Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
АЛТЫН ҚОЛ, ОН САУСАҚ
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

«Мал өсірсең, қой өсір, табысы оның көл-көсір» дейді қазақ. Баба жұрттың әр сөзін бүгінде тілге тиек етуге болады, сөзіңді дәйектеу үшін. Сол ізден танбадық біз де. Дейтұрғанмен, қой баққан көл-көсір табысқа бірден кенеліп жатыр дей алмаймыз. Түлік баққан мал соңында жүрумен күн өткізеді. Оның үстіне қазір қойдың еті ғана табыс әкелуде. Асылында, бұл нақыл қоңырдың етімен қатар жүні мен терісі, сүйегі пұл әкелгенде шықса керек. Қазіргі бала асық ойнамайды. Бүгінгі қыз-келіншек қой жүнін түтіп, киіз баспайды, текемет тоқымайды. Теріні илеп, кәдеге жаратып жатқан ерлер аз. Шынтуайты керек, Шопан ата тұқымының етінен өзгесі пайда әкелмейтін кез. Келісесіз бе? Біз де Шынар Дарманқұлова жолыққанша осындай ойда болғанбыз. Бақсақ, жұрт төбедей-төбедей үйіп, қоқысқа тастап жатқан қой жүнінен қыруар болмаса да, тұрмысқа жарамды қаржы табуға болады екен.

Ешнәрсе себепсіз болмайды. Бір нәрсе екінші жайтқа түрткі. «Жоқтан бар болмайды» деген пәлсапалық пайымға ұқсап кетті ме? Біздің кейіпкердің кәсіпкерлік хикаясы да осыған ұқсайды. Ұғынықты болу үшін баяндайық, Шынар Дарманқұлованың негізгі мамандығы заңгер. Бірақ, бұл салада еңбек етпеген. Өзі Панфилов ауданының тумасы. Әскери қызметкерге тұрмысқа шығып, ел қауіпсіздігін күзетушінің қолдаушысы һәм тілеулесі болады. Әскери салада жүргендердің өмірі бірде анда, бірде мында, енді бірде Қазақстанның батыс өңірінде, тағы бірде шығыс аймақта өтеді емес пе? Тағдыры байлаулы Шынар да жолдасымен көшіп-қонып жүреді. Солай 4 бала дүниеге келеді. Бірақ, үй шаруасындағы әйел ешқашан қарап отырмайды. Ине мен жіпті ермек етеді. Араға біршама уақыт салып, Жаркент қаласына орныққан бұл әулеттің отанасы қарап жүрмей нан табуды көздейді. Содан көршінің жүн түтіп, киіз басатын цехына жұмысқа орналасады. Күнделікті нәпақасын отбасына жұмсаған еңбекқор келіншек 2022 жылы «instagram» әлеуметтік желісінен «Coca cola belesterі» атты жарнамаға көзі түседі. Парақтайды, таразылайды. Себебі бұл атау бей-жай қарайтын сөз емес еді. «Coca cola belesterі» кәсіп етемін, бір шаруаны доптай дөңгелетемін деген әйелдерге қолдау білдіретін, оның ішінде қаржылай гранттар беретін қор. Кейіпкеріміз сол жылы қордың онлайн оқуына қатысып, барлық сатылы деңгейлерінен өтеді.

– Басында сенімсіздік пен немқұрайдылық болды. Себебі, әдетте біздің санада «Тегін ірімшік қақпанда» деген ой тулайды емес пе? Тәуекелге бел буып, онлайн оқудан өттім. Жобамды даярлап, қой жүнінен бұйым жасауға негізделген бастамамды онлайн түрде 5 минутта қорғадым. Арада біршама уақыт өткенде телефоныма белгісіз нөмер хабарласып, 2000 долларлық сертификат ұтқанымды, Астана қаласында қор басшылығының қолынан салтанатты кеште алатынымды айтты. Басында «біреулер әзілдеген болар» деген ой жүгірді миымда. Кейін қайта хабарласып, шынында жеңімпаз болғанымды анықтадым. Қолыма ақша түскен соң 2 қондырғы алдым. Бірақ, бұл қондырғылар тек өңделген жүннен бұйым шығаратын. Тараз қаласынан дайын шикізат алып, киіз бұйымдар жасап, еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтіп жүрдім. Біршама табысты болдық, – дейді кәсіпкер.

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Айтуынша, облыс бойынша «Coca cola belesterі» қайтарымсыз грантын алғаш жеңіп алған кәсіпкер. Кей кәсіппен айналысуға ниетті қыз-келіншектер бұл қор жайында кеңес сұрап тұрады екен. Барынша қолдау білдіріп тұрады-мыс. Айтпақшы, кәсіпкер келіншек ауыл тұрғындарын да жұмыспен қамтуды көздейді. Бірақ, бұл жұмысқа жастардың қызығушылығы аз. Сөзіне сенсек, алдағы 15-20 жылдың көлемінде киіз басу, жүн түту сынды дәстүрлер жойылатындай. Нарық дәстүрді «жұтпас» үшін ақжаулық әжелер, аналар қазақ бұрымдыларын бұл баба аманатына бейімдеу қажет екен.

– «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенмен, бұл тұрмысымызбен біте қайнасқан дәстүрді ұмыт қалдыруға болмайды. Қазір жұрт қызыға сатып алып жүрген төсеніштер мен жамылғыштар, киім-кешектің дені химиялық қоспалар негізінде даярланады. Ал, төрт түліктің өнімі таза табиғи, денсаулыққа пайдалы. Мәселен, қазір Қытайдан «түйе жүні салынған» деген белгімен қыстық сырт киімдер елімізге кіріп жатыр. Қазақстан түйе өсіруден алдыңғы қатарда. Түйе жүнін өңдемей сатып жібереміз. Қой жүнін де көршілес ел жүйелі өңдеп, дайын өнім шығаруда. Ал, біз тау-тау қылып үйіп, өртеп жатырмыз. Қазақ қоғамында салт пен дәстүрді сақтайтын әйелдер. Киім-кешек, көрпе-төсекті де тігетін нәзікжандылар. Қой жүнінен киіз басу дәстүрі жойылып кету алдында тұр. Бұрын киіз басу үшін ауыл әйелдері жиылып, ән айтып, думандатып, кішігірім той жасайтын еді. Қазір ол салт жоқ, – дейді Шынар.

Қазір Шынар Сансызбайқызы күніге 100 келі жүнді өңдейтін хәлге жеткен. Осынша өнімнен 15-20 шаршы метр киіз, 15-18 көрпе, дәл осыған шамалас көрпеше-көпшік даярлайды. Осындай өнім шығаруға қабілетті 6 қондырғысы бар. Тіпті, бұл цехта даярланған киізден етік, кебіс және сырт киім даярлайтын кәсіпкермен де байланыс орнатылыпты. Бұйыртса, жуық арада Шынар өңдеген қой жүнінен жасалған пима да сауда сөресінен табылып қалар. Ал, қондырғыларға келер болсақ, екеуі жуылған жүнді бастапқы деңгейде өңдейді. Тағы бір қондырғы жүнді көрпе-төсекке салатын ұлпа мақтадай етеді. 10 шаршы метр ғимаратта бөлек тұрған келесі қондырғы өңделген жүнді біркелкі деңгейде киізге айналдырады. Былай айтқанда, бұрын бір киізді басуға 8-10 адамның күші жұмсалатын болса, бұл қондырғы сонша еңбекті өзі атқарады. Келесі бөлмеде ауқымды қондырғы орналасқан. Арғы басы мен бергі басына адамның қолы жетпейді. Кәсіпкердің айтуынша, мұны іске қосқан адам айнала жүріп тер төгеді екен. Бұл көрпе көктейтін құрылғы. Оны іске қосқанда балалары жәрдемдеседі. Ал, бір басынан шикізатты салып жіберіп, дайын өнімді келесі басынан күтіп алатын қондырғы да жоқ емес мұнда. Өгіздей құрылғының басты миссиясы көрпеше-көпшік тігу. Бірақ. Сөз арасын осы бірақ бұзады. Талай жұртқа үлгі, талай кісіні тәнті еткен кәсіпкер Шынар Сансызбайқызының қондырғылары өз үйінде, өз ауласында орналаспаған. Жаркент қаласынан бірнеше шақырым жердегі Жерұйық ауылындағы әпке-жездесінің сарайында жұмыс істеп тұр. Өйткені, осы уақытқа дейін жолдасының жұмысының ыңғайына орай пәтер жалдап жүріп, үй алмаған.

– Әскери өмірге әбден бейімделгенбіз ғой. Қолымызға ала дорбамызды ала салып, бұйрыққа сай гарнизон жағалап жүре беріппіз. Қазір сол жер алуға, үй алуға қарекет етудеміз. Мемлекет жан-жақты қолдап жатыр. Қолдаусыз емеспіз. Бірақ, кәсіп бастаймын дегендерге жер беру мәселесі пысықталса, – дейді кәсіпкер.

Қой жүнін кәдеге асырған Шынар Дарманқұлованың айтуынша, өңірде кәсіп бастаушы қыз-келіншектерге облыстық Іскер әйелдер кеңесі біршама көмектескен. Оның үстіне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының мамандары да қолдауды аямайды. Осындай қолдаудың негізінде кейіпкеріміз 5 млн. теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Айтуынша, о баста бұл қаражатқа киіз басатын қондырғы алуды көздеген. Ал, бұл аппараттың құны 5 млн. теңгеден асып жығылады. Кәсібін енді өркендетіп жатқан іскер келіншек Ресейден сатып алынатын қондырғының келу құны мен шекаралық салықтық шараларын ескермепті. Жобасы жеңімпаз болғаннан кейін құрылғыны сатып алып, Самарадан Ақтөбе қаласына дейін тауарды сатушы жеткізіп берген. Ақтөбеден Жаркентке дейін жол шығынын, салықтық шаралар шығынын тағы да несие алып өтепті. Айтпақшы, Шынар мұнан өзге 2 қондырғыны да несиеге алған. Қазір осы шығындарын өтеп болған соң, кәсібін ірілендіруді ойлап отыр. Күніге 1 тонна жүн өңдеуге көшпек. Бұл шын мәнінде өңірдегі далаға тасталатын шикізаттың біршама бөлігі кәдеге жарайды деген сөз.

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Ерге бергісіз қажырлы кәсіпкердің әзірше тілеуі цех ашуға қолайлы ғимарат алу немесе ғимарат салатын жер алу. Өңірде жоқ кәсіпті бастаған Шынар Дарманқұлова үніне жергілікті әкімдік те құлақ түрсе. Себебі, бұл кәсіпкер ісін өркендетуді көздеуде. Бұл біріншіден, жаңа жұмыс көзі ашылады деген сөз. Екіншіден, ауданға түсетін салық та болады. Ал, біздің тілек – ісің алға бассын, дәстүр жанашыры Шынар Сансызбайқызы!

Дастанбек САДЫҚ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.