Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Президент Германияға Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен барды. Сапар аясында Берлинде Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер өткізу жоспарланған.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективалары талқыланады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Мюнхен қаласына барып, Германияның жетекші компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының басшыларымен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездеседі.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.







