Талдықорған: +6°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Күнбағыстан майға дейін: Жетісуда өсімдік майын өндіру жолға қойылды

10.04.2024
ОН САУСАҚ
Күнбағыстан майға дейін: Жетісуда өсімдік майын өндіру жолға қойылды
WhatsAppTelegramFacebook

«Sarqan» маркалы сапалы өсімдік майы Жетісу мен еліміздің басқа өңірлеріне ғана жеткізіліп қоймай, Қытай мен Өзбекстанға да экспортталады. Соя мен күнбағыс майын, сондай-ақ күнжара шығаратын  кәсіпорын бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Десе де күнбағыстың майын тазарту және құю желісі биылғы жылдың наурыз айының соңында іске қосылды. Айта кетейік, өсімдік майын өндірудің шикізат өңдеуден бастап оралған дайын өнімге дейінгі тұтас циклін жолға қойған мұндай кәсіпорын өңірде жоқ, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазір майлы дәндерді өңдейтін кәсіпорынның өндірістік қуаты 100 тонна және тәулігіне 30-40 тонна май тазартуға қауқарлы. Дегенмен бұл істі жолға қойғанға дейін бірқатар жұмыстар атқарылды. 2019 жылдан бастап Сарқан ауданы мен Талдықорған қаласында екі зауытты іске қосу үшін «PCD Group» ЖШС инвестор компаниясы 4 млрд. теңгеге жуық жеке қаражатын салды. Қытайдан құрал-жабдықтар әкелініп, жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

— Біз қазан айында күнбағыс өңдеумен айналыстық. Бұған дейін соямен жұмыс істегенбіз. Наурыз айының соңынан бастап дайын өнімдерді, яғни жоғары сортты тазартылған күнбағыс майын шығара бастадық. Өңдеуге кіріскелі бері шамамен 80 тонна өнім өндірілді. «Сарқан Май» зауытында шикізатты қайта өңдеп, өсімдік майын шығарамыз, ал Талдықорғандағы екінші «Жетісу май» зауытында май қажетті тазарту сатыларынан өтеді, содан кейін өзіміз өндіретін 2 және 5 литрлік бөтелкелерге құямыз. Дайын өнімді әзірше Сарқан қаласында сатып жатырмыз, сондай-ақ Сарыөзек, Шеңгелді ауылдары мен Үшарал, Текелі қалаларына да жөнелтеміз. Біздің «Sarqan» күнбағыс майын «Фудмарт» дүкендерінен табуға болады. Қазір «Тоймарт», «Светофор» сауда желілерінің дүкендерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Майды тікелей біздің зауыттан да сатып алуға болады. Қазір көтерме бағада 5 литрлік майдың құны 2600 теңге, ал бөлшек саудада — 2750 теңге. Шикізат отандық болғандықтан құны төмен. Сондай-ақ біз өз өнімдерімізді цистернамен де, бөтелкедегі дайын түрінде де экспортқа шығарамыз. Әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалану үшін отандық өнімдерімізді көпшілікке таныту мақсатында жақында Инстаграмда @sarqan.kz парақшасын аштық, — деді «Сарқан Май» ЖШС зауытының директоры Дастан Тұраров.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, «Sarqan» маркалы өсімдік майы сапасы жағынан атақты брендтерден еш кем түспейді. Ескерте кетсек, жаңа өнім «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-да сертификаттаудан өтті.

— Қазіргі заманғы технологияларды қолданудың арқасында біздің майымыз премиум сапасына ие. Жалпы май тазартудан өтуі керек, оның қоспалардан, сапасы мен қасиеттерін төмендететін ілеспе заттардан тазартылуы өте маңызды. Май өндіру үшін шикізатты негізінен Сарқан ауданындағы жергілікті шаруашылықтардан, Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарындағы серіктестерімізден сатып аламыз. Шикізат жетіспей жатса, тіпті Ресейден де аламыз. Бұдан кейінгі даму жоспарлары туралы айтсам, зауыт толық қуатына жету үшін бірқатар проблемалық мәселелерді шешуіміз керек. Талдықорғандағы зауытқа газ жеткізуге жергілікті әкімдік қолдау көрсетіп, жұмысымызды жеделдетті. Енді рафинадтау үшін бізге жақын жерден жеткілікті мөлшерде су қажет, бірақ әзірге оны тасымалдауға тура келіп отыр. Ұңғыманы бұрғыласақ па деп едік, бірақ оған да қаражат қажет. Осыған байланысты жеңілдікті кредиттер немесе гранттар алуға, әсіресе шикізат сатып алу кезінде мемлекеттің қолдауына жүгінсек дейміз. Кадр мәселесі де өзекті. Кәсіпорынға тамақ өнеркәсібінің инженер-технологтары қажет. Екі зауытта 80-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз, орташа жалақылары — 150 мың теңге, — дейді «PCD Group» ЖШС атқарушы директоры Сатыбалды Шалқаров.

Кәсіпорын басшылығы Ауғанстанға өнім жеткізуді жолға қоюды жоспарлап отырғанын айтты, жақында іскерлік сапарға шықпақ. «Егер шикізат пен қажетті мемлекеттік қолдау болса, біз жоспарланған өндірістік қуатымызға шығып қана қоймай, одан әрі дами түсеміз. Болашақта «алқаптан тұтынушыға дейін» қағидаты бойынша берік тізбек құрғым келеді. Ең алдымен, жергілікті фермерлерден күнбағыстың барлық қажетті көлемін сатып алып, олардың өнімін өткізу мәселесін шешуге көмектессем деймін. Оған қоса, мақсатым — шикізатты өңдеп, сапалы отандық өнім шығару, халықты қолжетімді бағада отандық өніммен қамту, экспорт көлемін ұлғайту», — дейді С.Шалқаров.

Атап өтсек, биыл Жетісу облысында майлы дақылдар алқабы 90 мың гектар болмақ, оның ішінде 14 мың гектарға жуығы – күнбағыс, осы көлемнің 7880 гектардан астамы Сарқан ауданында өсіріледі.

Фотосуреттерді «PCD Group» ЖШС ұсынды.

Қатысты жаңалықтар

Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымды дамытуға 2,4 млрд теңге бөлінеді

Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымды дамытуға 2,4 млрд теңге бөлінеді

25.03.2026
Бүгін – Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

Бүгін – Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

25.03.2026
Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

25.03.2026
Дәстүрдің цифрлық кеңеюі: Жетісу облысы Наурыз қорытындысын шығарды

Дәстүрдің цифрлық кеңеюі: Жетісу облысы Наурыз қорытындысын шығарды

25.03.2026
Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

25.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.