Талдықорған: 0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Табиғи сүттен – сапалы ірімшік

09.09.2025
ОН САУСАҚ
Табиғи сүттен – сапалы ірімшік
WhatsAppTelegramFacebook

«Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылар аз уақыт ішінде істі бастап, оны одан әрі дамытуға болатынын айтты.

Кербұлақ ауданынан келген Татьяна Юрчук бір жыл ішінде табиғи сүт өнімдерін өндіріп қана қоймай, жобаның жартылай финалына шығып та үлгерді. Татьяна Қонаев қаласынан Аралтөбе ауылына көшіп келген. Бұл ол үшін өмірінің жаңа кезеңі болды. Кәсіпкер бұрын сұлулық салонында жұмыс істеген. Кейіннен өзін басқа салада сынап көруді жөн санап, табиғи өнімдер өндіруге кірісті. Ғаламтор кеңістігінен сүттен ірімшік әзірлеудің әдіс-тәсілімен танысып, қыр-сырын үйренді.

Бұдан соң осы салада білімін тереңдетуді ойлап, Астанаға барды. Сол қаладан ірімшік жасауды оқып, кәсіби дағдысын тереңдетуге мүмкіндік алды. Нәтижесі көңіл қуантады. Өйткені, оның өнімдері бүгінде Жетісу облысында ғана емес, сондай-ақ, Қонаев пен Алматы қалаларында да танымал әрі үлкен сұранысқа ие. Қазіргі таңда қатты және жұмсақ ірімшіктің лабне, белпер кнолле, фета, адыгей сияқты он екі түрі бар.

Сонымен бірге, сүзбе, қаймақ және май шығарады. Кәсіпкердің басты қағидасы – табиғи сүттен сапалы өнім шығару. Барлық өнім тек жергілікті сүттен жасалады. Ол сонысымен де ерекше әрі дәмі мен балғындығы және пайдасымен де тұтынушыларын баурай алады.

– «Бір ауыл – бір өнім» жобасы кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айқын көрсетеді. Сондықтан, мұндай бастамаларды қолдау маңызды. Өйткені ол басқа да азаматтарды шабыттандырып, аймақ экономикасының өркендеуіне үлес қосады. Біз өз ісін дамытып, алға жылжытқысы келетін азаматтарға қолдау көрсетеміз, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысу Татьяна үшін нағыз дебют болды. Өйткені, ол таныстарының жоқтығына, осындай байқауларға қатысу тәжірибесінің аздығына қарамастан іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, үздік ондыққа кірді.

– Бәрі қызық болды. Себебі, мен бұл жерде ешкімді танымадым. Соған қарамастан алға қарай талпындым. Жоба маған үлкен серпін берді. Жартылай финалға шығу дұрыс бағытта келе жатқанымды аңғартты. Ал менің өнімдерім шынымен жоғары сұранысқа ие, – дейді Татьяна Юрчук.

Кәсіпкердің алдағы күндеріне деген сенімі жоғары. Енді ол өнім түрлерін көбейтіп, өндірісін ұлғайтуды және жаңа жұмыс орындарын құруды ойлап отыр.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

 

Қатысты жаңалықтар

Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау күшеймек

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

07.02.2026
Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026
«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.