Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде қызметкерлердің арасында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, қызметкерлердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу және қызмет саласындағы мәселелері жайында семинар-конференция өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әдептілік стандарттарын сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау және қызметтік қызмет шеңберінде ықтимал бұзушылықтардың алдын алу. Бүгінгі мемлекеттік қызметшілер қоғам тарапынан қойылатын талаптарға сай болуы тиіс.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің мемлекет тұрақтылығының кепілі екені сөзсіз. Олар ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін, халықтың барлық тобына ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етеді, адалдықтың, әділдіктің және кәсіпқойлықтың үлгісі. Әрбір қазақстандық мемлекеттік қызметші өз қызметінде мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық қағидаларын реттейтін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін басшылыққа алуға міндетті. Кодекске сәйкес олар жоғары кәсіби, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға тиіс.
Кездесу барысында Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға қажеттілігі айшықталған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс ережелері көрсетілген, әдеп стандарттарына көбірек мән берілген. Мемлекеттік қызметшілердің өз құқықтары мен міндеттері бойынша тәртіптік жаза қолдану қағидаттары және Әдеп кодексінің талаптары жан-жақты талқыланды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын арттырып қана қоймай, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті





