Бүгін Жетісу облыстық мәслихаттың төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі Гүлнар Тойлыбаева өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы
Айтуынша, Наурыз мерекесінің қарсаңында еліміздің болашағы айқындалады.
– Еліміздегі тарихи кезеңде өзімнің азаматтық борышымды өтедім. Елімнің келелі келешегі үшін, ұрпақтарымыздың жарқын болашағы үшін Ата Заңымыздың жаңа жобасына өзімнің дауысымды бердім. Бұл Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың қолайлы жағдай туындататын тарихи құжат. Ал мұндай құжат үшін дауыс беру әрбір адамның азаматтық борышы, – деді Гүлнар Қожағұлқызы.
Мәслихат төрағасы әрбір қазақстандықты референдумнан қалыс қалмауға шақырды.





