Талдықорған: -2°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

Аса жауапты қадам

12.02.2026
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, КҮНДЕРЕК, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Аса жауапты қадам

Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу – еліміз үшін аса жауапты әрі салмақты қадам. Өйткені Конституция – тек заң нормаларының жиынтығы емес, ол мемлекеттің саяси, құқықтық және рухани болмысының іргетасы, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің басты тірегі. Сондықтан мұндай ауқымды шешім жабық форматта немесе тар шеңберде қабылдануы мүмкін емес. Бұл – бүкіл халықтың тағдырына тікелей әсер ететін, ортақ жауапкершілікті талап ететін тарихи таңдау.

Ұсынылып отырған конституциялық жаңғыру – уақыт талабынан және қоғамның пісіп-жетілген сұранысынан туындаған қажеттілік. Соңғы жылдары азаматтық белсенділік айтарлықтай артты, халықтың құқықтық санасы жаңа деңгейге көтерілді, мемлекетке деген талап та күшейді. Мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайту үшін құнды құжатты заман талабына сай қайта қарау – заңды әрі орынды қадам.

Конституциялық комиссия Ата Заңның барлық негізгі нормаларын кешенді түрде зерделеп, нәтижесінде жаңа Конституция жобасын ұсынды. Жоба Кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Бұл қолданыстағы редакциямен салыстырғанда елеулі құрылымдық әрі мазмұндық өзгерістерді білдіреді. Яғни, әңгіме жекелеген баптарды түзету туралы емес, Конституцияның тұтас философиясын жаңарту жөнінде болып отыр.

Жаңа Конституцияның преамбуласы айрықша маңызға ие. Онда ұлттық құндылықтарымыз, қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығы мен өркениеттік тамыры айқын көрініс тапқан. Ұлы Даладағы мемлекет құру дәстүрі алғаш рет Ата Заң деңгейінде нақты әрі тұжырымды түрде бекітілді. Бұл қадам мемлекеттің идеологиялық негізін күшейтіп қана қоймай, болашақ ұрпаққа бағытталған рухани бағдар қалыптастырады.

Конституция құрылымына екі жаңа бөлімнің енгізілуі – саяси жүйені жаңғыртудың маңызды көрінісі. Олар – «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» бөлімдері. Бұл институттар халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, билік пен қоғам арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Сонымен қатар, төрт бөлімнің атауы мен мазмұны жаңартылып, қазіргі саяси, әлеуметтік және құқықтық талаптарға сай қайта жүйеленді. Мұның өзі мемлекеттік басқару жүйесінің айқындығын арттырып, билік институттарының жауапкершілігін күшейтеді.

Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарының бүкіл құжаттың мағыналық өзегіне айналуы. Бұл қағидат енді декларативті сипатта ғана емес, барлық бөлімдер мен баптарда жүйелі түрде көрініс тапқан нақты құқықтық бағдар ретінде бекітілді.

Алғаш рет әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау секілді іргелі ұғымдар Конституция деңгейінде орнықты. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені нақты әрі айқын тұжырымдалды. Бұл нормалар мемлекеттің адамға қызмет ету қағидатын басты орынға қояды.

Цифрлық технологиялар дәуірінде азаматтардың құқықтарын қорғау жаңа мазмұнға ие болуда. Осыған байланысты жаңа Конституцияда цифрлық ортадағы құқықтарды қорғауға ерекше мән берілген. Жеке деректердің қорғалуы, онлайн-қызметтерге тең қолжетімділік, интернеттегі қауіпсіздік пен жеке өмірге қолсұғылмаушылық конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл – мемлекеттің азамат құқығын тек дәстүрлі кеңістікте ғана емес, цифрлық ортада да қорғауға дайын екенінің айқын дәлелі.

Жаңа Конституцияда дін мен мемлекеттің аражігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқын бекітіледі. Оның ғылымға, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделетіні нақты көрсетіледі. Бұл қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің және радикалды көзқарастардың алдын алудың маңызды кепілі саналады.

Неке ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалып, бұл норма дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғаумен қатар, әйелдердің құқықтық кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.

Қазақстанның басқару нысаны президенттік республика ретінде сақталады. Ұсынылып отырған өзгерістер «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына толық сәйкес келеді.

Осы тұрғыда бір палаталы, 145 депутаттан тұратын жаңа Парламент – Құрылтай құру көзделген. Ол пропорционалды сайлау жүйесі негізінде қалыптасып, саяси партиялардың рөлін күшейтуге және олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қазақстанның Халық кеңесі атты жаңа жалпыұлттық диалог алаңы құрылады. Бұл орган халықтың түрлі әлеуметтік топтарының мүддесін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие консультативтік құрылым ретінде қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет етеді.

Адвокатура институтына арналған арнайы баптың енгізілуі, зияткерлік меншік құқығын қорғау, «Миранда ережесінің» конституциялық деңгейде бекітілуі, кінәсіздік презумпциясының нақтылануы және қамауда ұстау мерзімінің қысқартылуы – құқықтық мемлекетті нығайту жолындағы маңызды қадамдар.

Қорытындылай келе, жаңа Конституция жобасы – жекелеген түзетулер жиынтығы емес, мемлекеттің құқықтық, саяси және идеологиялық негізін түбегейлі жаңғыртатын кешенді реформа. Ол билік пен халық арасындағы сенімді нығайтып, Қазақстанның дамуын адам капиталына, білім мен ғылымға, әділеттілік пен заң үстемдігіне негіздеуді көздейді.

Бұл тарихи таңдау бойынша соңғы сөзді Қазақстан халқы жалпыұлттық референдумда айтады. Демек, жаңа Конституция – елдің бүгінін ғана емес, ертеңін айқындайтын ортақ жауапкершілік пен саналы шешімнің нәтижесі болмақ.

Арыстанғали ҚАДЫРҰЛЫ,
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Роналду Қызылордада, Месси Шымкентте тұрады

Роналду Қызылордада, Месси Шымкентте тұрады

12.02.2026
Жырлау үшін келгенмін

Жырлау үшін келгенмін

12.02.2026
Ақын рухы асқақтаған күн

Ақын рухы асқақтаған күн

12.02.2026
Сөреден шыққанымен мәреге жете алмады

Сөреден шыққанымен мәреге жете алмады

12.02.2026
Тарих төріндегі тұлға

Тарих төріндегі тұлға

12.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.