Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайыршылар қайырымдылыққа мұқтаж ба?

14.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қайыршылар қайырымдылыққа мұқтаж ба?
WhatsAppTelegramFacebook

«Алақанын жайып аспан астында,
Қайыршы отыр, ұрыдан көп ұятты…»
Қазақ ақыны Қанипа Бұғыбаеваның «Қайыршы» атты өлеңіндегі осы жолдар қайыршылықтың тек әлеуметтік құбылыс қана емес, адам жүрегіндегі мейірім мен жауапкершілікті таразылайтын рухани өлшем екенін аңғартады.

Бір қарағанда көшенің бір бұрышында отырған қайыршы – қоғам өмірінің үйреншікті көрінісі сияқты. Алайда сол көріністің астарында әлдеқайда күрделі әлеуметтік, психологиялық әрі моральдық мәселелер жатыр.

Қайыршылық – кедейліктің ең шеткі формасы. Әлеуметтану ғылымында бұл ұғым адамның тұрақты табысы болмай, өз қажеттіліктерін өз еңбегімен қамтамасыз ете алмай, өзгеден көмек сұрауға мәжбүр болатын жағдайды білдіреді. Яғни қайыршылық – тек жеке адамның тағдыры ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктің, экономикалық мүмкіндіктің және әлеуметтік қолдау жүйесінің деңгейін көрсететін құбылыс.

Алайда бұл мәселені тек статистикамен немесе әлеуметтік теориялармен өлшеу мүмкін емес. Бұл ең алдымен күнделікті кездесетін шынайы өмір.

Жұма сайын мешітке барғанымда қақпа сыртында отыратын көзілдірікті бір кемпір көзге үйреншікті болып кеткен еді. Қол жайып қайыр сұрайды. Мұндай көрініске адамдар да үйренгендей: бірі тиын тастайды, бірі назар аудармай өте шығады. Ал кейбіреулер, мен сияқты, қасынан өткенде біртүрлі ыңғайсыздық сезінеді. Садақа бермесең – біртүрлі, берсең, тағы да күмән мазалайды.

Қазіргі цифрлық заманда қолма-қол ақша да сирек. «Наличка жоқ» деп кешірім сұрап өтетін кездер болды. Кейін әлгі кемпір қағазға Kaspi нөмірін жазып қойыпты. Замана өзгерген сайын қайыршылықтың да бейнесі өзгеріп жатқандай әсер қалдырды.

Бір күні мешіттен шыққанда күтпеген көрініске куә болдым. Әлгі кемпір жанында отырған бір келіншекпен орынға таласып, жағасынан алып, шапалақпен ұра бастады. «Бұл – менің орным!» деген сөзі қайыршылықтың да өз «аумағы» бар екенін аңғартқандай болды.

Уақыт өте келе, тағы бір тосын жағдайға кезіктім. Бірде алдымызда келе жатқан көлік жол шетіне тоқтады. Сол сәтте көліктің есігі ашылып, сыртқа әлгі көзілдірікті кемпірдің шыққанын көріп таңырқап қалдым. Сол сәтте санамда бір ғана сауал туды: біз көріп жүрген қайыршылық шынайы мұқтаждықтың көрінісі ме, әлде күрделі әлеуметтік феномен бе?

Әлеуметтанушылардың айтуынша, қайыршылықтың пайда болуына бірнеше фактор әсер етеді. Олардың қатарында кедейлік, жұмыссыздық, денсаулық мәселелері, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі және урбанизация бар. Ауылдан қалаға келген адамдардың бәрі бірдей тұрақты жұмыс таба алмай, әлеуметтік қолдаудан тыс қалып жатады. Мұндай жағдайда қайыршылық – әлеуметтік жүйедегі әлсіз тұстардың көрінісі.

Жетісу университетінің PhD дәрежелі әлеуметтанушысы Талғат Қилыбаев бұл құбылысты қоғамдағы маргинал топтардың өмір салтымен байланыстырады.

– Қайыршы адамды қоғамда қалыптасқан жүйеден тыс жүретін маргинал топ өкілі деп атауға болады. Себебі ол күнкөріс мақсатында өзін кәсіби «сұраушы» ретінде қалыптастырып, соған сәйкес әрекет етеді. Менің ойымша, қайыршылық қоғам мүшелерінің тек материалдық емес, рухани құндылықтарының жоғалуынан да туындайды.

Мәселен, қайыршы көп мемлекеттерде экономикалық жағдайдың әлсіздігі, әлеуметтік қорғау жүйесінің жеткіліксіздігі байқалады. Алайда дамыған елдерде, соның ішінде АҚШ-та, көшедегі қайыр тілеушілерге мемлекет белгілі бір деңгейде әлеуметтік көмек көрсетеді: жататын орын, тамақ, жәрдемақы және әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылады. Сонымен қатар шіркеулер мен қайырымдылық қорлары да қолдау көрсетеді. Демек, кей жағдайда қайыршылық жеке адамның өмір сүру стратегиясына айналып кетуі де мүмкін.

Қайыршылықтың жеке себептеріне білім деңгейінің төмендігі, денсаулықтың нашарлығы және девиантты мінез-құлық жатады. Білімнің аздығы кәсіби біліктіліктің төмендігіне, бәсекеге қабілетті бола алмауына, сәйкесінше тұрақты табыс табудың қиындығына әкеледі. Ал денсаулығында кінараты бар адам өзгенің көмегіне мұқтаж болады. Девиантты мінез-құлық – ойынқұмарлық, нашақорлық, алкоголизм – адамның қоғамның толық мүшесі болуына кедергі келтіреді.
Қайыршылықтың қоғамдық себептеріне жұмыссыздық, экономикалық теңсіздік, миграция мен урбанизация жатады. Ауылдан қалаға келген адам жаңа ортаға бейімделе алмай, тұрақты жұмыс таппаса күнкөріс үшін қайыр сұрауға мәжбүр болуы мүмкін.

Қазақстанда бұл құбылыс әлемдік үрдістерден қатты ерекшеленбейді. Көбіне үлкен қалаларда – Алматы, Шымкент сияқты мегаполистерде кездеседі. Дегенмен, 1990 жылдармен салыстырғанда көшедегі қайыршылар саны азайғаны байқалады. Бірақ қайыршылықтың жаңа формалары пайда болды. Соңғы жылдары әлеуметтік желілердегі алаяқтықпен ұштасқан «қайырымдылық сұрау» әрекеттері жиілеп кетті.

Кедейлік – мемлекеттің экономикалық жағдайын көрсетсе, қайыршылық кей жағдайда жекелеген топтардың күнкөріс стиліне айналып кеткендей. Кедей адам табыс табуға әрекет жасап, материалдық жетіспеушілікті сезінеді. Ал қайыршы адам еңбексіз табыс табуға бейімделуі ықтимал. Сондықтан қайыршылықты азайту үшін мемлекет жұмыссыздықты төмендетуге, әлеуметтік теңсіздікті азайтуға және қайыршылықты кәсіпке айналдырған заңсыз топтармен күресті күшейтуі тиіс. Ал отбасы – қайыршылықтың алдын алатын ең маңызды әлеуметтік институт. Ұрпаққа дұрыс тәрбие беру, рухани құндылықтарды сіңіру, еңбекке баулу – осының бәрі масылдықтың алдын алудың маңызды жолы.

Психологтар қайыршылықты адамның ішкі күйімен де байланыстырады. Ұзақ уақыт қайыр сұрап өмір сүру адамның өзін-өзі бағалауына әсер етіп, қоғамнан шеттеу сезімін қалыптастыруы мүмкін. Кей жағдайда бұл өмір салтына айналып кетеді.

Жетісу университеті педагогика және психология факультетінің оқытушы-дәріскері Назгүл Тоқсанбаева бұл құбылыстың психологиялық қырын былай түсіндіреді:
– Қайыршылық туралы сөз болғанда біз көбіне оның сыртқы көрінісіне ғана мән береміз. Көшеде қол жайып отырған адамды көріп, бұл тек кедейліктің белгісі деп ойлаймыз. Бірақ психолог ретінде айтарым – қайыршылық тек материалдық тапшылықтың көрінісі емес. Бұл адамның ішкі күйімен, өзін қалай бағалайтынымен, қоғамдағы орнын қалай сезінетінімен байланысты күрделі құбылыс.

Адамның өмірінде ең алдымен негізгі қажеттіліктер – тамақ, баспана және қауіпсіздік қамтамасыз етілуі тиіс. Егер осы қажеттіліктер өтелмесе, адам өзін тұрақсыз, қорғансыз сезінеді. Уақыт өте келе бұл оның ертеңгі күнге деген сенімін әлсіретіп, үмітсіздік пен торығуға әкелуі мүмкін.

Ұзақ уақыт жоқшылықта өмір сүру адамның өзін-өзі бағалауына да әсер етеді. Адам өзін қоғамға пайдалы тұлға ретінде сезінгенде ғана ішкі сенімі нығаяды. Ал өзін қажетсіз адамдай сезіне бастаса, әрекет етуге деген ынтасы да төмендей береді. Психологияда мұндай күй «үйренген дәрменсіздік» деп аталады. Яғни адам ұзақ уақыт қиындықпен күресіп, нәтиже көрмеген кезде біртіндеп «ештеңені өзгерте алмаймын» деген ойға бой алдырады.

Тағы бір маңызды мәселе – қоғамның көзқарасы. Қайыр сұрап жүрген адамдарға көбіне күмәнмен немесе теріс көзқараспен қараймыз. Бұл адамның өзін ортадан шет сезінуіне әкеледі. Нәтижесінде оның қоғаммен байланысы әлсіреп, өз мүмкіндіктеріне деген сенімі жоғала бастайды. Сондықтан қайыршылық мәселесін шешуде тек материалдық көмек жеткіліксіз. Адамға өмірге деген сенімін қайта ояту, өзін-өзі бағалауын қалпына келтіру, айналасымен қайта араласуына мүмкіндік беру маңызды. Яғни бір реттік көмек емес, жаңа мүмкіндік қажет: білім алу, еңбек ету, өз өмірін қайта құру сынды.

Дін тұрғысынан қарағанда, мұқтаж жанға көмектесу – адамгершіліктің ең маңызды қағидаларының бірі. Исламда садақа беру қоғамдағы әлеуметтік тепе-теңдікті сақтаудың жолы ретінде қарастырылады. Алайда дін мамандары қайырымдылықтың шынайы мұқтаж адамдарға бағытталғаны маңызды екенін айтады.

Еркін мешітінің имамы Мұхамет Ордыбай бұл мәселеге байланысты былай дейді:
– Кейде ойға бір күдік ұялайды: біз жасаған қайырымдылық шынымен мұқтаж жанға демеу болып жатыр ма, әлде байқамай біреуді қайыр сұрауға үйретіп жатқан жоқпыз ба? Жақсылық жасаймын деген ниет кейде адамның өмір салтына айналған қайыршылықты қолдап жіберуі мүмкін.
Мешіт маңында үнемі келіп қайыр тілейтін адамдар бар. Олардың арасында жағдайы жаман емес адамдар да кездеседі. Мысалы, бір әйелдің тіпті үш қабатты үйі бар дегенді естідік. Бірақ неге қайыр сұрайтынын сұрағанда: «Қайыр сұрамасам ауырып қаламын» деп жауап береді екен.

Кезінде Түркияда оқыдым. Сол жақта көшеде қайыр сұраған адамға ақша беруге адамдар аса асықпайды. Өйткені мемлекет мүгедек жандар мен мұқтаж адамдарға белгілі бір әлеуметтік көмек көрсетеді. Сондықтан олардың түсінігінде қол жайған адамға ақша беру – оны қайыршылыққа үйретумен тең.

Бірде мешіт алдында айғайлап қайыр сұрап тұрған сегіз жасар баланы көрдім. Намаздан кейін бір түрік азаматы әлгі баланы шапалақпен тартып жіберді. Жұрт оны сөге бастағанда ол: «Бала осы жасынан қайыр сұрауды үйренсе, ертең бұл оның өміріне айналады. Қайыр тілеу – бір дерт. Егер қазір тоқтатпасақ, кейін кеш болады», – деді.

Имамның айтуынша, қайыршылық – жұқпалы дерт сияқты. Егер оның алдын дер кезінде алмасақ, бұл қоғам үшін үлкен әлеуметтік кеселге айналуы мүмкін.

– Баяғыда қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған. Жоқшылық көрсе де біреуге қол жайып тіленуді намыс санаған. Ал қазір мешітке көмек сұрап келетіндердің саны өте көп. Міне, алдымда жүз адамның тізімі жатыр. Жуырда ғана 50 адамға көмек көрсеткенбіз. Бірақ күн сайын тағы да өтініштер түсе береді. Оның ішінде жағдайы бар адамдар да кездеседі. Осындайда шынайы мұқтаждық пен құлқынның қамын ажырату қиын, – дейді ол.

Пайғамбар хадистерінің бірінде: «Кімде-кім қайыршылықтың есігін ашса, Алла оған қайыршылықтың қақпасын ашады» делінген. Сондықтан имамның айтуынша, адам қолындағы барына шүкір етіп, адал еңбек етуге ұмтылуы керек. Қайырымдылық та адамды масылдыққа емес, еңбекке жетелеген кезде ғана шынайы игілікке айналады.

Ойымызды Қанипа ақынның өлең жолдарымен түйіндеуді жөн көрдік:
«Бір бұрышта қайыршы отыр қол жайып,
Адамдардың пейілдерін сынаған…»

Шынында да кейде қайыршы тек көмек сұраушы адам емес. Ол – қоғамның айнасы. Ол бізге мейірім мен жауапкершілік, әлеуметтік теңсіздік пен адамдық құндылықтар туралы ой салатын үнсіз сұрақ іспетті.

Сондықтан «Қайыршылар қайырымдылыққа мұқтаж ба?» деген сауалдың жауабы біржақты емес. Оның артында шынайы мұқтаждық та, әлеуметтік мәселе де, кейде адам пейілінің сынағы да жатыр. Ал бұл сұраққа әр адам өз жүрегінің таразысымен жауап берсін.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Қайыршылар қайырымдылыққа мұқтаж ба?

Қайыршылар қайырымдылыққа мұқтаж ба?

14.03.2026
Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті

Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті

14.03.2026
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

14.03.2026
Атажұрт пен Анадолы арасы – тағы бір түрік баласы

Атажұрт пен Анадолы арасы – тағы бір түрік баласы

14.03.2026
Қауіпсіздік қалқаны

Қауіпсіздік қалқаны

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.