Талдықорған: +19°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

БОЗ ЖУСАНЫНА ДЕЙІН БОЗТОРҒАЙ ҰЯ САЛҒАН: ШАРУАШЫЛЫҚ ШЫРАЙЫ

23.07.2020
ОН САУСАҚ
БОЗ ЖУСАНЫНА ДЕЙІН БОЗТОРҒАЙ ҰЯ САЛҒАН: ШАРУАШЫЛЫҚ ШЫРАЙЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірде егін егіп, мал өсіріп, табысы тасқындаған шаруашылықтар жетерлік. Солардың бірегейі – Елтай ауылдық округіне қарасты «Ақан» шаруа қожалығы. 


Қаратал өзенінің бойында ірге тепкен шаруашылыққа жолымыз түсіп, заманауи үлгіде салынған мал алаңдарын, кешенді қора-қопсы мен жұмысшылардың үйін көріп, таңырқап қалғанымыз рас. 2006 жылы құрылған шаруа қожалығы бұрынғыдай емес, түлеген, табысы тасқындаған, түр-тұрпаты бөлек құрылымға айналыпты. Шаруа қожалығында 162 аналық сиыр, 112 бұзау-торпақ, 210 бас жылқы малы бар.

– Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданынан жылқы алып жатырмыз. Сол жақтағы Зиядановтар әулетінен 97 бас жылқы алып келдік. Еңбек етіп, тіршілік жасап жатқан жайымыз бар. Үржардан тағы жылқы алып келсек деп жоспарлап отырмыз, –  дейді шаруашылық басшысы Ақан Смаилов. 

Қарамағында 700 гектар жайылымдық жері де бар. Соның 100 гектары Қараталдың жағасында, қалғаны Елтай елді мекенінің жотасында. Қазір мал негізінен жайлауда. Қараталдың қос қапталы егін. Сондықтан егін жиналып болған соң малды күздің соңында бір-ақ әкеледі.

2011 жылдан басталған құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатыр екен. Ақан Жексембіұлы заман талабына сай жаңа техника мен технологияларды белсенді қолдана біледі. Осы жылдар ішінде жемшөп сақтайтын 1000 тонналық қойма, 500 бас ірі қара малына арналған жабық қора салдырған. Сондай-ақ, 60 басқа арналған мал бордақылайтын алаң мен 500 басқа арналған үлкен қоршау тұрғызған. Шаруашылық құс та асырайды. 

– Мұнда 500 басқа арналған жабық қораның ішіндегі 3 жайға жаңа бұзаулаған сиырларды қамап, кіргізе береміз. Қыста сиырлар мал қамайтын қоршауда тұрады. Жан-жағында шөп салатын ақыры бар. Биыл үстін шатырламақ ойымыз бар, – дейді еңбекқор шаруа.        

Қожалық иесі егін егумен де айналысады. Шаруашылықтағы 143 гектар суармалы жерге жүгері, бидай, майбұршақ, бес гектар жерге қызанақ, қияр, бұрыш секілді көкөніс түрлері егіледі. Өткен жылы 80 гектар жерге жүгері егіп, гектар берекелілігі 130 центнерден айналған. Сондай-ақ, 30 гектар жерге майбұршақ егіліп, әр гектарға шаққандағы өнім түсімі 23 центнерді құраған. Қожалықта 6 дана «МТЗ-80» тракторы, 2 дана шынжыр табанды трактор, 2 комбайн, астық тасуға арналған «ЗиЛ» жүк көлігі бар. Қысқы мал азығына 3 мың тонна шөп жинайды. Жемшөп қорын қамтамасыз ету мақсатында 30 гектар жерге жоңышқа егіледі. Мал азығына қажетті майбұршатық, бидайдың сабаны, қамыс, құрақ пен табиғи шөп те мая-мая болып үйіледі.

Қазіргі таңда шаруашылықта 3 тракторшы, 2 малшы жұмыс істейді. Малшылардың жеке үйі бар. Қожалық басшысы жұмысшыларының жалақыларын уақытылы төлеп тұрады. Қоластында қызмет істейтін адамдардың барлық жағдайын жасап берген. Мәселен, республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында жыл сайын жұмысшылардың мектепке баратын балаларын бастан-аяқ киіндіріп, оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орнына түсуіне де жәрдемдеседі. 

Елтай ауылдық округінің әкімі Айжан Баясилованың айтуынша, «Ақан» шаруа қожалығының басшысы Ақан Жексембіұлы жыл өткен сайын жаңа бастамаларымен тәнті етіп, еңбекті жақсы бағалайтынын айтады. Жұмысшылар жақсы өмірге үйренген, қолайлы жағдай жасалған соң қусаң да кетпейді. Білікті басшы адал еңбек етіп, маңдай терін төгіп жүрген жұмысшыларға заманауи үлгіде баспана салып берген. Ол ол ма, қарамағындағы адамдардың үйлеріне күн сәулесінен қуат алатын электр стансысын да орнатқан. Арзан электр энергиясын қолданысқа енгізуге бағытталған «Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы» мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жел және күн күшімен өндірілетін электр энергиясына қол жеткізу жолдары қарастырылғаны белгілі. Мал өсіру мен қара жерге дән себуде берекет бар деп білетін шаруашылық басшысы Ақан Смаилов мұндай жаңа технологияларды іркілмей игеру тәсілін меңгерген.

– Күн сәулесінен қуат алатын электр құрылғысын жақында орнаттық, – деді ол бізге күн панельдерін көрсетіп. – Тәулігіне 5 киловатқа дейін қуат береді. Мұны біз мемлекеттік бағдарлама арқылы жасадық. Құны – 2,5 млн. теңге. Соның 2 млн. теңгесін мемлекеттің субсидиясы арқылы, қалған 500 мың теңгесін өзіміз төледік. Өте тиімді. Ауданда мемлекеттік бағдарлама арқылы күн электр стансысын алғашқы болып орнаттық. Бізден көріп өздерінің шаруа қожалықтарына орнатқандар да бар.  Бұрын  3,5 және 7 киловатт қуат беретін двигательдерді пайдаланатынбыз. Оған қаншама жанар-жағармай кететін. Қазір ештеңе сатып алмаймыз. Бұл күн электр стансысының қуаты малшылардың үйіне, барлық шамдарды жағып қойсақ та жетеді.  

Қожалық басшысы осы іспен айналысатын компанияның Алматыдан күн панельдерін әкеп, орнатып бергенін айтады. Осылайша,  қожалық  2,5 млн. теңгеге күн электр стансысы мен екі су жаңа «МТЗ-892.2» тракторын 19 миллион теңгеге жуық қаржыға алып, Елтай ауылдық округіне қомақты инвестиция тартты. Келер жылы шаруашылық желден қуат өндіретін қалақшаларды орнатып, электр қуатын тәулігіне 10 киловатқа дейін жеткізуді көздеп отыр. 

– Биыл «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы екі жаңа трактор алдық. Беларусь мемлекетінің Минск қаласынан шығатын тракторларға лизинг арқылы қол жеткіздік. Бұл техникаларды да мемлекеттік бағдарлама арқылы алып отырмыз. Ауылшаруашылығымен айналысатын азаматтар үшін өте тиімді. Шаруа қожалығымда германиялық астық жинайтын «CLAAS» және ресейлік Нива «СК-5» комбайндары бар. Биыл мемлекеттік бағдарлама арқылы  Қостанайда құрастырылатын «Есіл» комбайнын алуды жоспарлап отырмыз, – дейді Ақан Смаилов алдағы жоспарымен бөлісіп.      

Боз жусанына дейін бозторғай ұя салған Елтай өңіріндегі іргелі шаруа қожалығы білікті басшы Ақан Жексембіұлының еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында табысы тасқындап отыр. Жарқын болашаққа ұмтылған шаруашылықтың алар асуы әлі  алда.  

Асхат ӨМІРБАЕВ
Қаратал ауданы 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

27.03.2026
Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

27.03.2026
Қазақстан Францияда жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесін таныстырды

Қазақстан Францияда жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесін таныстырды

27.03.2026
Наурыз мейрамына тіл тигізген блогер ұсталды

Наурыз мейрамына тіл тигізген блогер ұсталды

27.03.2026
ҰБТ: 117 мың талапкер бағын сынап үлгерді

ҰБТ: 117 мың талапкер бағын сынап үлгерді

27.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.