Талдықорған: +21°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ЗАМАН АҒЫМЫНА ІЛЕСКЕН

07.07.2023
ОН САУСАҚ
ЗАМАН АҒЫМЫНА ІЛЕСКЕН
WhatsAppTelegramFacebook

«Елу жылда ел жаңа»  дегенді халқымыз бекер айтпаса керек-ті. Мағынасы терең бұл тәмсілдің шындығына жер-жерлерге барып, ауыл-аймақтарды аралап, жұртшылық тіршілігін көргенде көз жеткіземіз. Өмір ағысымен бәрінің өзгеретіні байқалады. Таяуда Күреңбел өңірінде қандай жақсы жаңалықтар бар, нендей тіршілік кешуде, ел дамуы қай бағытқа жылжып жатқанын біліп қайттық.


Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мәди Сауылханов бізді алқап басына әкеліп, жүріп жатқан қауырт жұмысты көрсетті. Сөйтіп, Жоламан массивіндегі «Қызылшоқы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі егістігіндегі қарбалас тірлікке куә болдық. Онда жаз айының әр күнін тиімді пайдалануға тырысқан ауылдықтар даланы дүбірге бөлеп, белсене еңбекке кірісіпті. Мәди Садықұлының айтуынша, жалпы бұл шаруа қожалығында 50-ден аса отбасы жұмыспен қамтылған. Ауыл шаруашылығындағы істі атқаратын техникалары да заман талабына сай жаңалануда. Мал бағу ісінде де алдыңғы лектен көрініп жүр. 

Өздеріңіз білетіндей, биыл жаңбыр сирек жауып, біраз құрғақшылық қысты. Мұндайда өсімдіктердің түбі құрғап, бой көтеруі қиындайды. Бұл жағдайдан шығу үшін серіктестікте жаңбырлатқыш құрылғылар пайдаланылады. Осы арқылы суарылып жатқан қант қызылшасы өнімділігінің жаман еместігі көрініп тұр. Бүгінгі салмағы 350 грамм тартады, күзде 12 келіге дейін жетеді деген сенім бар.  Құрғақшылық пен өсімдіктердің түрлі ауруынан қорғайтын дәрі-дәрмек, дәрумендермен де қамту жайы оң жолға қойылғаны байқалады. 

Белгілі болғандай, шаруашылықтағы 700 гектар жердің 500 гектарына қант қызылшасы, қалғанына бақшалық дақылдар егіліпті. Арпа-бидай, жоңышқа өсіруден де қалыс емес. Былтыр лизинг арқылы жаңбырлатып суаратын 18 шетелдік қондырғы сатып алынып, бүгінде игілігін көрсетуде. Тиімділігі сол – суды үнемдеп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта мұндай жабдықтарды басқа да шаруашылықтарға әперу жоспарда бар.  

Қазіргі кезде күздік бидай ору, шөп шабу жұмыстары да қарқын алып келеді. Жалпы түсімі гектарынан 18 центнерден айналуда. Бұл көрсеткіш былтыр 20-25 центнерді құрапты. Десек те, шаруалар жаздың аптап ыстығына қарамастан маңдай терін төгіп, болжамдағы көрсеткіштің орындалуы үшін бар күш-жігерді жұмсап жатыр. 

Ауданда барлығы  4 609 гектар суармалы алқап бар. Су үнемдеу мақсатында қазір арнайы қондырғылар орнатылып, 80 гектар жер тамшылатып, 620 гектар алқап жаңбырлатып суарылуда. Бүгінде су шаруашылығы нысандарының басым бөлігінің тозығы жеткен. Осыған байланысты суармалы егістіктердің көбі, яғни, 70%-ы тәлімі жер ретінде пайдаланылуда. Қазіргі кезде Жаманбұлақ, Талдыбұлақ, Матай тоғандары мен Еңкөл, Аралтөбе су қоймаларын күрделі жөндеу бойынша жобалар іске асырылып жатыр. Ал келесі кезеңде Аралтөбе, Онжас, Қоғалы, Бастау, Қарлығаш, Қызылмектеп, Шымылдық, Майтөбе, Ақтөбе, Түлкілі суару арналарының 135 шақырымын қайта жаңарту көзделіп отыр. Жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге облыстық бюджет есебінен 148,9 миллион теңге қаражат қарастырылыпты. Бұл шаралар жалпы аумағы 9 515 гектар суармалы алқапты айналымға енгізуге мүмкіндік бермек. 

Бүгінгі таңда ауданның жер қоры 1 149 301 гектарды құрайды. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жер көлемі 525 388 гектар десек, оның 126 222 гектары егістік, 4 609 гектары суармалы, 5534 гектары шабындық, қалғаны жайылымдық жер. Өңірде өткен жылға қарағанда, биыл егін егуге, қант қызылшасын өсіруге ниет білдірген шаруалар көбейіп, нәтижесінде егістік алқабының көлемі ұлғаюда. Сондай-ақ, ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау, шаруашылықтарды жанар-жағармаймен қамту жұмыстары да талапқа сай іске асып жатыр.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
 

Қатысты жаңалықтар

Елде жыл басынан бері 5 жасырын зертхана жойылды

Елде жыл басынан бері 5 жасырын зертхана жойылды

30.03.2026
Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағы: «Даналық мектебі» жобасының маңызы

Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағы: «Даналық мектебі» жобасының маңызы

30.03.2026
Талдықорғанда интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Талдықорғанда интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

30.03.2026
Жер учаскелеріне қатысты үш қызмет онлайн форматқа көшті

Жер учаскелеріне қатысты үш қызмет онлайн форматқа көшті

30.03.2026
Күрделі жолдағы күрделі жұмыс

Күрделі жолдағы күрделі жұмыс

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.