Талдықорған: +13°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

КАДР ТАПШЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРАМЫЗ

05.06.2019
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
КАДР ТАПШЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРАМЫЗ
WhatsAppTelegramFacebook

Конституциямызда азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы, мемлекеттік қызметке қолжетімділіктің теңдігі бекітілген. Осыған орай, мемлекеттік қызметке қолжетімділік жайында, оған қалай түсуге болатыны туралы түсіндіріп өткіміз келеді.

Бүгінде облыс аумағында 7994 бірлікті құрайтын мемлекеттік қызметшілердің штатында 7489 адам жұмыс істесе, бос орындар саны – 505 бірлікке тең. Мемлекеттік органдар саны – 795, гендерлік құрамы бойынша мемлекеттік органдардағы ерлер саны – 3742, әйелдер саны – 3747. Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы – 38,9. Зейнет жасындағы мемлекеттік қызметшілер – 51. Сапалық құрамына тоқталар болсақ, 6809 мемлекеттік қызметшінің жоғары білімі бар, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің 91пайызына тең, 8 мемлекеттік қызметші Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, 4 мемлекеттік қызметші «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында мемлекеттік қызметке әртүрлі лауазымдарға қойылған, тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша жүктелген лауазымдық міндеттерді атқара алатын және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген азаматтар қабылданады. Заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметке қабылдану барысында жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестікке жатуына және кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір тура немесе жанама шектеулерді белгілеуге жол берілмейді.

Мемлекеттік орган бос әкімшілік лауазымға жұмысқа қабылдау үшін конкурстық іріктеу өткізеді. Оған қатысу үшін алдымен заңнамаларға және жеке қасиеттерін бағалауға қатысты уәкілетті орган айқындаған бағдарламалар бойынша тестілеуден өту қажет. Оған «Электронды үкімет» порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып тестілеу бағдарламасы, өту күні мен уақытын көрсете отырып өтініш беру қажет. Екіншіден, өзіңіз белгілеген күні мен уақытта тест орталығынан тестілеуден өте аласыз. Облыстағы тестілеу орталығы Талдықорған қаласы, «Шығыс» шағынауданы, Центральная көшесі, 28-үйде орналасқан. Орталыққа Талдықорған қаласындағы №8 және №13 автобустармен баруға болады. Үшінші, тестілеу бағдарламасы бойынша бірінші кезекте Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша тест қабылданады. Одан сәтті өткен жағдайда жеке қасиеттерді бағалауға қатысты тесттен өтесіз. Осы кезеңнен сәтті өткен жағдайда Сіздің тесті толық тапсырғаныңыз жайлы ақпарат «Е-қызмет» ақпараттық базасында тіркеледі, оның жарамдылық мерзімі 1 жыл. Тест тапсырушыға тесттен өткендігі жайлы анықтама беріледі. Бұдан соң мемлекеттік орган жариялаған бос орынға орналасу туралы хабарландыру бойынша конкурстарға қатысуға болады. Тестілеуден өтпей қалған жағдайда қайта тапсыруға 1 айдан кейін ғана рұқсат.

Төртінші, мемлекеттік органдардың бос лауазымдар туралы хабарландыруларын олардың ресми сайттары мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайты — www.kyzmet.gov.kz арқылы көруге болады. Бесінші, Мемлекеттік орган жариялаған хабарландыруда көрсетілген бос лауазымға орналасу үшін біліміне және еңбек өтіліне қатысты қойылған талаптарға үміткер сай болуы қажет. Талапқа сәйкес келген жағдайда хабарландыруда көрсетілген құжаттарды тапсыруға болады. Құжаттарды электронды нұсқада хабарландыруда көрсетілген мекенжайға ұсына аласыз.

Мәлімет үшін айта кетсек, ауылдық деңгейлердегі әкімдіктерде кадр тапшылығын ескере отырып, лауазымдарға біліміне қатысты қойылатын талаптар жеңілдетілген. Егер кез келген жоғары немесе арнаулы орта біліміңіз болған жағдайда ауылдық округтегі мемлекеттік қызметші лауазымына үміткер бола аласыз. Алтыншы, мемлекеттік орган үміткер ұсынған құжатты тексеріп, әңгімелесуге шақырады. Онда арнайы құрылған конкурстық комиссия үміткермен әңгімелесу өткізіп, үміткерге бос лауазымның функционалдық міндеттеріне қатысты сұрақтар қояды. Әңгімелесу қорытындысы бойынша комиссия мүшелері мемлекеттік орган басшысына бос лауазымға тағайындауға лайықты үміткерді ұсынады. Мемлекеттік орган басшысы үміткерді бос лауазымға тағайындау туралы акт шығарады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін арттыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша түрлі шаралар қарастырылған. Мәселен, мемлекеттік қызметті таңдаудағы басты артықшылықтардың қатарына тұрақты жалақы; қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілу мүмкіндігі; тұрғынжай жағдайларын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғынжай құрылысы үшiн жер учаскелерiнің берiлуі; мемлекеттiк қызметшiлер және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне медициналық қызметтің көрсетілуі; мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысының берiлуі сынды аса маңызды себептер бар. Сонымен қатар, облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыру бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша облыстағы ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды оңтайландыру есебінен мемлекеттік қызметшілер еңбекақысының төлемі жаңа жүйеге көшірілетін болды. Жаңа жүйе бойынша мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлемі екі есеге артады деп жоспарлануда. Бүгінде тиісті жұмыстар атқарылып, Президент әкімшілігіне облыстағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлемін жаңа жүйеге көшіруге дайын екендігі туралы хат жолданды.

Бұдан басқа, облыс орталығында орналасқан  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында мемлекеттік қызметшілерді дайындайтын мектеп жұмыс істейді. Бұл мектепте жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының  кез келген 3 және 4-курс студенттері дәріс ала  алады. Былтыр мектептен дәріс алған 10 түлек мемлекеттік қызметке орналасты. Сонымен қатар, алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер үшін «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырылады. Ауылға барып жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерге жеңілдетілген тұрғын үй қарастырылады.

Ләззат БЕЙСЕҚҰЛОВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары

Қатысты жаңалықтар

Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
Тіл тазалығы – ортақ мәселе

Тіл тазалығы – ортақ мәселе

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.