Талдықорған: +23°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ТҰРАТЫН КӘСІПКЕР ЛИМОН ӨСІРІП ОТЫР

24.05.2021
ОН САУСАҚ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ТҰРАТЫН КӘСІПКЕР ЛИМОН ӨСІРІП ОТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Жер жаннаты Жетісудың бір пұшпағы – Еңбекшіқазақ ауданы. Түгін тартсаң, майы шығатын берекелі аймақ. Жылы да жайлы климаты жеміс-жидек пен көкөніс өсіруге қолайлы. Әсіресе, алмасы мен алмұрты, шиесі мен жүзімінің дәмі тіл үйіреді. Өрік пен шабдалы, майлы жаңғағы тағы бар. Енді солардың қатарына лимон қосылды. Мандарин мен апельсин де өсіп келеді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Лимон өсіру бастамасына Қайназар ауылына барғанда көз жеткіздік. Кенжеғали Сабыровтың үйіндегі шағын жылыжайда цитрус ағаштары жайқалып тұр.

Иә, лимон бәрімізге таныс. Дәмі де өзгеше, дәруменге де бай жеміс. Бірақ ағашта өсіп тұрған лимон жемісін бұрын-сонды көрмеппіз. Жылыжайдың ішіне тамсана қарадық. Құдды бір тропикалық аймақта саяхаттап жүргендей әсерге бөленесіз.

— Қыс айларында бұдан да қызық болады. Айнала аппақ қар. Ал, жылыжай іші жасыл желекке оранады. Ағаш бұтақтарына ілінген лимонның хош иісін айтсаңдаршы. Жұпар шашады. Немерелерім оларды бір-бірлеп үзіп, себеттерін толтырып рахаттанады, – деп Кенжеғали аға бізді одан сайын қызықтырды.

Елімізде соңғы жылдары лимон жемісін өсіру қарқын ала бастады. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Түркістан, Атырау облыстары бұл іске белсене кірісіп жатыр. Енді міне, ыстықты ғана сүйетін цитрус ағаштары Жетісу топырағына да жерсінуде.

Сабыровтар отбасы 2002 жылы Қарақалпақстаннан атамекенге оралып, Қайназар ауылына көшіп келеді. Кенжеғали ағаның мамандығы – инженер. Елге келген соң, прораб болып құрылыс саласында еңбек етеді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін бау-бақша өсіруді қолға алады. Міне, сол ермегі бүгін көпке үлгі болып отыр.

— Бұл өңірдің тұмса табиғатына не жетсін, шіркін! Айналаңды алып таулар қоршап тұр. Одан ескен самал жаныңды жадыратады. Құнарлы топырағына шыбық шаншысаң талға айналады. Сондықтан жұмыстан біржола қолым босаған шақта бау-бақшаға ерекше көңіл аудардым. Ең алдымен ауладағы  екі жарым сотық жерге шағын жылыжай салып, оның ішіне қияр мен қызанақ өсірдім. Біраз жыл көкөністің қызығын көрдік. Цитрус ағаштарын отырғызу тіпті ойыма да келген жоқ. Бұл идея Есік қаласындағы базарда пайда болды, – деп әңгімесін ары қарай жалғады.

2016 жылдың күз мезгілі. Кенжеғали аға базар аралап жүргенде тропикалық жеміс ағаштарының көшетін сатып тұрған грузиндерге кезігеді. Өзбекстанда болғанда лимон ағашының өсіп, жеміс бергенін талай рет өз көзімен көргені бар. Алайда бұл көшеттер біздің топыраққа жерсіне қояр ма екен деп ойлады.

— Сөйтіп, әлгі сатушылардан тәптіштеп сұрай бастадым. Қыза-қыза тіпті грузиндерді көлігіме салып алып үйге де алып келдім. Олар жылыжай ішін асықпай аралап, топырақты уыстап біраз тұрды. Содан кейін барып «Ештеңеге алаңдамай көшеттерді отырғыза бер. Әлі-ақ жемісін жейсің» деді нық сеніммен. Өзім де осы жауапты тағатсыздана күтіп тұрған едім. Нартәуекел дедім де, 30 түп лимон, 30 түп апельсин, 30 түп мандарин және тура сол мөлшерде грейтфруд көшетін 250 мың теңгеге сатып алдым, – дейді Кенжеғали аға.

Оның бұл бастамасын отбасы да қолдайды. Сөйтіп үй-ішімен көшет отырғызуға кіріседі. Барлық жұмысты әлгі грузин сатушылардың берген кеңесіне сүйеніп орындайды.

— Өкінішке қарай, алғашқы жылы көшеттер шетінен қурай бастады. Қатты алаңдадым. Қап деп іштей өкіндім. Еңбектің еш кеткені-ай! Енді бәрі шетінен тамыр жаймай шіритін болды ғой. Саудагерлердің сөзіне бекер сенген екенмін деп өз-өзіме ыза болдым. Қолымды бір-ақ сілтедім де жылыжайға біраз күн жоламадым. Сөйтіп жүріп ашуым да тарқады. Жылыжай ішіне қайта кірдім. Мына қызықты қараңыз. Қалған көшеттер жапырақтай бастапты. 120 көшеттің тек қырығы ғана жерсінбеді. Қалған 80 түп ойдағыдай өсті. Алғаш рет ағаштардың гүлдеген сәтін көргенде қуанышым қойныма сыймады, – дейді ол.

Биыл міне, бесінші жыл. Ағаштардың бойлары да ұзарып, жылыжайдың төбесіне жетіпті. Лимон ағаштарының әр түбі 10 келіден жеміс беріп жатыр. Апельсин, мандарин да гүлдепті. Олардың да түйін тастайтын күндері алыс емес сияқты.

Өткен жылы Кенжеғали Ахметұлы өз қолымен өсірген лимон жемістерін тұтынушыларға ұсынып үлгеріпті. Жұбайы Гүлстан Асарбаева мектепте математика пәнінен сабақ береді. Ол алғашқы өнімдерін ең алдымен мұғалімдерге көрсетеді. «Қайназарда қайдағы лимон, бізге олай қалжыңдама», – дейді әріптестері. Бірақ жылыжайға барып бәрін өз көздерімен көргенде қайран қалмасқа әбдісі болмады.

— Базарда лимонның бір келісі 1000 теңге тұрады. Ал біз 800 теңгеден саттық. Ағаштан жаңа ғана жұлынған жемісті бәрі талап алып кетті. Құдайға шүкір, жемісін өзіміз де жеп жатырмыз, – деп қуанады Кенжеғали аға.

Ол кісінің ендігі мақсаты жылыжайын үлкейту. Сол үшін арнайы жер телімін сұрасам деген ниеті де жоқ емес. Әрине, инженер маманның бағбанға айналып, екінің бірі бел шешіп кірісе бермейтін істі бастағаны құптарлық. Мұндай еңбекққор жандарға барынша қолдау көрсеткен дұрыс деп ойлаймыз. Базар сөрелерінде Еңбекшіқазақтың лимоны, мандарині мен апельсині самсап тұрса қандай ғанибет! Кенжеғали аға сияқты бағбандар көп болса, ол күндерге де әлі куә боламыз.

Болат МӘЖИТ

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

30.03.2026
Үйде отырып табыс табу: Онлайн жұмыс істейтін сенімді платформалар

Үйде отырып табыс табу: Онлайн жұмыс істейтін сенімді платформалар

30.03.2026
Елде жыл басынан бері 5 жасырын зертхана жойылды

Елде жыл басынан бері 5 жасырын зертхана жойылды

30.03.2026
Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағы: «Даналық мектебі» жобасының маңызы

Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағы: «Даналық мектебі» жобасының маңызы

30.03.2026
Талдықорғанда интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Талдықорғанда интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.