Талдықорған: +13°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Тері табыс көзіне айналады

09.01.2024
ОН САУСАҚ
Тері табыс көзіне айналады
WhatsAppTelegramFacebook

XVI ғасырда өмір сүрген Доспамбет жырау «күдеріден бау тағып, кіреуке киер күн қайда?» десе, беріде Ақтамберді жырау «күдеріден бау тағып, ақ кіреуке киер ме екеміз» депті. 

Яғни «күдері бау» теріден жасалған бау деген мағынада қолданылған. Ал кіреуке – әбден иі қанып жұмсартылған бұғы, бұзау терілерінен иленіп, өңделген былғары. Ол жұмсақ әрі беті барқыт тәрізді түкті болады. Жұмсақ болғанымен оңайлықпен жыртыла қоймайды. Күдеріден сырт киім, аяқкиім, қолғаптармен қоса сәнді киімдер тігілген. Оқалы, кестелі, жарғақ шалбарлар мен шапан, тұскілем тігу қазақ қолөнерінде кеңінен таралған. Өкінішке қарай, кезінде осындай өнімдерімізді Осман империясы мен Кашемирге тасымалдаған бабаларымыздың ізін бүгінде жалғай алмай отырмыз. Өйткені, қазір тері мен жүнді өңдеу, сондай-ақ, оларды экспорттау мәселесі бүкіл еліміз бойынша үлкен проблемаға айналды. 

Диқандардың айтуынша, Қазақстанда ірі қара мен ұсақ мал терісі экспорттық баж салығы енгізілгеннен кейін тіптен қараусыз қалған. Оларды экспорттау экономикалық тұрғыдан мүмкін болмады, ел ішінде оларға сұраныс іс жүзінде жоқ. Белгілі болғандай, елімізде жыл сайын 11 миллионнан астам тері қажетке жарамай қалады. Сату жүйелері бұзылды, ал сатып алу бағасы төмен. Мәселен, оларды шаруалардан қабылдау құны 130 теңге. Мұндай төмен баға жұмысты жандандыруға деген қызығушылықты төмендетті.

Елімізде мал терісін өңдеу зауыттарының жағдайы да мәз емес. Сондай-ақ, шикізатты елден тыс жерлерге әкетуде проблемалар бар. Ауылдық жерлерде тері, жүн сататын орындардың болмауына байланысты фермерлер оларды қоқысқа тастауға немесе өртеуге мәжбүр. Өңделмеген теріні жинағымен, сақтауға келмейді, сапасы тез нашарлайды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, қалаға өткізуге алатын құны мардымсыз. Ал өңделген терілер мен жүн Қазақстанға шетелден бірнеше есе қымбат әкелінеді. Сондықтан фермерлер жыл сайын сатылмаған терілерден қомақты қаражат жоғалтады.

Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі кеңесінің төрағасы Қуаныш Рақышевтің айтуынша, ел ішінде тері сатып алу бағасы құлдыраған. Нәтижесінде миллиондаған тері жойылуда. Жыл сайын республикада орасан көп мөлшерде тері өндіріледі. Оның 3,4 миллионы ірі қара мал терісі десек, шамамен 14 %-ы өңделіп, 5,2%-ы экспортталып, қалғаны өңделмей қоқысқа кетеді. Ал ұсақ мал бойынша 7,9 миллион тері өндірілген. Олар іс жүзінде сұранысқа ие емес. Осыған байланысты ұсақ мал терісін өңдеу мен экспорттау іске асырылған жоқ.

Нарықты қалпына келтіру үшін теріні коммерциялық және коммерциялық емес деп екіге бөліп, ет комбинаттарына теріні экспорттауға рұқсат беру керек. Кәсіпкерлер айтқандай, шикізаттың бәрін елден тыс жерде өңдеген дұрыс. Сондай-ақ, олар кәсіпкер өнімді экспорттау кезінде қосымша құн салығы мәселесі туындайтындықтан, саланы дамыту үшін Салық кодексіне өзгерістер енгізу қажет деп санайды. Сол себепті агробизнес өкілдері Үкіметтен осы шикізатты экспортқа өткізу үшін жағдай жасауды сұрап отыр. Өйткені қазір Қазақстанда бірнеше тонна тері кәдеге жаратылмай отыр. 

Мамандардың пікірінше, бүгінде экспорттық позицияларды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануда. Бұрын Қытай үлкен экспорттаушы болса, қазір Ресей мемлекеті. Қазақстанда тері өңдейтін 6 зауыт бар. Олар еліміздегі аяқкиім шығаратын фабрика мен цехтарға 15-20 пайызға жетер-жетпес шикізат ұсына алады. Қалғанын шет мемлекеттерден алуға мәжбүр. Мамандар былғары өңдеу саласын дамыту үшін мемлекеттік қолдау қажет екенін, 5 000 терінің ішінен әрі кетсе 2 500-і ғана жарамды шығатынын айтады.

Айта кетейік, Қазақстанда тері мен жүн өңдеу саласы екі мемлекеттік орган құзырына қарайды. Бұл саланың кейбір мәселелерін Ауылшаруашылығы министрлігі, кейбір тұстарын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үйлестіреді. Яғни, бастапқы өңдеу саласына АШМ жауапты болса, терең өңдеу ИИДМ қарамағында. Аталған саланы дамыту үшін қазіргі уақытта бірнеше ірі жобаларды іске асыру бағытында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 

Нәтижесінде оның екеуін биыл іске қосу жоспарланып отыр. Соның бірі Ақтөбе облысында жүзеге асырылып, жүн өңдеу зауыты салынбақ. Яғни, бұл жүнді қайта өңдеуді 20 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал Алматы қаласында шетелдік инвесторлардың қатысуымен теріні қайта өңдеу кәсіпорны ашылады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Фото: forumhouse.ru 

Қатысты жаңалықтар

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

26.03.2026
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.