Талдықорған: +16°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Еркіннің көктерегі

13.03.2025
ОН САУСАҚ
Еркіннің көктерегі
WhatsAppTelegramFacebook

«Елге ел қосылса құт қонады» дегендей, шетелден оралған қандастарымыз еліміздің өркендеуі үшін үлес қосуда. Көксу ауданы, Мұсабек ауылында тұратын Еркін Пидахметұлы 15 жыл бойы тынымсыз еңбектеніп, ауылдың тау жақ бөктеріне 8 мың түп көктерек көшетін отырғызып, оны күтіп-баптап, бүгінде аспанмен бой таласқан бау-бақшаға айналдырды. Әрине, осы талпыныстың қалқасында қаншама еңбек, төзімділік, күш-жігер жатқанын есептей беріңіз.

Атажұртқа сонау 2008 жылы біржолата қоныс аударған Еркін алғашында Талдықорған қаласының іргесіндегі «Ащыбұлақ» саяжайында қоныстанады. Арғы бетте «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағидамен шыңдалған жас жігіт 30 сотық ауласына Қытайдан ала келген алма, өрік, көктеректің көшетін егіп, жерсіндіреді.

– 10 жасымнан бастап ағаш егіп, оны күтіп-баптауға құмарттым. Елге оралған соң да осы кәсіпті қолға алғым келді. 2010 жылы елімізде «Жасыл Қазақстан» бағдарламасы қолға алынды. Сол тұстағы облыс әкіміне хат жазып, өзімнің орман өсіріп, қоршаған ортаны көркейту арманымды жеткіздім. Бұл өтінішім қабылданып: «Облысқа қарасты қайсы ауданнан лайықты жер көрсең, сол жерді өзгертуге қолдау көрсетіледі» деген жауап алдым. Сонымен Талдықорған қаласы, Ескелді, Қаратал, Көксу аудандарының ауылдарын аралап жүріп, таңдауым Көксу ауданының Мұсабек ауылына түсті. Осы ауылдың тізгінін ұстап жүрген азаматтар 22 гектар жер телімін беріп, арманымды ұштады. Сонымен алғашында алма ағашын егіп көріп едік, өнбеді. Өйткені, Мұсабек ауылының жері құмдауыттау, желі үзілмейтіндіктен жеміс ағашын өсіру қиындау екен. Содан кейін, Қытай көктерегінің көшетін әкеліп, еге бастадым. Арманымыз алдаған жоқ. Бүгінгі жағдайын көріп тұрсыздар, – дейді Еркін бас-аяғы 1 шақырымға созылып жатқан 10 қатар болып тізіліп өскен көктеректі нұсқап.

Еркіннің бастамасын «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» дейтін Мұсабек ауылының әкімдік қызметкерлері  мен ауыл ақсақалдары, тұрғындар мен мектеп ұжымы бірден қолдап, ағаш көшетін отырғызу кезінде, оны суғарып, күтіп-баптаған тұста көп көмек көрсетеді.

– Ауылымыз желдің өтіне орналасқан, оның үстіне, топырағы құмдауыт болғандықтан бақша өнімдері, жеміс-жидек  өспейді. Еркін ең алғаш ауылға алма ағашын егіп еді, жер жағдайына байланысты жерсінбеді. Содан кейін ауылды айналдыра көктерек егіп, оның қалқасына алма, өрік ағаштарын егіп өсірді. Қазір олар жеміс беріп тұр. Көктеректер биіктеп өсіп, жел мен құмды тосқандықтан  азынаған жел тоқтап, ауылды құм баспайтын болды. Ауылдастар ауласына бақша өнімдерін егіп, нәпақа табатын болды. Сөйтіп, Еркіннің көктерегі бүкіл ауылдың бейнесін өзгертіп жіберді, – дейді Мұсабек ауылының тұрғыны Зиягүл Досанқызы.

«Еркіннің көктерегі» деген сөзді бүгінде Мұсабек ауылының тұрғындары мақтана айтады. Көктеректің көсегесін көгерткен Еркін қосымша қара ағаштың тұқымын да сеуіп, 1-2 жылдық көшетін Астана, Алматы, Түркістан қалалары мен Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарына  саудалап, нәпақа табады.

– Біздің елде еңбектенген адамға барлық жағдай жасалған және кәсіптенуге мүмкіндік мол. Менің төрт түлігім де, бизнесім де, кәсібім де осы ағаштар. Алдағы уақытта мұның санын да, аумағын да кеңейтіп, көктерекпен бірге жеміс ағашын өсіріп, қоршаған ортаға қосар үлесімді еселей беремін, – дейді азамат.

Еркіннің бұл арманын жүзеге асыруға ауыл, аудан әкімдігі де қолынан келгенше көмектесуге дайын. «Көп түкірсе көл толады» дегендей, бұл еңбектің нәтижесін ертеңгі ұрпақ көреді.

Қажет АНДАС
Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Дәстүрдің цифрлық кеңеюі: Жетісу облысы Наурыз қорытындысын шығарды

Дәстүрдің цифрлық кеңеюі: Жетісу облысы Наурыз қорытындысын шығарды

25.03.2026
Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

25.03.2026
Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды

Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды

25.03.2026
Серік Сапиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Серік Сапиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

25.03.2026
Сақтық шаралары күшейтілді

Сақтық шаралары күшейтілді

25.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.