Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Мұражай мен телестудия ашылды

26.06.2018
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Мұражай мен телестудия ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан полициясы күніне орай Талдықорғанда қару-жарақ мұражайы және телестудия ашылды. Облыстық ішкі істер департаментінде өткен салтанатты шараға облыс басшысы Амандық БАТАЛОВ қатысып, көпшіліктің көңілін аударған жаңа нысандармен танысты. Алдымен қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткіш монументке гүл шоқтарын қойған көпшілік департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат бөліміне қарасты студияның мүмкіндігін бағамдады.

Соңғы үлгідегі технологиямен қамтылған студияның алғашқы қонағы ретінде облыс әкімі Амандық Баталов арнайы сұхбат беріп, Жетісу жерінің тәртіп сақшыларына қандай көмектер берілетінін жеткізді. Оның айтуынша, қоғамдық орындардағы қылмысты болдырмау үшін бүгінгі күні облыс орталығында 670 бейнебақылау камералары орнатылған. Ендігі кезекте Қапшағай, Текелі, Қаскелең, Талғар, Үшарал сынды халқы көп қалалар мен аудан орталықтарын бейнекамералармен қамтамасыз ету міндеті тұр. Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен қолға алынған цифрландыру бағдарламасы аясында Талдықорғанда «Смарт сити» жобасы іске қосылуда. Одан бөлек, учаскелік полиция бекеттерін тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеті көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Қазірдің өзінде 54 учаскелік полиция бекетіне тұрғын үй салынып, онда жұмыс істейтін инспекторлар баспанамен қамтамасыз етілді. Биыл және келер жылы 220 баспанасы бар учаскелік полиция бекеті салынады.
Осындай пікір білдірген облыс әкімінен соң сөз алған облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, поли-          ция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов:
– Біздің күш-жігеріміз құқық қорғау қызметінің қоғам үшін пайдалы әрі ашық болғанын қамтамасыз етуге бағытталған. Соған орай бұқаралық ақпарат құралдарымен және тұрғындармен кездесулер, брифингтер және баспасөз конференцияларын, «дөңгелек үстелдер», телефон арқылы тікелей желілер ұйымдастыру үшін ашылған телестудия біздің мүмкіндігімізді кеңейте түседі. Телестудия полиция қызметкерлері мен тұрғындар арасындағы алтын көпірге айналады деп сенеміз, – деп жаңа нысанның маңыздылығын атап өтті.
Бұдан соң Амандық Ғаббасұлы департамент ғимаратында Іле ауданында оқитын кадет сыныбының оқушыларымен кездесіп, жас өскіндермен әңгімелесті. Өскелең ұрпаққа арнайы сыйлық үлестірген құрметті қонақтар одан соң жаңадан ашылған қару-жарақ мұражайын тамашалады. Оған қойылған экспонаттар қатарында Бірінші, Екінші дүниежүзілік соғыста, Қазан төңкерісі кезінде ұсталған мылтықтар мен тапаншалар және қылмыскерлерден тәркіленген шолақ мылтық, кастет, қанжар, қылыш, шоқпар секілді қарулар бар.
Қазақстан полициясы күніне орай орталық алаңда өткен салтанатты шара кезінде қызметте ерекшеленген бірқатар тәртіп сақшылары кезектен тыс арнайы атағымен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен, Грамотасымен  марапатталды.
Салтанатты шарада құқық қорғаушыларды мерекелерімен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов:
– Полиция қызметкерінің имиджі халықтың қорғаушысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кәсіп иесі ретінде қалыптасқан. Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтады. Сіздерге қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен жауапкершілік жүктелген, – деп өңір полициясына беріліп отырған мүмкіндіктерді таныстырды. – Сол жауапкершілікті абыроймен атқарып, нәтижелі жұмыс істеу үшін полиция қызметіне барынша жағдай жасалып келеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Жергілікті бюджеттен 2017-2018 жылдарға ішкі істер органдарына 28,4 миллиард теңге бөлінген. Былтыр 700,8 миллион теңгеге 101 автотранспорт сатып алынса, биыл 607,5 миллион теңгеге тағы 100 автокөлік алынып отыр.
Осылайша тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоғамның тыныштығын қамтамасыз етуге күш салып отырған полиция қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілтін табыстады. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.