27 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде қар, жаңбыр, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Алматы облысы мен Алматы қаласында жаңбыр мен қар жауып, таулы аймақтарда қалың қар түседі. Тұман басып, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Қонаевта тұман түседі. Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде де қалың қар жаууы ықтимал.
Атырау облысында солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады.
Ұлытау облысында қар жауып, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігі, шығысы мен орталығында 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Жезқазғанда да қар, көктайғақ және бұрқасын болады.
Қостанай облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болып, түнде және таңертең кей аудандарда тұман түседі. Қостанай қаласында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қарағанды облысында қар жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын соғады. Қарағандыда желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысында таулы аудандарда түнде жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын мол түседі. Батысы, оңтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Павлодарда желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Астанада қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында батысы мен солтүстік-шығысында түнде және таңертең жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда түнде және таңертең жел күшейеді.
Жамбыл облысында таулы аудандарда түнде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей жерлерде 23-28 м/с болады. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде аздаған жауын-шашын, негізінен қар жауып, көктайғақ болады. Кей аудандарда тұман түседі. Оралда да қар, көктайғақ және тұман болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда облысында батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ және бұрқасын болады. Шығысында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей аудандарда 25 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда қаласында түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жауын-шашын мол түседі. Өскеменде жел бағыты өзгеріп, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады.
Абай облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Семейде желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Көкшетауда да қар, бұрқасын және көктайғақ болжанады.
Жетісу облысында түнде жауын-шашын түсіп, шығысында жаңбыр мен қар аралас жауады. Таулы аудандарда қар жауып, кей уақытта қалың қар түседі. Күндіз шығысы, оңтүстігі, орталығы мен таулы аймақтарында жаңбыр және қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман болады. Желдің екпіні шығысы мен таулы аймақтарында 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.






