Талдықорған: +22°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Жаңа жоба: ынта бар, қолдау қажет

14.10.2023
ОН САУСАҚ
Жаңа жоба: ынта бар, қолдау қажет
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде Жетісу облысы аумағында 32 туристік нысан бар. Шын мәнінде ауылдағылардың көбі туризм саласын өркендетіп, өздерінің мүмкіндігін пайдаланып, кәсіптен нәсіп табуға елеңдеп-ақ тұр. Бірақ ынтасы болғанымен кәсіп бастаудың қисынын таппай, тапқан күнде оның заңдық тұрғыдағы талаптарын білмей сан соғып жүргендер көп.

Әлеуметтің осындай түйткілді мәселелеріне жол көрсетіп, олардың әлеуетін көтеру мақсатында «Жасыл ниеттестік» қоғамдық бірлестігі туристік нысандарға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарын туризм саласын өркендету аясындағы бизнеске тарту және туристік нысандардың экологиялық ахуалын сақтау барысындағы заңдық талаптарды түсіндіру мақсатында елді мекендерді аралап семинар өткізіп, тренинг ұйымдастырып жүр. Олар осы арқылы азаматтық қоғам мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты қалыптастыруды көздейді.

Осындай шара алғашында Талдықорған қаласындағы сенбіліктен басталып, жоғары және арнайы оқу орны студенттері арасындағы танымдық шаралармен жалғасқан еді. Кейіннен Ақсу ауданының Қапал ауылында өткен семинарға көршілес орналасқан Арасан, Суықсай, Көшкентал ауылдарының тұрғындары қатысты. Себебі, Қапал тарих пен табиғаттың таңғажайыбына бай өңір. Тамшыбұлақ табиғи су көзінен тартып, жартас бетіндегі ғаламат суреттер мен таңбалар, Шеңбер тас (Қалақай) обсерваториясы, тасқа қашалған тоғызқұмалақ тақтасы, тау туризмін дамытуға қолайлы таулы аймақ, тарихи тұлғалар жерленген кесенелер, Қапал ауылындағы тарихи үйлер, тағысын тағылар еліміздің және шетелдік туристердің қызығушылығын тудыратыны анық. Бірақ ауылдың бағын асырып, экономикалық табыс әкелетін мүмкіндігін өркендететін әрекет көрініп тұрған жоқ.

– Қапал өңіріндегі бір ғана Тамшыбұлаққа келіп, емделіп қайтуды армандайтын адамдар көп. Өкінішке орай, бұл жерде туристерді қызықтыратын немесе оның көңілді демалысына жағдай жасайтын инфрақұрылым жоқтың қасы. Сондықтан адамдар Тамшыбұлаққа келіп, суын ішіп, суретке түсіп қана қайтып жатады. Егер оның маңында қонақүй, дәмхана, дәретхана, кәдесыйлар сататын дүңгіршектер, көлік тұрағы, сондай-ақ, туристерді басқа да нысандарға апарып қыдыртатын туристік маршруттар орналасса, апталап жататындар көбейетін еді. Сол маңдағы тұрғындар атын сағаттап жалдап, құрт-майы мен ірімшігін, сүтті шайын сатып қосымша табыс табатын еді. Мұндай жағдай Тамшыбұлақ қана емес, басқа туристік нысандардың барлығына тән. Біздің мақсат – туристік нысандардың маңындағы ауыл тұрғындарын заңдық талаптармен таныстыру және жұмыс істегісі келетін, бірақ жолын таппай жүрген азаматтарға кеңес беру, – дейді жоба жетекшісі Алия Ахмедиева.

Семинар барысында туристік нысандардан жұмыс көзін ашуға қатысты тәжірибелерден бөлек сол нысандардың экологиялық тазалығын сақтау жолдары да түсіндірілді. Несін жасырайық, шипалы бұлақ көзіне барсаң, жартастағы суреттерді тамашаласаң, тарихи тұлғалардың кесенесіне тәу етсең де айналада толып жатқан қоқысты көресің. Ауыл әкімдігі, тұрғындар тарапынан қоқысты жинау жұмысы ұйымдастырылып тұрғанымен ақысыз жұмысқа кімнің ынтасы болсын?! Сондықтан туристік нысандардың тазалығын қадағалайтын арнайы құрылымдар жұмыс істеуі керек. Экологиялық жағдайды қиындатқан әрекеттерді жазалауды қарастырған жөн. Жазалау туралы ескертуді тақтайшаларға іліп, жарнамалап қою керек.

Семинарға қатысқан 100-ге жуық ауыл тұрғыны туризм саласын өркендетуге қатысты жоба-жоспарларын, сол жолда кездесетін кедергілерді жасырмай айтты.

 – Туризмді дамыту үшін талай жобамызды алып, ауыл әкімдігіне кірдік. Нақты қолдау болса жүзеге асыруға мүмкіндігіміз де, шамамыз да жеткілікті, – дейді Қапал ауылының тұрғыны Бақытгүл Ырысақын.

Жоба авторлары барлық ұсынысты зерделеп, тиісті ұйымдар мен мемекеттік органдарға жолдап, нақты жауабын алып беруге уәде етіп қайтты.

Қажет Андас
Қапал ауылы,
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Күтпеген нәтиже. Боксшыларымыз жеңіліспен бастады

Күтпеген нәтиже. Боксшыларымыз жеңіліспен бастады

30.03.2026
Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

30.03.2026
Үйде отырып табыс табу: Онлайн жұмыс істейтін сенімді платформалар

Үйде отырып табыс табу: Онлайн жұмыс істейтін сенімді платформалар

30.03.2026
Елде жыл басынан бері 5 жасырын зертхана жойылды

Елде жыл басынан бері 5 жасырын зертхана жойылды

30.03.2026
Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағы: «Даналық мектебі» жобасының маңызы

Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағы: «Даналық мектебі» жобасының маңызы

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.