Талдықорған: +15°C
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«АДАЛДЫҚ»: ТЕРГЕУШІ ЖАҚСЫ МАМАН БОЛУДЫҢ СЫРЫН АЙТТЫ

02.01.2020
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
"АДАЛДЫҚ": ТЕРГЕУШІ ЖАҚСЫ МАМАН БОЛУДЫҢ СЫРЫН АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Маңызды қызметтің жүгін абыроймен арқалап жүрген тәжірибелі тергеуші, полиция аға лейтенанты Еркебұлан Асылхановтың жас болса да, жүріп өткен жолы — көпке өнеге. Ол — әке жолын қуып, полицейлер династиясын жалғастырып келе жатқан ұл ретінде ел ішінде де, өз отбасында да ерекше құрметке ие азамат.

Еркебұлан Ерікұлы 1992 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында дүниеге келген. Әкесі — Жақсыбеков Ерік Асылханұлы да ұзақ жыл бойы тергеу саласында қызмет еткен. Қазіргі таңда зейнетке шықса да, ел игілігі үшін тынбай қорғаушы қызметін атқарып жүр.

Саналы ғұмырын ішкі істер органдарының қызметіне арнаған Ерік Асылханұлы 1991 жылы Қарағанды политехникалық институтының транспорт-жол факультетін, 1998 жылы Талдықорған заң институтын бітірген. 1996 жылы тергеуші болып қызмет бабын бастаған Ерік Асылханұлы зейнет жасына дейін тергеу саласында түрлі басшылық құрамда қызмет атқарған.

Ол білікті, тәжірибелі тергеушілермен қоян-қолтық қызмет атқарып, тергеу ісінің «ыстығына күйіп, суығына тоңып», қызмет кезіндегі ұстаздарынан, атап айтсақ, Мұрат Жалелұлы мен Рухия Найманқызынан, Сергей Александровичтен тәжірибе жинақтаған.

Ішкі істер органдарында 25 жылдан астам уақыт еңбек жолында көптеген аса ауыр қылмыстардың тергеу жұмыстарын жүргізген. Еңбегі еленіп, түрлі марапатқа ие болған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің хаты мен «Қазақстан полициясына — 25 жыл» мерекелік медалімен, ІІО-дағы 10, 15, 20 жыл «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және облыстық ішкі істер департаментінің Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.

Тергеу саласының қиындығына қарамастан Ерік Асылханұлы адал жар, сыйлы әке атанып, ұлы мен қызын тәрбилеуде. «Әке көрген оқ жонар» деген нақыл бар. Ерік ағамыздың ұлы Еркебұлан да әке жолын таңдады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, милиция офицерінің отбасында туған Еркебұлан Ерікұлы мектепті бітірген соң, көп ойланбастан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсті. 2014 жылы білімін тәмамдап, ішкі істер органына қызметке орналасқан. «Тергеуші болу – өте жауапты, қиын жұмыс. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ұлым менің жолымды қуып, жұмыс істей бастаған алғашқы күндері қатты қобалжыдым. Бірақ баламның қарымын қарап, мені ешқашан жерге қаратпайтынына сенімді болдым», — дейді әкесі.

Еркебұлан өзінің қызметтік жолын 2014 жылы Панфилов ауданы әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, бір жылдан кейін тергеушісі болып тағайындалады. Қазіргі таңда ол Көксу ауданы полиция бөлімінің тергеуші қызметін атқаруда.

Жас болсын, егде болсын, қабілеті бар маман әрдайым өз ісінің нәтижесімен көзге түсетіні белгілі. Еркебұлан Ерікұлы әу бастан өзінің осы салаға ептілігі барын аңғартып, тергеушілік қызметін тез меңгеріп, басшылардың ықыласына бөленді.

Ол Алматы облысы полиция департаменті басшысының Алғыс хатымен, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, аудандық полиция бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. «Әкем әрқашан жақсы маман болудың басты сыры — өз жұмысына адал болу керек екендігін айтып отырады», — дейді Еркебұлан өз сөзінде.

Асқар тау әкенің әрбір сөзін жүрегінен өткізген ол бүгінгі таңда әкесінің атына кір келтірмеуге тырысып, өз ісіне, әрекетіне, қызметіне, халық алдындағы борышына  үлкен жауапкершілікпен қарап келеді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

09.04.2026
Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

09.04.2026
Бір қысқа шыдамаған асфальт: Талдықорғандағы Шахворостов көшесінің бүгінгі жағдайы (ВИДЕО)

Бір қысқа шыдамаған асфальт: Талдықорғандағы Шахворостов көшесінің бүгінгі жағдайы (ВИДЕО)

09.04.2026
Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

09.04.2026
Бокс: Қос бұрымды топ жарды

Бокс: Қос бұрымды топ жарды

09.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.