Азық-түлікке деген сұраныс жоғары. Мұндай өнім өндірушілер жыл сайын көбейіп келеді. Бүгінде нарықта тағамға қажетті пластик ыдыстың әр түрі бар. Ол өнімді сыртқы әсерден қорғайды.
Пластикалық қаптама басқа өндірушілерге қарағанда бренд үшін бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз етеді. Сатып алушылар әдетте жоғары сапалы және эстетикалық орамасы бар тауарларға мән береді. Көбіне мұндай қаптамада өнім туралы ақпараттан басқа корпоративтік сәйкестіктің кейбір элементтері болады.
BIOS FLEXO компаниясы 2004 жылы құрылған және Қазақстан нарығында басып шығару, өнімдерді орап, қаптау саласында он жеті жылдан аса табысты жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты полиэтилен, иілгіш қаптама материалдары мен жапсырмалар өндіру.
Компанияда нан, шай, кофе, кондитерлік, гигиеналық және мұздатылған өнімдерді орауға қажетті қаптамалар өндіріледі. Сонымен қатар, компания полиэтилен пленкаларын және су мен сусындарға, сүт пен қоюландырылған сүтке, сондай-ақ, сары майға арналған жапсырмаларды басып шығарады. Бұған қоса, компания ламинаттауды, орамдарды немесе қаптамаларды ерітуді жүзеге асырады. Біріктірілген өндіріс қазақстандық өндірушілердің заманауи икемді қаптамалар саласындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылды.
Кәсіпорындағы әртүрлі салаға арналған пленка материалдарының ауқымы кең. Компания басшысы Эглит Николайдың айтуынша, өндірісте толық технологиялық тізбектің болуы, дизайнды әзірлеуден бастап дайын өнімді қоймадан сатып алушыға жеткізуге дейін, сондай-ақ өндірістің әр кезеңіндегі технологиялық параметрлерді тұрақты бақылау арқылы өнімдердің тұрақты сапасына кепілдік береді.
Компания «Банк ЦентрКредит» АҚ-дан инвестицияға (жылжымайтын мүлік сатып алуға) жылдық 14 пайызбен несие алды. Жоба «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында субсидияланды. Қазір кәсіпорын үшін несие мөлшері 6 пайызды құрайды. «Даму» қоры да кепілдік беріп, жобаға қолдау көрсетті.
BIOS FLEXO компаниясының барлық қызметі тұтынушылардың өндірістік мәселелерін шешуге, іскерлікке кәсіби және саналы көзқарас пен өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған.
А. Байбосынова
Іле ауданы





