Талдықорған: +17°C
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда интернет неге қымбат?

08.04.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда интернет неге қымбат?

fainaidea.com

WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы уақытта интернет бағасына қатысты қоғамда түрлі пікірлер жиілей түсті. Бір елде интернет арзан әрі жылдам болса, енді бірінде керісінше – сапасы төмен, бағасы жоғары. Мәселен, әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Өзбекстанда 40 ГБ интернет пакеті шамамен 65 000 сум (2 300-2 500 теңге) тұратынын алға тартса, Қазақстанда 7 999-8 500 теңгеге небәрі 25-30 ГБ ұсынылатынын айтады. Осыдан келіп, неге Қазақстандағы тарифтер салыстырмалы түрде қымбат әрі пакеттер көлемі аз деген сұрақ туындайды.

Экономист-сарапшы Ләззат Жанмолдаева бұл жағдайды бірнеше фактормен түсіндіреді. Оның айтуынша, интернет бағасына ең алдымен елдің экономикалық жағдайы мен инфрақұрылымның даму деңгейі әсер етеді.

– Қазақстандағы интернет тарифтері әлемдік деңгеймен салыстырғанда орташа болғанымен, сапасы әлі де төмен. Ел аумағы кең, халық тығыздығы аз, инфрақұрылым толық дамымаған. Сондықтан тарифтердің қымбат болуы мен сапаның төмендігі осы факторлармен байланысты, – дейді сарапшы.

Оның сөзінше, интернет қызметін қамтамасыз ету үшін халықаралық кабель тарту, базалық станциялар салу және трафик сатып алу секілді шығындар айтарлықтай жоғары.

– Үлкен әрі сирек қоныстанған елдерде, мысалы, Австралия мен Канадада, транзит үшін басқа мемлекеттерге тәуелділік шығынды арттырады. Халық тығыздығы төмен, аумақ үлкен болса, бұл интернеттің бағасы мен сапасына тікелей әсер етеді, – дейді Ләззат Жанмолдаева.

Сарапшы Қазақстанның да құрлық ішінде орналасқан ел екенін атап өтеді. Бұл интернет трафигінің басым бөлігі халықаралық кабельдер арқылы өтетінін білдіреді, ал бұл өз кезегінде шығынды көбейтеді. Оның үстіне, урбанизация деңгейі жоғары елдерде интернет арзанырақ болатыны байқалады.

Интернет бағасына әсер ететін тағы бір маңызды фактор – нарықтағы бәсекелестік. Сарапшының айтуынша, бәсеке төмен болған жағдайда тарифтер жоғары болып қала береді.

– Мемлекеттік салықтар, лицензия құны, реттеу саясаты, субсидиялар мен құрылысқа берілетін жеңілдіктер – мұның бәрі бағаға әсер етеді. Ал бәсекелестік жоғары елдерде тарифтер әлдеқайда қолжетімді болады, – дейді ол.

Мысал ретінде Шығыс Еуропа елдері келтіріледі. Румыния, Польша және Ресейде бәсекелестік деңгейі жоғары, соның арқасында интернет бағасы төмен. Ал монополия немесе олигополия жағдайында баға керісінше өседі.

Әлемдік көрсеткіштерге сүйенсек, World Population Review деректеріне сәйкес, көптеген елдерде интернеттің ай сайынғы құны 20-50 доллар аралығында. Ең қымбат интернет Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген – айына шамамен 98,84 доллар. Одан кейін Катар (92,04 доллар) мен Оман (76,99 доллар) тұр. Сондай-ақ қымбат елдер қатарына Сауд Арабиясы, АҚШ және Гондурас кіреді.

Ал интернеті арзан елдердің қатарында Еуропа мен Азия мемлекеттері басым. Мысалы, Украина тұрғындары айына орта есеппен 5,62 доллар төлейді. Ресей, Румыния, Түркия, Молдова және Үндістанда бұл көрсеткіш 10 доллардан төмен. Ал Замбия, Өзбекстан, Мьянма, Беларусь, Йемен және Шри-Ланкада интернет бағасы 4 доллардан төмен болса, Бангладеш, Сирия және Иранда 0,55-2,5 доллар аралығында.

Дегенмен, сарапшылар тек бағаға емес, интернет жылдамдығына да назар аудару қажет екенін айтады. Мысалы, Ливанда 1 Мбит/с үшін айына 6,79 доллар төленеді – бұл әлемдегі ең қымбат көрсеткіштердің бірі. Ал ең арзан интернет Румыния, Қытай, Таиланд және Молдова елдерінде тіркелген. Бұл мемлекеттерде 1 Мбит/с құны 0,06-0,10 доллар шамасында. АҚШ-та бұл көрсеткіш орта есеппен 0,45 долларды құрайды.

Осылайша, интернет бағасы тек тарифке емес, елдің географиясына, инфрақұрылымына, нарықтағы бәсекеге және мемлекеттік саясатқа тікелей байланысты екені байқалады.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

Қатысты жаңалықтар

Кенеден сақтаныңыз!

Кенеден сақтаныңыз!

08.04.2026
Қоғам тірегі – ардагерлер

Қоғам тірегі – ардагерлер

08.04.2026
Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

08.04.2026
Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

08.04.2026
Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

08.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.