Талдықорған: +13°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

«МАЛМЕН КӨЗІМІЗДІ АШТЫҚ»: БЕРЕКЕСІ ТАСЫҒАН ШОПАНДАР ӘУЛЕТІ

02.02.2020
ОН САУСАҚ
"МАЛМЕН КӨЗІМІЗДІ АШТЫҚ": БЕРЕКЕСІ ТАСЫҒАН ШОПАНДАР ӘУЛЕТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ол малдың жайын бұрыннан жақсы білетін. Себебі, кезінде әкесі ұзақ жыл кеңшардың қойын бақты. Сондықтан, шопанның балалары да төрт түліктің ыңғайын біліп өсті. Өкінішке қарай, әкесі Жолдас Нұрымбайұлы өмірден ерте кетті. Оның жолын ұлдары жалғастырып, Серік Жолдасұлы әкеден қалған малдың тұяғын кемітпеу үшін еңбектенді.

Аудан орталығындағы кәсіптік-техникалық училищені 1987 жылы аяқтап, сол жылдың күзінде әскерге аттанды. Екі жылдық әскери борышын атқарып келген соң туған жері Жаңақұрылыс ауылындағы кең­шарда жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеді. Тоқсаныншы жылдың басында колхоз таратылғаннан кейін әртүрлі шаруамен айналыса жүріп, қолындағы малының басын сақтауды мақсат етті.

Сол кездегі экономикалық қиындықтар оған да оңай соқпады. Жатпай-тұрмай еңбектенудің арқасында жағдайын бірте-бірте түзеді. Бастапқыдағы жүз қаралы қой уақыт өте өз төлі есебінен еселеп өсе бастады. Мал саны артқан сайын оны күтіп-бағу жұмысы да күрделене түсті. Алдына салған түліктің төлдеп-өскенінен оған деген қызығушылығы артты. Жылдан-жылға көбейген сайын тынбай әрекет етті. Қора-жайын кеңейтіп, жаңа өріс іздеді.

Мал соңындағы адамның ерте тұрып, кеш жататыны бесенеден белгілі. Озат шопанның баласы да сөйтті. Жыл он екі ай бойы тынымсыз тірлік қылды. Бұл істе оған әкеден көрген-түйгені көп көмектесті.

Еңбек адамының балалары да ата-анасына қарап бой түзейді емес пе? Жастайынан шаруаның бір жағына шығысып ержеткен Серік те еңбекқор болды. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. Демек, қаншалықты еңбектенсең соған қарай табысың да артатыны сөзсіз. Төккен ащы терінің тәтті дәмін тату біздің кейіпкерімізді ынталандырып, одан сайын қызықтыра түсті. Ой-арманын оятып, соған жету жолындағы ізденістерін тудырды. Ақыры атакәсіпке түбегейлі бет бұрды. Осылайша 2009 жылы «Мұрынбай» шаруа қожалығын құрды.

Бұл қожалық қазақтың биязы жүнді қойын өсіреді. Мал тұқымын асылдандыру мақсатында 2013 жылдан бастап Мыңбаев ауылындағы Қазақ Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен бірігіп жұмыс істеді. Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Мұхамеджан Мұстахметовпен бірге жылдар бойы жүргізілген ғылыми-тәжірибелік жұмыстың нәтижесінде асыл тұқымды шаруа қожалығы мәртебесін алды. Оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Қойды асылдандыру жұмыстары үшін әрбір саулыққа 1500 теңгеден демеуқаржы төленді. Сол жылдары мемлекеттің бюджеттік бағдарламасы бойынша «Мұрынбай» шаруа қожалығына үкіметтен үш миллион теңгеден астам субсидия бөлінді.

Мемлекеттен мұндай қол­дау көргенге дейін Серік жа­нар­май таситын көліктің жүргізушісі болып еңбек етті. Өйт­кені шаруашылық жұмысы аяқтан тұрып кеткенше, оған келіп тұратын қосымша табыс қажет болды. Қожалық жолға қойылып, дамуға бет алғаннан кейін жанармай көлігін жүргізуді інісіне тапсырды.

Меншігіндегі қойдың жалпы саны қазір бес мыңның төңірегінде. Оның ішінде саулық басы үш мыңнан асты, қалғаны тоқты. Қой отар-отарға бөліп бағылады. Мұның сыртында жүзден астам ірі қара мен үш жүздей жылқысы және бар. Өткен жылы әр саулық үшін 2500 теңгеден субсидия төленді, яғни 3200 аналық басқа 8 млн.теңге алды. Төңіректегі мал иелерінің сұранысына қарай асыл тұқымды 800 қошқарды өзге шаруаларға жалға берді.

Шаруашылықтың негізгі бағыты биязы жүнді қой өсіру болғандықтан жүн өткізу басты мәселе болып тұр. Өкінішке қарай, бүгінде бұл аймақта жүн өңдейтін зауыт жұмыс істемейді. Тараз қаласында жүн өңдеу фабрикасы болғанымен ол көп мөлшерде қабылдай алмайды. Әйтпесе сапалы биязы жүн жыл сайын өндіріліп жатыр. Кейбір жүн жинаушылар оны Қытайға сатып жібереді. Ал ондағылар болса өңдеп, оны өзімізге қымбат бағамен қайта сатады. Жүнге субсидия төленетіні едәуір көмек болып тұр. Қожалық өткен жылы өткізілген әр келі жүн үшін 150 теңгеден демеуқаржы алды. Жоғары сапалы биязы жүннің келісін 500 теңгеден тапсырды.

Өткен жыл да табыссыз болған жоқ. Алдына төрт түлік салған малшы қауымының тірлігі табиғатпен етене екені әуел бастан белгілі. Шүкір, ауа райы аса қолайсыздық таныта қоймады. Соның арқасында малы қоңын түсірген жоқ. Саны өз төлі есебінен өсе түсті. Соған сай одан түсетін табыс та артты. Көктемде 2400 бас саулықтан 2700 қозы өргізіп, әр жүз аналықтан 120-дан төл алды. Жалпы қойдан 18 тонна жүн қырқылды. Жазда жылдағы дәстүрмен малын Сарыжазық жайлауына шығарды. Таудың салқын ауасымен тыныстап, тұнық суын ішіп, шүйгін шөбімен қоректенген төрт түлік күздеуге жүні жылтырап, сүбесі қалыңдап түсті. Мал жайлауда жүргенде биылғы қысқа қажетті жемшөпті жеткілікті мөлшерде дайындап алды. Жұмысшыларын шөп шабуға жұмылдырып, науқанды ұйымшылдықпен атқарды. Нәтижесінде қырық мыңдай дана тайланған шөп жиналып, 70 тоннадай арпа қамбаға құйылды.

Қожалық шаруаға қажетті тех­никамен қамтамасыз етілген. Қарамағында жүк көліктері, жаңа екі трактор, шөп шабатын, жинайтын, әртүрлі қалыпта буып-түйетін агрегаттар бар. Негізгі бағыты мал өсіру болғанымен егін шаруашылығымен де айналысады. Мал азығы үшін жемшөпті өздері дайындайды. Осы мақсатта 22 гектар суармалы жері, 240 гектар егіндік, 6 мың гектардан астам жайылымы бар.

Қазіргі кезде кәсіпкердің негізгі малы Жартасты жеріндегі Үшқұдық қыстауында. Сондағы қашарды бірнеше жыл бұрын жайлы етіп салдырған. Малшыларға қажетті жағдайын жасап, отын-суын уақытылы жеткізіп тұрады. Қойларының күйі жақсы, жемшөбі жеткілікті. Ауа райының қолайлы күндері, қардың қалың-жұқалығына байланысты бір мезгіл жайылымға шығарылады. Шопан ата түлігінің күні бойы қолға қарап тұрмай өз аяғымен өріске жайылуы жемшөпке айтарлықтай үнем. Малдың қоңын түсірмей, қажет болса құнарлы жемшөпті алдынан үзбеуге баса мән берілген. Қыстауға баратын жол ашық. Жол талғамайтын жүрдек көлігімен ауыл мен қыстау арасына күн сайын қатынай алады.

Кәсіпкердің жұмысшылары да шетінен өзі сияқты еңбекқор. Қойшының ақ таяғын ұстаған аға шопандар Бекберген Әбиев, Еркін Молдақожаев, басқарушы-механик Болат Әпетаев пен көмекшісі Талғат Базарбаев, механизатор-комбайншы Рауан Бекбергенұлы сияқты дала еңбеккерлері қожалықта тұрақты жұмыс істеп, отбасы несібелерін теріп жүр.

Серік Нұрымбаевтың атакәсіпті дамыту жолындағы еңбегі еленіп, аудан, облыс көлемінде аталуда. Облыс орталығында өт­кен ауылшаруашылығы қызметкерлерінің жиынында өңір басшысының қолынан марапатқа ие болды. Ауылшаруашылығын өркендетудегі үздік көрсеткіштері үшін әр жылдары екінші, үшінші дәрежелі диплом мен ақшалай сыйлықтар берілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің Құрмет грамотасын алды. Қорасынан мың-мыңдап қой өргізген азаматтың қожалығы ауданда алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі. Оның бүгінгі талапқа сай сапалы мал өнімдерін өндіру ісіне қосып отырған қомақты үлесі – еңбектің нәтижесі. Бизнесін дөңгелентіп отырған жанның ой-арманы ізгі, алдына қойған мақсаты бұдан да биік. Қойдың сапасын көтерді, ендігі бір көздегені – ірі қара тұқымын асылдандыру.

Серік Жолдасұлы мен жан жары Анар Абдуллаева екеуінің үш баласы бар. Ұлдары Айбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітіріп, білімін одан әрі тереңдету үшін магистратурада оқып жүр. Қыздары Айнұр аудан орталығындағы Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектепті өте жақсы бағаға бітіріп, «Алтын белгіні» Талдықорғанда салтанатты жағдайда облыс әкімінің қолынан алған болатын. Бүгінде ол да осы Қазақ Ұлттық университетінде 4-курс студенті, болашақта ағылшын тілінің маманы болмақшы. Ал «Өзім­нің жекеменшік қызым» деп әкесі ерекше еркелететін кенжесі Балнұр 9-сынып оқушысы. Ол да ағасы мен әпкесі білім алған мектепте оқиды.

— Малмен көзін ашқан қазақтың бір қара баласымын. Шаруа адамдары болған әке-шешеміздің өнегесін көріп, еңбекпен есейдік. Олардан алған тәлімді бүгінде өз ұрпағымның бойына сіңірсем деймін. Әкеміз Жолдас пен анамыз Сарахан отбасында төрт бала – екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Қолымнан келгенше шаруамды ширатып келемін. Азды-көпті нәтижеге қол жеткізсем, ол – атакәсіптің жарасымды жалғасқаны деп білемін. Ұрпақтар сабақтастығына қосқан титтей үлесім болса, соған қуанамын. Кейінгі ұрпақ ұлттық дәстүріміздің қайнарынан қанып ішсе екен деймін. Мал шаруашылығымен айналысқаныма да жиырма жылдай болыпты. Кез келген салада адамға ең алдымен еңбектену қажет қой. Бүгінгідей биікке жеткенім еңбек десек, бір жағынан өз ісімді жан-тәніммен жақсы көргендігімнен де шығар. Адамның сүйікті ісімен шұғылданғаны жақсы ғой. Мал асылдандыру ісі маған құт-берекенің жолы болды. Қара шаңыраққа ие болып отырған інім Асылбек менің жұмысыма көп көмектесті. Бізден кейін ісімізді балаларымыз жалғастырып әкетеді деген ойдамыз. Оларға үлкен сенім артамыз. Өткен жылға өкпем жоқ. Лайым, есіктен енген жаңа жыл ырыс-берекесін молынан берсе екен, — дейді еңбек адамы.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жаңақұрылыс ауылы,

Жамбыл ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

26.03.2026
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.