Талдықорған: +10°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

САРЫЖАЗДЫҢ ЖЕРІ ҚҰТТЫ, ЕЛІ ЕҢБЕККЕР

30.09.2020
ОН САУСАҚ
САРЫЖАЗДЫҢ ЖЕРІ ҚҰТТЫ, ЕЛІ ЕҢБЕККЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Жер жаннаты Жетісудың төрі саналатын Аспантаулар өлкесіне, Райымбек ауданына да күз келді. Жүзін күн сүйген диқан қауымының қамбалары картоп пен алтын дәнге тола түсетін шақ. Қысқа қамданған ел-жұрт үшін шын мәнінде мазасыз маусым. Рас, бұл ай баспасөзге жазылу ісінің де бастау алатын тұсы. Сондықтан іргелі өңірлердегі оқырманымыздың ортасында болып, ауылдардың тыныс-тіршілігін білуді жөн көрдік. 

Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылдық округі таулы өлкедегі ең үлкен округ болып саналады. Шын мәнінде іргелі, үлгілі ауылдардың бірі. Сарыжаз, Көмірші, Ақбейіт секілді үш ауылдан құралатын округте 5078 адам тұрады. Мыңға тарта отбасы бар. Сарыжаз Райымбек ауданына кіретін күрежолдың бойына қоныс тепкен ауыл. Ауданға келетін қонақтардың да алғаш көретін ауылы осы. Бұл өңір ежелден қарсауыт. Қар қалың түседі. Жаз кезінде Лабасының басына бұлт үйіріліп жатса, өздеріне ғана жауып тұратын жаңбырлары да жоқ емес. Сондықтан жері құтты, ырысты, тынысты. Мұндағы ел-жұрт тауларының кең көсілген қапталынан мал азығына керекті шөпті жинап алып жатады. Суармалы жері де мол. Медет Азанбаев атты азамат ауылдық округтің әкімі болып жап-жақсы жұмыс істеп келеді. Осы ауылдың бір түлегі. Аудан қайта қалпына келген жылдары ауыл әкімі болып сайланып, бойындағы білімін, күш-жігерін туған өңірінің өркендеуіне қосуда. Үлкен округ аумағында бұл күнде 156 «Алтын» және «Күміс» алқалы ардақты ана, 490 зейнеткер, жиырмаға тарта тыл ардагері тұрады. Үш ауылда 2 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп бар. Ақбейіт ауылында Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі жұмыс істейді. Бұл, шын мәнінде, ауыл мен аудан үшін үлкен мәртебе. Аудандық мәслихаттың депутаты, білімді де атпал азамат Самат Мүсірбаев басқаратын колледж ауылшаруашылығына қажетті мамандар даярлауда. Ондағы ұстаздар мен мамандар қашықтан оқытудың да қажетті курсынан өтіпті. Өңірде шын мәнінде халыққа қажетті, елге қызметін көрсетіп отырған барлық орын жұмыс істейді. Округтегі үш мектеп, 1 колледжді қосқанда 800-ден аса оқушыға 137 ұстаз дәріс беруде.
Ауылдың жақсылығын айта отырайық. Соңғы жылдары Сарыжаздан 600 балалық заманауи, сәулеті келісті де келбетті жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Мұндағы спорт залын, мәжіліс залын, кітапханасын, асханасын көріп шын мәнінде қуанасың, риза боласың. Айдос Иманбаев бастаған мектеп ұжымының облыстық  «Жетісу» газетіне деген ықыласы биыл да арта түспесе, кемімейді деп ойлаймыз. Ауыл орталығынан емхана да жаңадан салынып, 2017 жылы пайдалануға берілген. Жылы да жайлы мекенжай қазір елдің игілігі. Емханада Ләйла Абдуллаева меңгеруші болып еңбек етеді. Ақ халатты абзал жандар да алдағы жылы төл басылымынан сырт қалмайтыны анық. Бұл ауылда көп жылдан халықтың түйінді мәселесі болып келген ауызсудың да жайы жақсы. Толығымен шешілген. Әр шаңырақ таза ауызсуға қол жеткізді. 
 Биылғы жылдың шапағаты қалай болуда? Шаруашылықтар тарағаннан кейін бос тұрған балалар бақшасының ғимаратына  күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта 140 балапан алаңсыз жайлы мекенжайда мектеп алдындағы тәрбиесін алмақ. Бұл керемет жақсылық қой! Екі қабатты балалар бақшасында жүргізіліп жатқан жұмыстарды көзімізбен көрдік. Шатыры ауыстырылып, сыртқы қоршаулары да жасалған. Ішкі жағындағы негізгі бұрыштары, бағандарына жер сілкінісінен қауіпсіздігін арттыру мақсатында темірмен құрсаулау жұмыстары жүргізіліпті. Учаскенің мастері әрі бригадирі Құндызай Жалинованың айтуынша, мұнда қазір 15 құрылысшы мен маман жұмыс істеуде. Күрделі құрылыс жұмыстарын «Еңбек» ЖШС жүргізіп жатыр. Осы күз маусымында толықтай бітіріп, пайдалануға береміз деп отыр.  Жергілікті жерден де жұмысқа адамдар тартылыпты. Жалпы, жөндеу жұмысына жергілікті бюджеттен 275 миллион теңге қаражат бөлінген. Біз балаларға базарлық сыйлағалы отырған құрылысшылардың қолдары қуатты болсын дедік.
Рас, өз тұсындағы шаруашылық кезінде трактор техникаларына арналған орталықтары болды. Сондай жерден үстіне арнайы киімін киген, тіпті жүздеріне қара май да жағылып қалатын темір жонушы болып істейтін ағаларымызды көруші едік. Сарыжаз ауылынан тура сондай ағамыздың бірін кездестіріп, қуанып қалдық. Токарь, темір жонушы деген мамандық иелері қазір ұшыраса бермейді. Дәл осы салада 45 жыл жұмыс істеп келе жатқан, зейнет жасындағы Қайрат Алакөзовтей ағамыз Кеген, Райымбек аудандарының халқына әлі де қызмет көрсетіп келеді. Науқанды жұмыс кезінде трактор, комбайн, ауылшаруашылығы техникаларының сынып қалған қажетті дүниелерін темірден жонып беріп, қолдарына ұстатып жатады. Сөйтіп, елден алып жүрген алғысы мол. 
Биылғы жыл Сарыжаз ауылы тұрғындарының қуаныштары еселенген жыл десек, артық айтпаймыз. Ауылда 8,4 шақырымды құрайтын 9 көше жасалып жатыр. Ауыл әкімі Медет Дүйсенбекұлының бастауымен оның денін көзімізбен көріп шықтық. Жолдардың үстіне құм-тас төселіп, тегістеліпті. Тіпті, соңғы аптаға дейін 3 көшенің жолы асфальтталған. Өңір тұрғындары үшін бұл да үлкен жақсылықтың нышаны. Қажетті жердегі көпірлердің ауыстырылып жатқанына да куә болдық.  Жол жөндеуде эксковатор жүргізуші механизатор Еламан Алғазы-ұлының еңбегінің ерен екенін көрдік. Үлкен жүктің бірін осы азамат көтеруде. «Текес строй» ЖШС жүргізіп жатқан жол жөндеуде 15 адам еңбек етуде. Бұл жұмысқа да жергілікті бюджеттен 234 миллион теңге қарастырылған. Жол жасаушылардың да жұмысына сәттілік тіледік.  
Ең маңызды, ең басты салалардың бірі – ауылшаруашылығының жайы жаман емес. Бұл тұрғыда Сарыжаз ауылдық әкімдігінің бас маманы Сайлау Жетпісбаев жап-жақсы дүниелерді алдымызға тартты. Биыл көктемде себілген 736 гектар арпаның, 500 гектар картоптың, 25 гектар көкөністің жайы жақсы. Арпаға жақында орақ түседі. Жеңіс Әбділдаев, Айдос Сыпатаев, Азамат Үсенов, Жамбыл Ыбыжанов бастаған шаруа қожалықтары жап-жақсы дән мен төрт түлік мал өсіріп, игіліктеріне жаратып, шаруаларын шалқыта түсуде. Жалпы, округте 6638 бас ірі қара, 29886 бас қой-ешкі, 4478 бас жылқы өсірілуде. 249 шаруа қожалығы жұмыс істеуде. Ернат Қасымов, Дәурен Әтейбеков, Марат Оспанов секілді азаматтар былтырдан бері қажетті несие алып, мал өсіруде. Азамат Үсенов басқаратын «Лабасы» кооперативі жаңадан трактор, ауылшаруашылығына қажетті техникаларын сатып алып, жағдайларын жақсартып келеді. 
Соңғы төрт жылдан бері өңірде жап-жақсы қырыққабат өсірілуде. Бұл қуантарлық жағдай. Алматы қаласында тұратын  Зәуре Қабиевадай жеке кәсіпкер ана ауылдың тау жағынан «Ақ ниет» шаруа қожалығының жерін иелігіне жалға алып, 7 гектарға қырыққабат өсіруде. Қырыққабаттың төрт түрі өсірілген кең алқапты асықпай араладық. Алды жемісін беріп тұрған қырыққабаттар қызықтырмай қоймайды. Суды көп қажет ететін көкөніс қой. Мұнда су жақсы келеді екен. Қырыққабатты уақытылы суарып, қамқорлығына алған жігіттер өз істерін жақсы біледі. Қаз-қатар өсіріліп тасталған қырыққабаттың аралығы арамшөптен ада. Жақсы өнім беретініне көз жетіп, көңіл сеніп тұр. 
– Шүкір, биыл 20757 тонна мал азығын дайындау жоспарланған. Соңғы апталарға дейін 18 мың тонна шөп дайындалып, қора жайлардың жанына, қыстауларға жеткізілді. Жайлаудың төрінде 69 малшымыз болды.  Олар енді күздеуге түсе бастайды. 2636 гектар көпжылдық шөп алқаптарынан мал азығы дайындалды. Балалар бөбекжайы күрделі жөндеуден өткізіліп, ауыл ішіндегі жолдарымыз қалыпқа келіп, ел қуанышы еселене түсуде. Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы бізді жақсы істерге жігерлендіріп, сындарлы сәттерге бекем болуға жетелеп отыр, – дейді Сарыжаз ауылдық округінің әкімі Медет Азанбаев.
Жері құтты, елі ынтымақ-бірлікті әрі тірлікті Сарыжаз өңірінің бүгінгі жай-күйі осындай. Халықтың жағдайы жыл өткен сайын жақсара түсетініне де сенім нық. Ынтымақ-бірлігі, берекелі тірлігі жарасым тапқан жерге ырыс қонады. Біз соған сеніп аттандық.

Қанат БІРЖАНСАЛ
Райымбек ауданы

Қатысты жаңалықтар

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

26.03.2026
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.