Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мәліметке сүйенсек, 2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жеткен. Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 212 576 адамға өсті.
Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асып, 2 148 658 адамға жетті, ал Алматыда 2 347 924 адам тұрады.
1 миллионнан аса қазақстандық мына өңірлерде тұрады:
- Астанада – 1 638 233 адам (109 530 адамға артты);
- Алматы облысында – 1 596 331 адам (36 207 адамға артты);
- Жамбыл облысында – 1 215 373 адам (7 018 адамға азайды);
- Шымкентте – 1 293 648 адам (37 484 адамға артты);
- Қарағанды облысында –1 131 287 адам (2 646 адамға азайды).
Халқы азөңірлер:
- Ұлытау облысы – 218 993 адам (2 297 адамға азайды);
- Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам (8 015 адамға азайды);
- Абай облысы – 595 676 адам (7 156 адамға азайды).
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалаларда 13 029 803 қазақстандық (256 688 адамға артты), ауылдарда – 7 466 172 қазақстандық тұрады (44 112 адамға азайды).





