Талдықорған: +12°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Жетісулық кәсіпкердің өндірісі – қалдықсыз, өнімі – таза

13.12.2023
ОН САУСАҚ
Жетісулық кәсіпкердің өндірісі – қалдықсыз, өнімі – таза
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандық кәсіпкер Ерлік Жақсылық мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ағаштан ыдыс-аяқ жасайтын шағын цех құрды. Оның жасаған бұымдары көтерме саудада үлкен сұранысқа ие, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ерліктің бойында суретшілікке, ағаштан бұйым жасауға деген қабілеті бала күнінен байқалған. Оның айтуынша, бұл талант оған әкесі Бейбіттен дарыса керек. Есейе келе өзінің жақсы көретін ісін кәсіпке айналдырып көруге бел байлапты. «Алдымен ағаш бұйымдардың, соның ішінде ағаштан жасалған ыдыс-аяққа деген нарықтағы сұранысты зерттеп көрдім. Экологиялық таза ыдыстардың өтімділігі жақсы екеніне көз жеткізгеннен кейін інім Ернар екеуміз ағаш цехын құруға кірістік. Бұл істі жүргізуге «Агрокредиттік корпорация» АҚ-дан 2,5 пайыз жеңілдікпен алған несие үлкен қолдау болды», — дейді Е.Жақсылықов.

Сөйтіп кәсіпкер алғашында ғимаратты да, станокты да жалға алып отырса, 5 млн. теңге несие қаражатының арқасында ағаш оятын қытайлық екі станок сатып алып, өз меншігіндегі құрылғылармен жұмыс істей бастаған. Қазіргі кезде цехта астау, тақтай, тостаған, пиццаға аралған ыдыс, тоғызқұмалақ пен шахмат тақталары сияқты бірнеше бұйым түрлері жасалады. Бұл заттардың бәрі де көтерме бағада ірі көлемде сатып алушыларға, яғни сауда нүктелеріне, тойханаларға жөнелтіледі. Сол сияқты пайдаланылған ағаштан қалған қиындылар отынға, жоңқасы құрылыста жылу ұстағыш материал ретінде сатылып кетеді. Сондықтан мұндағы өндіріс қалдықсыз, өнім экологиялық таза деуге толық негіз бар.

Ерліктің айтуынша, ыдыс-аяқтар ағаштың бірнеше түрінен жасалады. Мәселен, қарағаштан жасалса, бұйым мықты болады. Ал еменнен жасалған ыдыс қымбат бағаланады. Сол сияқты көктерек пен аққайыңнан да дайындауға болады. Кәсіпкер Инстаграм желісіндегі astau_optom_tdk парақшасы арқылы өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынып отыр. 

Бүгінгі күні цехта ағайынды кәсіпкерлерден бөлек 5 адам жұмыс істейді. Олар күніне орта есеппен 20 дана бұйым жасап үлгереді. Ерлік бұл жастарды ағаш шеберлігіне өзі үйреткен. Бүгінде олар тапсырысты орындау ауқымына қарай айына орта есеппен 200 мың теңге жалақы алады.

Қазір орынды жалға алып отырған кәсіпкер алдағы уақытта өзінің жеке ғимаратын салып, цехтың іргесін кеңейтсем деген ниетте. «Қытайдан тағы бірнеше түрлі станоктар әкеліп, бүгінде үлкен сұранысқа ие болып отырған Барнхаус, Хайтек Хаус сияқты үйлердің сыртқы қабатына пайдаланылатын ағаш материалдарын шығару ойымда бар», — дейді Ерлік Жақсылықов. Кәсібін ілгерілетуге қаржылай қолдау алу үшін келесі жылы мемлекеттік гранттарға бизнес-жоспарын ұсынып көрмек.

Атап өтсек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, осы жылдың 7 желтоқсанына дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредиттер алуға 7,4 мың өтінім түскен. Биыл жалпы 5 796 микрокредит беру жоспарланып, қазірдің өзінде 5 496 жоба мақұлданды.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қатысты жаңалықтар

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

26.03.2026
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.