал, жергілікті дәрілік шөптер, оған қоса Алакөлдің шунгиті мен Жалаңашкөлдің топырағы – бәрі де табиғи таза өнім дайындауда таптырмас материал болып отыр. Кәсіпорын жыл басынан бері 10 мың данадай сабын шығарған. Өнімдері жергілікті және астаналық сауда орындарында сатылады.

Сабын дайындаушы шеберлер бұл жақсы бизнес болумен қатар көне дәстүрді жаңғырту, бабалар қолданған тәжірибені тарату деп есептейді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

30.03.2026
«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

30.03.2026
«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

30.03.2026
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.