Талдықорған: +22°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚАРУ-ЖАРАҚ ӘЗІРЛІКТЕ ТҰРУЫ ТИІС

15.11.2018
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ҚАРУ-ЖАРАҚ ӘЗІРЛІКТЕ ТҰРУЫ ТИІС
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында қару-жарақ қызметіне де ауқымды міндеттер жүктелген. Ұзынағаш ауылында орналасқан Б.Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі қару-жарақ қызметінің мамандары да өздеріне жүктелген міндеттерді мінсіз орындап, Отан алдындағы борыштарына адалдық танытып келеді. Олар бөлімде қару-жарақтың есебі, оны сақтау мен қолдану бойынша бірде-бір қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеген. Бүгінгі әңгімеміздің өзегі де осы қызмет туралы болмақ.

28237 әскери бөлімі қару-жарақ қызметімен бірге құрылды. Бөлімнің қару-жарақтарын ақаусыз күйде сақтап, оның жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуді алдына мақсат тұтқан мамандар біршама тұщымды істің өз мәресіне жетуіне ұйытқы болды. Көлденең кездескен қиыншылықтар мен күрмеуі шешілмеген мәселелер бұл қызметтегі офицерлер мен келісімшарт әскери қызметшілерінің ерен еңбегіне тосқауыл бола алмады. Олар «жұмыла кіріскен жүк жеңіл» екенін нақты іспен дәлелдей білді. Соңғы жылдардағы қарулы қақтығыстардың талдауы көрсеткендей, әскер тектерінің жауынгерлік әзірлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілермен тікелей қамсыздандырылуына, олардың жауынгерлік қолдануға ұдайы әзірлігі мен жай-күйіне байланысты болып отыр. Соған орай Ұлттық ұландағы қару-жарақ қызметінің базасы да ұлғайып, қару-жарақты сақтау мен оған қызмет көрсетудің жаңаша нормалары енді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрықтары мен директиваларымен арнайы ережелері бекітілді.

Қазақстан Ішкі әскерлері 2014 жылы Ұлттық ұлан болып қайта құрылған кезде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымында болып келген азаматтық қорғаныстағы 28237 әскери бөлімі ІІМ Ұлттық ұланының құрылымына өткен болатын. Сол кезден бастап бөлімнің қару-жарақ қызметіне жаңа міндеттер жүктелді, құтқару батальондары бөліністерінде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау бөлмелері, қару-жарақты жөндеу шеберханасы қойылды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау қоймалары қайта жабдықталды, физикалық қорғаныстары күшейтілді.

Қазіргі уақытта аталған қызметтегі тың жұмыстардың басы-қасында жүрген қару-жарақ қызметінің бастығы капитан Қуаныш Байзақовтың да еселі еңбегін атап өтпеске болмас. Өз ісіне тыңғылықты қарайтын білікті офицер жүктелген жауапкершілікті жете түсінеді. Бағыныштыларын да өз ісіне жауапкершілікпен қарауға баулиды. Қару-жарақ қызметі туралы ол:

— Бөлімдегі қару-жарақтардың әрдайым жауынгерлік әзірлікте болуына және ақаусыз күйде жұмыс істеуіне жеке жауапкершілік алғаннан кейін бұл қызметте асқан табандылық пен ұқыптылық таныту қажет. Қару-жарақ  болған соң оның жұмыс істеуі де адам ағзасы сияқты. Уақыт өткен сайын ескіреді, бұзылмай тұрмайды. Күтіп ұстаған қару-жарақ ұзақ қызмет етеді. Қару-жарақ қызметіндегі және жалпы бөлімдегі барша әскери қызметшілерге әу бастан-ақ осы қағидаға сай жұмыс істеулерін үйретіп келемін. «Елге жүгіне қызмет етсең, еңбегің жанады»,- дейтін жақсы сөз бар. Сол айтқандай, бүгінгі күні қару-жарақ қызметі бойынша кемшіліктердің болмауы, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол берілмеуі және бөлім қызметтері арасында абыройға ие болып отырғандығы қызметтегі мамандардың қажырлы еңбегінің арқасы деп білемін, — дейді.

Сөз қиыстырар пайымына қарап, білікті қызмет пен өжеттіліктің сыңары осы қайраттылық пен өз ісіне адалдық шығар деп қалдық. Қуаныш Нұрмұханбетұлының бойындағы бұл ерекшелігі оның ұзақ жыл қызмет атқарғандығынан қалыптасуы мүмкін деп ой түйдік.

Бұл бөлімшеде үлгілі қызметімен көпшіліктің құрметіне ие болғандардың қатарында қару-жарақ қоймасының бастығы, 3-сыныпты сержант Е.Бектібаевты, қол сұғылмайтын запас қару-жарақтары мен оқ-дәрілер қоймасының бастығы, аға сержант М. Урозовты, қару-жарақты жөндеу шеберханасының бастығы сержант Н.Бекқадыровты және іс жүргізуші сержант Ә. Қапшақпаеваны атай аламыз. Өздерінің ұжымы жайлы сержант Әйгерім Қапшақпаева: «Мұндағы ұжымымыз өте ұйымшыл. Сіз, біз деп санаспай, ортақ міндетті екі қолдың он саусағындай жұптасып, жұмылып атқарғанды жөн көреміз. Жалпы қару-жарақ қызметінің маманына ең қажетті қасиет — ол  ұқыптылық. Сондықтан біздің ісімізге енжарлық деген жат нәрсе. Қандай тапсырманы орындасақ та, бастығымыз капитан Қуаныш Байзақовпен кеңесеміз. Ол өз кезегінде командир ретінде бізге өз білген-түйгендерін үйретіп келеді, үнемі қамқорлық танытады», — дейді.

Қай құрылым, бөлініс, қызмет болсын, олар қашанда өз ұжымымен құрметті. Қасқая еңбек еткен жандардың қай кезде де қызметтік көрсеткіштерін еселеудегі үлестері айрықша. Өйткені Отан алдындағы еңбегін ардың ісі деп білетін  адамдар қашанда ұжым абыройы. Көпшіл ісімен жанына жылу себе білген. Іскерлігі мен ынта-жігерін әскери бөлімнің мерейін биіктету жолына бағыттап жүрген бөлімнің қару-жарақ қызметінің мамандары, міне осындай. Ал өз мамандығының қадірін жете ұғынып, түйсінген жандар ғана еңбектегі елеулі биіктерді еңсере алса керек. «Нар жолында жүк қалмас» деген осы шығар.

Айдос БАЙШАҒЫРОВ,

28237 әскери бөлімінің лейтенанты

Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Елде жыл басынан бері 5 жасырын зертхана жойылды

Елде жыл басынан бері 5 жасырын зертхана жойылды

30.03.2026
Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағы: «Даналық мектебі» жобасының маңызы

Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағы: «Даналық мектебі» жобасының маңызы

30.03.2026
Талдықорғанда интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Талдықорғанда интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

30.03.2026
Жер учаскелеріне қатысты үш қызмет онлайн форматқа көшті

Жер учаскелеріне қатысты үш қызмет онлайн форматқа көшті

30.03.2026
Күрделі жолдағы күрделі жұмыс

Күрделі жолдағы күрделі жұмыс

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.