Сондықтан, жұртшылық негізінен сапалы материал алуға тырысады. Осыны жақсы білетін Мұратхан Ерболғанов өзінің жеке тұтынушылық тәжірибесін табысты кәсіпкерлік жобаға айналдыра білді. Сөйтіп, ойын жетілдіріп, құрылыс өнімдерін сататын «Mr Market» деп аталатын жеке дүкенін ашты. Оның мұндай іспен шұғылдануына әсер еткен бір себеп бар. Ол құрылыс бұйымдарын сатып алу кезінде өнім тапшылығы мен сапасыздығына бірнеше мәрте жолығуы. Сондықтан ол алдымен сапаға, сосын өнім түрлерін көбейтуге басымдық берді. Нәтижесінде сатып алушылар құрылыс бұйымдарын таңдау мүмкіндігіне ие болды.
Өз ойын іске асыру үшін кәсіпкер шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланды. Бүгінде «Mr Market» дүкені Талдықорған қаласындағы нарықта 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде құрылыс материалдарын сатып алушылар арасында танымал брендке айнала білді. Кейіннен тауар түрлерін кеңейту, сапасын арттыру, нарықтағы орнын нығайту мақсатында кәсіпкер айналым қаражатын толықтыру қажет деп шешті. Сөйтіп, несиеге қол жеткізуді көздеп, «Банк ЦентрКредит» АҚ-дан қолдау сұрады. «Ішкі сауда субъектілерін қолдау» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қоры несие бойынша пайыздық мөлшерлемені 9,5%-ға дейін субсидиялады.
Бұл дүкендегі тауарды көбейтіп, сатып алушылардың қажеттілігін өтеуге мүмкіндік туғызды. Талдықорған қаласында орналасқан «Mr Market» дүкені ауласында қоймалар мен гараждар бар. Жалпы сауда алаңы 2116,7 шаршы метрді құрайтын әмбебап сауда үйінде қазір сантехникалық керек-жарақтар мен жуынатын бөлме жиһаздары, есіктер мен оған қажет тұтқа, ілмек сияқты жабдықтар, құрылыс материалдары, небір бояу түрлері мен оның аппараттары саудаланады. Бүгінде бұл орталық жетекші құрылыс дүкендерінің қатарында.
Айгүл Байжұмақызы





