Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мамандарының және облыстық мәслихаттың төрағасы, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Гүлнар Тойлыбаеваның қатысуымен Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті облыстық департаментінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары мен Әдеп кодексін сақтау мәселелеріне қатысты семинар өтті.
Онда қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарасын орнықтыру мәселелері көтерілді. Әрбір мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық қағидаларын реттейтін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі. Кодекске сәйкес, мемлекеттік қызметшілер жоғары кәсіби, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға тиіс. Әдептілік – өркениетті қоғамның адамгершілік қағидалары екенін есте ұстаған жөн.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге адамгершілік бағыт-бағдар беруге арналған. Мақсаты – мемлекеттік қызметшінің өз жұмысының маңыздылығына сенімділігін арттыру және кодексте көрсетілген барлық қағиданы сақтай отырып, мемлекеттік қызметтің жарқын үлгісі болғанына мақтаныш сезімін қалыптастыру. Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың азаюына ықпал етеді.
Аталған түсіндіру жұмыстары мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге септігін тигізеді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар мемлекеттік органдарда ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, қызметтік этика талаптарын жүйелі түрде сақтау мәдениетін орнықтыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті





