Талдықорған: +34°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

Жетісуда Балаларды қорғау күніне арналған онкүндік өтті

02.06.2025
ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

Жетісу облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар игілігі – қоғамның болашағы» атты іс-шаралар онкүндігі өтті. Шараның мақсаты — балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың құқығын қорғау, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды, рухани және физикалық денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тақырыптық мерекелік онкүндік Отбасы және тәрбие күнінен басталып, өңірдің барлық мектептерінде «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты кездесулер өтті. Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында TED-Talk және панельдік сұхбат форматында ата-аналар тәрбие бағытындағы тәжірибе бөлісіп, оқушыларға сенім мен өзара құрметтің үлгісін көрсетті. Сондай-ақ 4-5-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында аудан-қала мектептерінде «Әкем, анам және мен» эстафетасы өтті.

Іс-шаралардың келесі бөлігі құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғаммен байланысты нығайтуға арналды. Атап айтқанда, полиция мен прокуратура қызметкерлері 7-10-сынып оқушыларымен профилактикалық әңгімелер өткізді. Сондай-ақ «Қауіпсіз маршрут, қауіпсіз аула» акциясы аясында 1-7-сынып оқушылары жол қозғалысы ережелерімен және қоғамдық орындағы тәртіп ережелерімен танысты. Полиция инспекторлары қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру үшін оқушылармен интерактивті жұмыс жүргізді.

Денсаулық және сергектік күні аясында спортшылар мен 8-10-сынып оқушыларының бірлескен таңертеңгілік жаттығулары өтті. Денсаулық жайындағы дәрістерде балаларды топ-топқа бөліп, дәрігерлер мен психологтар жасөспірімдермен әңгімелесулер жүргізді. Кездесулер ерте жүктіліктің алдын алу, темекі шегудің, алкоголь мен есірткінің зияны және басқа да өзекті мәселелерге арналды.

Балалардың жеке даму мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Мәселен, мектептегі өзін-өзі басқару белсенділерінің, пікірсайысқа қатысушылардың және түрлі қоғамдық ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өтті, соның аясында балалар түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасты. Оқушылар «#МеніңДауысым» бейнечелленджі аясында өздерінің қоғамға деген үндеуін жолдады.

Ал Кибер қауіпсіздік және цифрлық сауаттылық күні аясында Jetisu digital IT-Hub, колледждер мен ХҚКО ғимараттарында ашық есік күндері ұйымдастырылды, онда 8-10-сынып оқушылары цифрлық қызметтерге және цифрлық технологияларға қатысты сұранысқа ие мамандықтармен танысты. Сондай-ақ «#ҚауіпсізИнтернет», «#ҒаламтордағыБалалар» сияқты челлендждер арқылы 5-10-сынып оқушылары интернет қауіпсіздігі, кибербуллингке қарсы тұру, желідегі мінез-құлық этикасы туралы өзекті ақпарат алды.

 

Сол сияқты бірқатар іс-шаралар жалпы қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Мәселен, облыстық төтенше жағдайлар департаменті 5-10-сынып оқушылары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырып, балаларға төтенше жағдайларда – суда, өрт болған кездегі іс-қимыл ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ терезеден құлау жағдайының алдын алу бағытында ұсыныстар берілді. Оған қоса аудандар мен қалаларда 7-10-сынып оқушыларына экстремалды жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету мақсатында эстафеталар ұйымдастырылды.

Балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жолдары «Қазақстан балалары – ел болашағы» брифингінде талқыланды. Оған балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкілдер, мемлекеттік мекемелердің, БАҚ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ 8-10-сынып оқушылары қатысты.

Апта биылғы жылы өңірде ерекше форматта өткен Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған мерекелік іс-шаралармен аяқталды.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласында мереке бір мезгілде бірнеше алаңда, соның ішінде «Жеңіс» саябағы маңындағы жағалауда және «Жастар» саябағында ұйымдастырылды. Шығармашылық үйірмеге қатысушы талапты балалардың көрмесі ұйымдастырылып, сәндік-қолданбалы өнерде, кескіндеме мен дизайн бағытындағы туындылары көрсетілді. Жас кітапқұмарлар үшін «Кітап сөресі» жұмыс істеді. Арнайы белгіленген алаңдарда балалар қарындашпен сурет салып, спорттық жарыстарға қатысты. Демалыс аймақтары мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Мерекеге қатысқан балалар ой-пікірін білдірді.

— Біздің мерекеге арналған іс-шараларымыз қызықты өтті. Бізге көп көңіл бөлінді. Тәттілер таратылды, көңілді концерт ұйымдастырылды. Маған әсіресе құрдастарымның қойылымдары ұнады. Мен өзімді мерекеде ең бақытты бала сезіндім, — деді Талдықорған қаласындағы Б. Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектептің 7 «ә» сынып оқушысы Әлима.

— Мен асфальтта бормен сурет салу байқауына қатыстым. Сурет салған маған ұнайды, сондықтан бұл байқауға қуана қатыстым. Біз балалық шағымыз, жер бетіндегі бейбіт өмір, өзімізді қуантатын нәрселер туралы суреттер салдық. Белсенділігім үшін мақтау қағазын алдым, — деді Талдықорған қаласындағы №29 мектеп-лицейінің 4 «а» сынып оқушысы Ардана.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жұмабай Мұсабеков, Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

17.06.2025
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025
Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

17.06.2025
Жанға жайлы саябақ

Жанға жайлы саябақ

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.