Талдықорған: +10°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ТАЛҒАРДА КӨЛІК ЖУАТЫН ОРТАЛЫҚТЫҢ ИЕСІ КӨПКЕ КӨМЕГІН ТИГІЗІП ЖҮР

25.07.2021
ОН САУСАҚ
ТАЛҒАРДА КӨЛІК ЖУАТЫН ОРТАЛЫҚТЫҢ ИЕСІ КӨПКЕ КӨМЕГІН ТИГІЗІП ЖҮР
WhatsAppTelegramFacebook

Ерінбей еңбектеніп, қарекет жасаған жанның ырыздығы артпаса кемімек емес. Еліміз тәуелсіздігін алған 30 жылдың ішінде кәсіпкерлікке кең жол ашылып, нәсібін жеке кәсібінен тауып жүргендер қатары еселеп арта түскені ақиқат. Әсіресе, шағын және орта бизнесті дамытуда нәзікжанды әйелдердің де үлес салмағы артып, әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына сүбелі еңбек сіңіруде. Солардың бірі, Кеңдала ауылына қарасты «Гонконг» көлік жуу орталығына иелік ететін жеке кәсіпкер Дина Серікбаева дер едік.

Кәсіптің кілтін тауып, көп қатарлы еңбек етуге ұмтылған ол, тоғыз жолдың торабынан көлік жуу орталығын ашуға күш салады. Сонымен, жалпы аумағы 10 сотыққа жуық жерді сатып алып, бизнес-жоспарын жүзеге асыруға бар қажыр-қайратын жұмылдырады. Жаңа жұмыс орнын көлік жууда қолданылатын заманауи қондырғылармен жабдықтап, тұтынушыларға тиімді қызмет түрін көрсетуге кіріскелі біраз уақыт болыпты. Қазіргі күні мұнда 20-ға жуық талғарлық тұрғындар тұрақты еңбекпен қамтылып, отбасын асырауда. Олардың қатарында жалғызбасты және көпбалалы аналар да бар. Атап айтсақ, әкімшілік қызметті атқаратын екі қыздың анасы Минара Асқарова жұмыс іздеп, бірталай жерді шарлап, табан тоздырғанда осы көлік жуу орталығынан бір-ақ шыққандығын жасырмайды.

– Жұмыс іздеп бармаған жерім жоқ. Көбі жасым келгендігін, жұмыстың ауыртпашылығын айтып, шығарып салады. Маған екі қызымды асырауым керек. Сөйтіп, тауым шағылып жүргенде «Гонконг» деген көлік жуу орталығын көзім шалып, бірден бұрылған едім. Айналайын Динажан бірден жұмысқа қабылдап, содан бері жұмыссыздық уайымынан арылдым. Тұрақты түрде айлығымызды алып, қиындықсыз күнелтудеміз. Мен ғана емес, мұнда Нұргүл Танабаева, Лина Пахратдинова дейтін төрт баладан асырап отырған көпбалалы аналар да күнделікті көлік жуып, бала-шағасын бағуда. Осында еңбек етіп жүрген жұмысшылар өзінің кәсібін ашып, нанымызды тауып беріп отырған басшылыққа ризашылықтан басқа айтарымыз жоқ, – дейді Минара Әдиқызы.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген осы болар, бәлкім. Қиыннан қиыстырып бастаған кәсібін дөңгеленте отырып, көптің алғысын арқалап жүрген кәсіпкердің ұлы Бақытжан Әбдіхалықов пен келіні Дина Абайқызының бір жағына шығып, ісінің ілгерілеуіне атсалысып жүрген еңбектері де ерекше аталады. Сөйтіп бес саусақтай бірігіп, жұдырықтай жұмылған олар отбасылық кәсіптің көкжиегін кеңейтіп, көлік жууда көпшілікке сапалы қызмет етуге бар мүмкіндіктерін, білім-біліктерін жұмылдыруда.

Нәтижесінде өзінен артылған қаржы-қаражатпен қайырымдылық шараларын көрсетуден де еш аянып қалмаған. Көлік жуу орталығында «Аяла» балалар үйінің «Жедел жәрдем» көлігі мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қызметтік көліктеріне тегін қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, жыл сайын 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, жетім балалар мен жартылай жетім балаларға материалдық көмек көрсетуді дәстүрге айналдырғандығын атау абзал. Осыған орай, ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығында жеке кәсіпкер Дина Абайқызы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының Алғыс хатымен марапатталған. Онда кәсіп иесіне Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруда өзіндік үлесін қосумен қатар, еңбекте табандылық танытқаны үшін алғыс айтылған.

Келешекте көлік жуумен қатар, техникалық жөндеу орталығының да жұмысын жандандыруды жоспарлаған кәсіпкерлердің істері ілгерлей түсері сөзсіз.

Ұлбосын ИСАБЕК

Кеңдала ауылы,

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Мекенжай» сөзінің эвроюциясы

«Мекенжай» сөзінің эвроюциясы

29.03.2026
Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

29.03.2026
Likke тәуелді  сана

Likke тәуелді сана

29.03.2026
Адалдық – адамдық белгісі

Адалдық – адамдық белгісі

29.03.2026
Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.