Талдықорған: +9°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА СҰЙЫҚ МАЙ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

01.05.2020
ОН САУСАҚ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА СҰЙЫҚ МАЙ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Аймағымыз тағы да бір жаңа өндіріс орнымен толықты. Талдықорған индустриалды аймағындағы «Агрокомплекс Жетісу МаЖиКо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытының ашылу салтанаты өтті. Оған Еңбек ері Сергей Терещенко, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кәсіпкер Темірхан Досмұхаметов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, облыстық мәслихаттың Құрметті депутаты, белгілі кәсіпкер Усейін Қасанов, тағы да басқа елімізге танымал тұлғалар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты. Өндіріс орны еліміздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Аталмыш өндіріс орнының бой көтеруіне Қазақстан Республикасының бірінші Премьер-Министрі болған, елімізге танымал қоғам қайраткері, Еңбек ері Сергей Терещенконың үлкен қолдау танытқанын айта кеткен жөн. Ол өз кезегінде:

– Қымбатты көпшілік! Баршаңызды 1 мамыр мерекесімен құттықтаймын. Осындай игілікті істер қашанда ел өркенін өсіреді. Осы ретте Жетісу жеріндегі мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылып жатқанын жоғары бағалаймын. Сондай-ақ, өздерің куә болған өндіріс орнын салу үшін Талдықорғандағы индустриалды аймақтан жер телімін беріп, жарық, жылу, су желілерін тартып, қолдау танытқан облыс әкімі Амандық Баталов бастаған жетісулықтарға алғысым шексіз. Осындай қолдаудың арқасында біз жоспарлаған уақытпен зауыт құрылысын бітіріп, елге игілік әкелетін ірі өндірісті іске қостық, – деді ол.

Жетісу жері аграрлы аймақ саналушы еді. Кейінгі жылдары ірі өндірістер арт-артынан бой көтеріп, индустриалды әлеуетімізді көтере түсті. Демек, облысымыз бірте-бірте аграрлы-индустриалды аймаққа айналып келеді. Бұл жайлы облыс әкімі Амандық Баталов та айтып өтті.

– Алғаш облыс әкімі болып тағайындалған соң біріші кезекте еліміздегі танымал кәсіпкерлермен бас қосып, өңірге инвестиция тартып, бірлесе жұмыс істеу туралы ұсыныс айтып едім. Сол кезде елімізге белгілі тұлға Сергей Терещенко мырза мен кәсіпкер Темірхан Досмұхаметов үлкен қолдау танытты. Нәтижесінде, кейінгі жылдары ірі кәсіпкерлер облысымзға инвестиция құйып, зауыттар ашып, аймақтың әлеуетін көтеруге серпін берді. Айталық, «Лукойл» зауыты, күн қуатынан қуаттанатын электр стансысы, «Маревен фуд» ЖШС бәрі осындай игіліктің нәтижесінде жүзеге асты. Міне, бүгін облысымызда ең керекті агроөндіріс орны ашылды. Біз инвесторларға берген уәдемізде тұрдық. Олар бәрін жасап жатыр, – деді Амандық Ғаббасұлы.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша, облыста 2020-2026 жылдары аралығында 240-тан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылмақшы. Бұл кәсіпкерлердің ынтасы Жетісу жеріне ауғанын көрсетеді. Оның бірқатары биыл ел игілігіне беріледі. Аймағымыздағы осындай жоспарлы жұмыстарды белгілі кәсіпкер Темірхан Досмұхаметов та жоғары бағалады.

– Осыдан біраз жыл бұрын облыстағы, әсіресе, Талдықорған қаласындағы жағдай басқаша еді. Ірі өндіріс орны аз, қала құрылысы өркениеттен айырылып қалған-тұғын. Міне, бүгін облыс басшылығының тынымсыз еңбегінің нәтижесінде жыл сайын Жетісу жерінде ірі өндірістер іске қосылып, тұрғындарға жұмыс орындары ашылуда. Облыс орталығы еліміздегі ең таза, ең әдемі қалалардың бірі атанды. Өндірісі өркендеген аймақтың орталығына айналып келеді. Сондай-ақ, Талдықорған индустриалды аймағына инвестиция салуға ынталы инвесторға жасалатын қолдау әрбір кәсіпкерді баурайтыны анық. Осындай игіліктер жалғасы берсін дегім келеді, – деді ол.

Жалпы, 500 гектар аумаққа салынған зауытта бүгінде 50-ге жуық адам жұмысқа тартылған. Алдағы уақытта оның саны бірнеше есеге өсе түспек. Зауыт 100 пайыз іске қосылғанда мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын болады. Жаңа зауыттың лентасы қиылған соң көпшілік өндіріс орнын аралап, оның өнім шығару мүмкіндігімен танысты. Толық іске қосылғанда күніне 500 тоннаға дейін сұйық май шығаратын зауыт заманауи құрал-жабдықтармен  қамтылған. Олар негізгі шикізатты аймағымыздан және көрші облыстар мен Ресейден алып, өндірген өнімін елімізден бөлек, көрші Қытайға да шығаруды жоспарлап отыр.

Мұндай өндіріс орнының ашылуы бүгінгідей экономикалық дағдарыс жағадан алған тұста өте керекті. Өйткені, ертеңгі күні бұл зауыт, біріншіден, қиналған халықты жұмыспен қамтыса, екіншіден, ел экономикасын өрлетуге де септігі мол. Алдағы уақытта Жетісу жерінде тағы да бірнеше ірі өндіріс іске қосылады деп күтілуде. Бұл да бүгінгідей қиын жағдайда көңілге қуаныш ұялататын жаңалық деуге болады.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

26.03.2026
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.