Талдықорған: +20°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

МІНЕ, ҚЫЗЫҚ! КЕГЕНДІК КӘСІПКЕР ТОПЫРАҚСЫЗ АРПА ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

24.01.2021
ОН САУСАҚ
МІНЕ, ҚЫЗЫҚ! КЕГЕНДІК КӘСІПКЕР ТОПЫРАҚСЫЗ АРПА ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауылында тұратын жоғары білімді, білікті азамат, өңіріне танымал кәсіпкер Нәби Рысбеков былтыр қараша айынан бастап көпшілікті таң қалдырған бір істі қолға алды. Ол бордақыланған ірі қара үшін арпа өсірудің ерекше әдісін қолданып отыр. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

Алдымен мал бордақылап, семіртумен бұрыннан айналысып жүрген жандарды іздестірді. Бұл орайда ғылыми тұжырымдамаларын жасаған ғалымдардың еңбектеріне ден қойды. Қажетті кітаптарды ақтарды. Интернетке үңілді.

Сөйтіп, гидропоника әдісімен арпа өсіруді қолға алды. Гидропоника — өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісі. Гректің су және жұмыс деген сөзінен шыққан.

– Осынау қолайлы әдіске көңілімнің ауғаны соншалық, екі қабатты үйімнің жоғары қабатын гидропоника әдісімен арпа өсіруге арнадым. Ұзындығы үш метр, ені 1 метр болатын қаңылтыр жәшікке бірінен-біріне су ағып тұратын 5 сатылы бірнеше орын жасадым. Мұның жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін ескере отырып, бөлменің жылылығы мен жарығына назар аударып, жұмыс жүргіздім. Арпаны тиісті мөлшерде суарып отыруда, тамырларын қоректендіруде зайыбым Зинаның еңбегі зор болды. Қазір бұл әдіске, игі шаруаға төселдік десем, артық айтпаймын, – дейді кәсіпкер, еңбекқор азамат Нәби Рысбеков.

«Жақсыны көрмекке» деп Нәби ағамыздың үйінде болдым. Былтыр бұзау-тана кезінде әрқайсысын 140 мың теңгеден 16 бұқа сатып алыпты. Ауласындағы мал азығын сақтайтын еңселі мекенжайының қасынан мал бордақылайтын алаң жасапты. Ірі қара тұратын жердің асты тақтай. Алдына жем-шөп салатын ақыр жасалған. Ашық жерден азықтандырып, суарып тұрады.

Біз келгенде Нәби аға көмекші ұлы Алмас екеуі ірі қараларды суарып жатты. Сатып алған таналарды 11 қарашадан бастап бордақылай бастапты. Қазіргі жағдайы жақсы. Бойлары өсіп, жақсы жетіліпті. Шеттерінен семіріп келе жатқаны байқалады.

– Осыдан екі апта бұрын кішірегін сойып алдық. Жақсы шықты. 150 келіге дейін сапалы, аса дәмді ет берді. Арпаның көк балаусасымен азықтандырылған малдың етінде адам ағзасына қажетті дәрумендер мол болады. Сол үшін де етті сатып алушылар аз болған жоқ. Мұның бәрі шөпті, жемді ұнтақтап берудің, арпаның көк балаусасымен азықтандырудың жемісі. Біздің жекелеген асханаларға да қызметіміз әзір, – дейді Нәби.

Кәсіпкер азаматтың мал азығына арналған жабық, еңселі мекенжайының ішіне шөп пен жемді ұнтақтап беретін арнайы қондырғы орнатылыпты. Нәби күзде 2 тонна жүгері, 2 тонна арпа, қажетті шөп дайындап алыпты.

– 1 келі арпаның дәнінен 5-6 келі көк балауса әзірленеді. Бордақыда тұрған малдарымыз күн сайын 40 келі көк балауса жейді. Гидропоника әдісімен арпа өсірудің,  тынымсыз еңбегіміздің арқасында жұмысымыз жемісін беруде. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық даналығы осы, – дейді Нәби Рысбеков күлімсірей тіл қатып.

Енді кейіпкеріміз туралы мөлтек сыр. Кеген ауданындағы Қарқара топырағында туған. Қарқара орта мектебінің түлегі. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын Нәби ағамыз жыр да жазады. Қазақтың маңдайалды ақындарының бірі, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтен бата алған. Қадыр ақынның алғысөзімен «Зулайды өмір, зулайды» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрген. Кеген аудандық «Коммунизм нұры» газетінде тілші, радиохабарларын тарату бөлімінде еңбек еткен. Ауданның архивін құрып, негізін қалап, бірсыпыра жыл басшылық еткен. Қарқара экологиялық бекетінде де жұмыс істеді.

Жалпы, мынау өмірде көрген қиындығы көп. Соның бәрін мойымай көтеріп, ауыртпалықтарын жеңіп, ауқатты, әлеуетті жағдайға жетті. 1993 жылдардан саудамен айналысып, 2006 жылы «Дако» атты сауда орталығын ашты.

Өмірлік серігі Зина Қамбарбекова – ұлағатты ұстаз. ҚР Білім беру ісінің үздігі. Тарих, құқық пәндері бойынша аудандағы тірек кабинетінің жетекшісі болған Зина бүгінде зейнет демалысында. Алмастай ұлдары, Нұргүл, Дәриға атты қыздары бар. Бәрі жоғары білімді. Нұргүл сауда жағына жетекшілік жасап келеді.

Іскер, еңбекқор азамат  шаруасын одан әрі кеңейтуді көздеп отыр. Жер алып, арпа өсіргісі келеді. Мал бордақылау алаңын ұлғайтуды жөн көруде. Сонда ғана бастаған ісінің тынысы ашылып, берері мен берекесінің арта түсетіне сенеді. Нәбидің ісіне ауылдық, аудандық әкімдіктегі басшы азаматтар қолдау көрсетеді деген ойдамыз.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Кеген ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026
Ағаштан түйін түйген

Ағаштан түйін түйген

29.03.2026
Бабамның көзі, тарихтың сөзі

Бабамның көзі, тарихтың сөзі

29.03.2026
Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

28.03.2026
Өртке қарсы дайындық күшейтілді

Өртке қарсы дайындық күшейтілді

28.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.