Талдықорған: +9°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ҚАРАҒАЙ КӨШЕТІМЕН КӨРКЕЙЕДІ

12.06.2020
ОН САУСАҚ
ҚАРАҒАЙ КӨШЕТІМЕН КӨРКЕЙЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жап-жасыл боп сап түзеген қарағай,
Биігіңнен құйылады таң арай.
Ғасырлардан ғасырларға жасай бер,
Тауларыма көрік беріп жағалай,
– деп ақын жырлағандай, өлкеміздің мәні мен сәні, шертілер жыры мен әні, өсімдік әлемінің жаны мен бағы іспетті қарағайға жетер ештеңе жоқ. Қарағай – кең өлкеміздің, тауларымыздың әрін кіргізіп отырған мәңгілік жасыл ағаш.

Шын мәнінде, 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Бұл ойлап қарасаңыз, толқын-толқын 5-6 ұрпақтың ғұмыры. Қарағай – адамзаттың басына түсіп жататын неше түрлі өмір өткелдерін, ғаламда болып жатқан өсу мен өшу, жаңғыру кезеңдерін көріп, куә болып тұратын қысы-жазы өңін бұзбайтын ғажайып өсімдік. Ең негізі, өңіріміздің тек күн шығыс жағына қаптай, сап түзей орналасып алған қарағайлар күнделікті ауамызды тазартып, тынысымызды кеңітіп, көрген сайын жан сарайымызды ашып тұрады. Тәуелсіз Отанымыз үшін қарағай әлемі баға жеткізгісіз байлығымыз! Ұрпақтан ұрпаққа нәсіп болып қалар қымбат қазынамыз. Мемлекетіміз үшін, оның құшағында жүрген әрбір адам үшін қарағайдың неғұрлым көшетімен көбейіп, көріктене, жайнай, жаңғыра түскені аса қажет.
Бұл орайда айналамызды қоршаған орман әлемін, қарағай дүниесін көздің қарашығындай сақтайтын, әр жыл сайын көшетімен көркейтіп жататын орманшылардың орны бөлек. Жүздерін күн сүйіп, гүлдеріндей шырайланып қана жүретін орманшылардың ұрпақ болашағына, ұлт келешегіне арналған игілікті де ізгілікті істері ерен, еңбектері орасан. Біз сөз еткелі отырған Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыстағы ең алдыңғы қатарлы озат еңбек ұжымының бірі. Жай ғана орман шаруашылығының мекемесі емес, Жалаңаш деп аталатын орманшылығында 54 гектар тұрақты тұқымбағы, Темірлік орманшылығында 3 гектар уақытша тұқымбағы бар бірегей орман мекемесі. Олар орман әлемін жыл он екі ай қорғап қана қоймайды. Орман қорын молайту, көшетімен толықтыру, молықтыру жұмысымен тікелей айналысады. Жұмыстары күз айында қарағайдың тұқымын жинаудан басталады. Тұқымға бір жыл бұрын арнайы жер дайындалады. Себу жұмыстары Темірлік орманшылығындағы уақытша тұқымбақта қолмен, Жалаңаш орманшылығындағы тұрақты тұқымбақта механикалық әдіспен жүргізіледі. Тұқымбаққа егілген қарағайдың тұқымы 4 жылда жап-жақсы бойы 15-20 сантиметрге дейін өскен, тамырланған қарағай көшетіне айналады. Содан бастап жасыл шыршаның көшеті ел игілігіне айналады. 
Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Айболат Солтанғазиевтің жол бастауымен орманшы Дәурен Досайбеков басқаратын Жалаңаш орманшылығына қарасты тұқымбағында болдық. Ауылдың етек жағында 54 гектар жерді алып жатқан тұрақты тұқымбақты көргенде арманда, көрмегенде арманда. Қарағай, өсімдік әлемінің неше түрі осында. Орманшылардың қолымен өсірілген 1 жылдық, 2 жылдық, 3 жылдық, 4 жылдық шырша көшеттерінің алқабы жаныңызды баурап, көңіліңізді қуанышқа бөлеп жатады. Баладай балғын көшеттерді жаз маусымында қорғау, күту, суару, арамшөптерден арылту секілді жұмыстары оңайлыққа түспейді. Осынау бейнет үшін тынбай жұмыс істейтін жандар бар. 
Кеген орман шаруашылығы мекемесіне қарасты Ұзынбұлақ, Қарқара, Екіаша секілді орманшылықтарының да орманшылары осында. Мекеменің жап-жаңа «МТЗ» маркалы тракторы арнайы агрегатымен 4 жылдық Шренк шыршасының көшетін қазып жүр. Тамырымен қопарылып түскен балауса шыршалар жеке-жеке отырғызуға дайындалуда. Бұл шын мәнінде орманшылар үшін 4 жылғы еңбектерінің нәрлі нәтижесін көрумен пара-пар.  Тұқымбақтың іші қызу еңбек. Дәурен Досайбеков бастаған Жалаңаш орманшылығының жігіттері 80 сотық жерге, Ернат Еңсебаев бастаған Екіаша орманшылығының ұжымы 70 сотық жерге Шренк шыршасының көшеттерін отырғызуда. 
– Өткен жылы Жалаңаш орманшылығындағы тұрақты тұқымбақтан және Темірлік орманшылығындағы уақытша тұқымбақтан барлығы 348030 түп Шренк шыршасының көшеті алынып, 17 гектар орман алқабы толықтырылды. Оның сыртында 1150 түп сосна қарағайы, 896 түп қырым қарағайы, 950 түп туя, 50 түп алма, 50 түп алмұрт көшеті отырғызылды. 346830 түп Шренк шыршасының көшеті орман қорын молайту мақсатында облыс аумағындағы орман шаруашылығы мекемелеріне бөлінді, – дейді Кеген орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Айболат Солтанғазиев.
Осынау баға жетпес игілікті іс биылғы көктемде де жалғасын тапты. Биыл да мекемеге қарасты 5 орманшылықтың орманшылары жұдырықтай жұмылып жалпы көлемі 17 гектар тау беткейлеріне 176200 түп Шренк шыршасының балғын көшеттерін отырғызды. Оның сыртында биыл 5000 түп сосна қарағайын, 950 түп туя, 30 түп алма, 50 түп абрикос, 300 түп шетен, 300 түп долана көшеттерін отырғызуды жоспарлаған. Кеген орман шаруашылығы мекемесінің түрлі жеміс ағаштарын өсіріп отырған арнайы орындары да бар. Гүлденіп-түрленіп тұрған шағында барсаңыз, тіптен де тамаша көңіл-күй ауанында боласыз. Кеген орман шаруашылығы мекемесіне қарасты орманшылардың ерен еңбегі, көпке тигізіп жатқан шарапаты деуге болады, биылғы жылы да облыстағы орман шаруашылығы мекемелеріне 129720 түп Шренк шыршасының көшеті босатылмақ. Аудандағы мекемелердің айналасына отырғызылатын, жалпы, көгалдандыру жұмысына қажетті сұраныс бойынша берілетін шырша көшеттері жетіп-артылады. Осындай шақта мекемеде ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқан орманды өсіру, қалпына келтіру жөніндегі бас инженері Гүлнара Аубакированың атына жылы лебіз білдірген артық емес. Тәжірибелі маманның ұжым ісіне тигізіп жүрген шарапаты бөлек.
Орманшылардың ел мен жерге тигізіп келе жатқан шапағаты осындай. Қараңызшы, жыл сайын орман алқабын толықтыру үшін 17 гектар шырша көшеттерін отырғызу дегеннің өзі неге тұрады?! Соңғы 20 жылдың ауқымында 340 гектар орман алқабы толықтырылған.  Бұл  көңіл көркейтер сүйінішті жағдай. Рас, таулардың құшағына сапар шегіп жатсаң, біргелкі бой түзей өсіп келе жатқан балғын қарағайлы алқап ерекше көзге түсіп жатады. Бұл орманшылардың еңбегі екеніне риза болып, үлкен әсерге бөленесің. Орман – Отанымыздың байлығы, ұрпақтың болашағы болса, оны көшетімен көркейтуге, молықтырып, толықтыруға негіз қалап жүрген орманшыларға алғыстан басқа айтар жоқ.

Қанат БІРЖАНСАЛ
Кеген ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

26.03.2026
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.