Талдықорған: +12°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ТЕКЕЛІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ҚОЛДАЙДЫ

13.12.2022
ОН САУСАҚ
ТЕКЕЛІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ҚОЛДАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңадан кәсіп ашқысы келген адам үшін қажетті бизнес-идеяны таңдау, бизнес-жоспар әзірлеу, салықтарды түсіну, сатуды жолға қою – мұның бәрі оңай шаруа емес. Кәсіппен айналысу үлкен тәуекелділікті талап етеді. Кез келген кәсіпті игеру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондай-ақ, қай істі болмасын бастау үшін де адамның ынта-ықыласы жеткіліксіз, оның алған біліміне қоса қарым-қабілеті мен тәжірибесінің болуы маңызды.  Алайда, мемлекет кәсіп бастаймын дегендерге мол мүмкіндік беріп отыр. Тек қолайлы істі тауып, соны ұршықша иіру қажет.

Мәселен, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаға қатысып, жоба арқылы өзінің кәсібін ашқан кәсіпкерлердің бірі – текелілік Леонид Пак. Казіргі таңда қолөнер шебері өз ісін ашып, шаруасын дөңгелетіп отыр. Кәсібін ашпас бұрын қалалық Атамекен кәсіпкерлер палатасында «Бизнес кеңесші» бағдарламасы арқылы білім алып, тігін саласы бойынша дәріс алған. 2020 жылы желтоқсан айында өз жобасын қорғап, мемлекет тарапынан 2 млн. теңге көлемінде грант иеленген. Бүгінде цехқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, табиғи тері өнімдерінен күнделікті өмірде қолданысқа жарайтын заттарды сатылымға шығарып отыр. Шебердің қолынан шығатын бұйымдардың бір ерекшелігі – Мәскеу, Түркия сынды елдерден әкелінетін табиғи әрі сапалы тері өнімдерін қолдануы. Сатылымға шығаратын заттары да қол жетімді. Әр тұтынушы өз талғамына сай дизайн түрін таңдап тапсырыс бере алады. Айта кетсек қазіргі таңда Леонид Пак текелілік 2 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар осы өнер түріне қызығушылық танытқан жастарды да оқытып, өз істерін бастауға жол көрсетуде. Қазіргі таңда цехта 30- ға тарта түрлі түсті бұйымдар шығарылып, интернет ресурстары арқылы жақын маңдағы қалаларға жөнелтіледі. «Қатардағы маманнан қолөнер шеберіне айналу мен үшін көп ізденісті талап етті. Бұл салаға келмес бұрын Алматы қаласында тері өнімдерін өңдеу бойынша оқытылатын әр түрлі қурстарға қатысып, алған білімімді тәжірибе жүзінде шыңдадым. Баршаларыңызды өз істеріңізді ашып, жеке кәсіп бастауға шақырамын. Себебі, қазір орта және шағын бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау көп. Менің қазіргі айналысып отырған кәсібімді әлі де дамытып, атадан балаға мұра етіп қалдыру басты мақсатым» дейді қолөнер шебері. Енді кәсіпкер ғимарат аумағын да кеңейтіп, өнімдерін еліміздің басқа да қалаларына тасымалдауды жоспарлар отыр. Сондай-ақ, қаламызда да осы кәсіпті дамытып, тері өндірісін қолға алу ойында бар. Осындай аздан бастап, көп іс тындырған жандардың өмірі бізге қашанда үлгі. Қай істе болмасын адалдық деген кіршіксіз дүниеге кір түсірмеу азаматтық парыз екені бесенеден белгілі. Ал мұндай кәсіп иелері кәсібін жаңа ашқандарға ісімен тәлім берері сөзсіз.

 

Ұлжан БОТБАЕВА,
Текелі қаласы әкімінің баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

30.03.2026
«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

30.03.2026
«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

30.03.2026
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.