Талдықорған: +10°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамда есірткі шегем деп есінен танып, бірсәттік қызық үшін нашаның буына шырмалғандар жыл санап артып келеді. Оң-солын танып үлгермеген жас та, етек-жеңін жиған жасамыс та нашақорлықтың құрсауында шырмалуда. Ең сорақысы синтетикпен сенделіп, есірткіден есі кетіп жүргендердің басым бөлігі жастар. Бүйте берсе өскелең ұрпақ бірсәттік қызық үшін есірткінің құрсауында шырмалып, тағдыры инеге тәуелді болмақ. Сондықтан біз болашақ жастарды ғасыр дертінен қайтсек аман сақтаймыз деген сауалға жауап іздеуіміз керек.

СТАТИСТИКА СӨЙЛЕСЕ…

Қанша тағдырды талқандаған нәубетке жастардың көптеп шырмалып жатқанына көңіл жүдейді. Ең сорақысы күн өткен сайын есірткі тектес заттардың формасы түрленіп барады. Полиция қызметкерлері де синтетикалық есірткі болашақ ұрпақты сенделтіп жатқанына алаңдаулы.

Облыс бойынша биылғы жылдың алғашқы тоқсанында есірткіге қатысты 57 құқықбұзушылық, 28 қылмыс анықталған. Құқықбұзушылық өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға, қылмыс 16,7 пайызға артқан. Жаңбырдан кейінгі қаулаған саңырауқұлақтай өрісі кеңейіп келетін кеселмен құзырлы органдар аянбай күресіп-ақ келеді. Алайда, есірткі сатып есіл ақша табамын деушілер азаяр емес. Ал буыны қатпаған жеткіншектеріміз оған интернет арқылы оңай қол жеткізуде. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше наша сатумен айналысатындар көбіне Telegram әлеуметтік желісі арқылы жұмыс істейді. Тауарға онлайн тапсырыс беріледі де, тапсырыс беруші мен саудагер түрлі әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығып, нашаны қай жерден, қай уақытта алатыны жөнінде нұсқаулықтармен алмасады. Оларды тереңірек тексергенде, көп жағдайда шетелдерде тіркелген боп шығады. Өкінішке қарай, адамды улап, қыруар ақшаны қалтасына басқандар құтылып, жеңіл ақша табамыз деп алданып қалғандар тұтылып жатыр. Салдарынан буыны бекіп, бұғанасы қатпаған өрімдей жастар осы дертке шалынуда.

Тағы да статистикаға жүгінейік. Жыл басынан заңсыз айналымнан алынған есірткінің көлемі 86,3 пайызға өсіп, 97 келі 332,36 граммды құрады. Ал 17 мен 30 жас аралығындағы ұсталған 30 азаматтың төртеуі есірткі сатушы. Қылмыс түбі жаза. Бүгінде 35 қылмыстық іс сотқа жолданды.

Есірткіні өткізуде заманауи технологияның ықпалы зор болғандықтан полиция департаменті «кибербақылау» бағдарламасы арқылы 817 веб-сайтты, «Антифорд» бағдарламасымен 5 миллион теңгеден астам сомаға 215 банк шотын, «Аргус» бағдарламасы арқылы 14850 шетелдік шот анықталып, бұғатталған.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ерасыл Ұзақов:

– Нашақорлықтың алдын алу бойынша кешенді жоспар шеңберінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы өкіметтік емес ұйымдармен, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жастар қанатымен және еріктілермен 200-ден астам профилактикалық іс-шара өткізді. Барлық білім ордасында есірткіге қарсы дәріс бекітілді. Жедел шараның нәтижесінде ақпан айында есірткі таратқаны үшін 3 адам ұсталды. Олардың бірі өзбекстандық азамат. Тексеру барысында 111 қорап, 500 грамм есірткі тәркіленген. Ал наурыз айында ұсталған 2 әйелден 6 келі есірткі табылған. Облыс аумағында жедел іздестіру шарасы бойынша қылмыстық топ ұсталып құрықталды. 5 адамнан тұратын топтан 28 келі наша тәркіленді, – дейді.

Жастардың болашағын улаған бұл «жасырын бизнеске» қарсы күрес толассыз жүргізілуде. Бірақ, у саудалап ұртын майлағандардың ұрымтал тұсын тауып, заң алдында жауапқа тарту да оңайға соғып тұрған жоқ.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, есірткіге тәуелді 232 адам есепте тұр. Оның 208-і ер, 24-і әйел. Ал 18-29 жастағылардың саны 40.

ЕСІРТКІ «ЕСІК ҚАҒЫП ТҰР»

Жастардың нашақорлыққа салынуының әртүрлі себептері бар. Ең алдымен нашақорлық жастардың есірткіге деген қызығушылығынан туындайды. Бір рет дәмін көргеннен кейін әсерін қайта сезгісі келіп іздей бастайды. Кесапаттың тырнағына іліккен соң басыбайлы құлына айналады. Ол үшін енді ешқандай қуаныш та, қайғы да жоқ. Тіпті, анасы да, әкесі де, ешқандай туысы да жоқ. Оның құны тек қана бір-ақ доза. Ине ұшындағы тағдыр. Бұл кесапаттан қалай құтыламыз? Осы сұрақ бойынша сауалнама жүргіздік. Жауап көп, пікір де сан алуан. Бірі – Қытай, Индонезия, Иран елдері сияқты өлім жазасына кесу керек десе, екіншісі – ауыр жазасыз ұрпақ тәрбиесінің қажеттігін баса назарда ұстау керек дейді. Адам өмірін қиюға ешкімнің хақысы жоқ. Десе де бұл тұрғыда есірткіні түбімен жойғысы келген, жастар үшін алаңдаған халықты да түсінуге болады. Өйткені, темір тор есірткі тасымалына тосқауыл болар емес.

Айналып келгенде бәрі отбасындағы тәрбиеге келіп тіреледі. Біз әуелі болашақ ұрпаққа нашаның зиянын тәптіштеп түсіндіруіміз керек. Үйде, білім ордаларында да қоғам дерті күн тәртібінен түспеуі тиіс. Өйткені есірткі сатумен айналысатындар ақша көрсе тез алданатын, ерке шолжаң болып өскен топтарды торуылдауда. Түлкідей құйрығымен ізін көмген қуларға алданып, телегей-теңіз қаржы табамын деп темір торға қамалып жатқан жастар көп. Бұрын тас қаладағы түнгі клубтардан қорқушы едік, бүгінде ауылдағы бір үйде есірткінің егесі отыруы бек мүмкін. Мұны дәлел-дәйексіз айтып тұрғанымыз жоқ. Алтын бесік саналатын ауылда есірткі саудалап ұсталғандар саны артып келетіндіктен жазып отырмыз. Сондықтан бізге бұл дертпен қоғам болып күресу қажет. Ауылдан қылмыскер, есірткіге есі кеткен жастар шықпасын десек ең алдымен біз бала тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.

Есірткі – өміріңе мысқылдап кіріп, батпандап шықпайтын дерт. Ата-анасының қадағалауынсыз, ертелі-кеш әлеуметтік желіге желімдей жабысып отыратын еркетотайлар еліктегіш келеді. Еліктегіш бала есірткі бизнесімен айналысатындардың оңай құрбаны болады. Сондықтан есірткі есеңгіретпесін десек, дереу отбасындағы тәрбиені қолға алған жөн.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

12.04.2026
Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

12.04.2026
Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.