Талдықорған: +2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қойылар талап жоғары

17.06.2018
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Қойылар талап жоғары
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылғанына 20 жыл толуда. Осы уақыт арасында ел басқару ісінде елеулі өзгерістер орын алып, Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап та күшейе түсті. Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасында кәсіби мемлекеттік аппарат құруға айрықша көңіл бөлінуі бұл саладағы ұтымды реформалардың бастамасы болды. Осы іс Жетісу жерінде қалай жүзеге асырылуда деген сауалдың ізімен Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы Батыржан Байжұмановқа көкейдегі сұрақтарымызды қойдық. 

– Тәуелсіз еліміздің дамып, өркендеп келе жатқанына, міне, биыл 27 жыл. Мемлекеттік қызмет органдарының да құрылғанына 20 жыл толыпты. Жалпы, бұл сала жайында тереңнен толғап, ұзақ әңгімелеуге болады. Өйткені, елдің көз алдында, көпшіліктің назарында жүрген салаға артылған жауапкершілік жүгі ауыр. Мемлекеттік қызмет органдары дегенді қалай түсінсек болады?
– Тәуелсіздік алғаннан кейін ел Конституциясы қабылданып, соның негізінде биліктің бірнеше тармағы айқындалды. Соның бірі – атқарушы билік органдары. Біз, жергілікті атқарушы органдар, Президент тарапынан, Үкіметтен берілген тапсырмаларды жергілікті жерлерде жүзеге асырып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Мемлекеттік және өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеп, жоспарларымызды бекітіп, солардың орындалуын жүзеге асыру жолында жұмыс істеп келеміз. 
Мәселен, облыста  17 аудан, 3 қала бар. Елбасының Жарлығымен жаңа Кеген ауданы құрылып, соның есебінен бүгінгі күні аудандар саны 17-ге жетті. Президенттің тапсырмасымен шекаралық аймақтарды дамытуға назар аударылып, бүгінгі күні тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, моноқалаларды дамытуға, ауылдық елді мекендерді өркендетуге, қалаларды индустрияландыруға көңіл бөлінуде. 
Облыс аймақтарымен қатар жергілікті атқарушы органдар сапында әрбір салаға жауапты тиісті облыстық басқармалар мен департаменттер жұмыс істейді. Осы аталғандардың барлығының ортақ әрі үйлесімді жұмысының нәтижесі арқылы даму мен өркендеуге қол жеткізе аламыз. Сондықтан, жергілікті атқарушы органдардың күнделікті жұмысы, сонымен қатар, стратегиялық жоспарларға сәйкес шаралары жүйелі түрде жүргізіледі. 
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен көптеген саланың жұмысы жанданып, жаңаша сипат ала бастағаны белгілі. Бүгінгі мемлекеттік қызметкер қандай болуы тиіс?
– Қоғам бір орнында тұрмайды, сәт сайын көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Соған сәйкес азаматтардың талабы да өсуде. Сондықтан уақыт көшінен кейіндеп қалмай, мемлекеттік қызмет саласын да дамыту үшін бүгінгі мемлекеттік қызметкерге жүктелетін жауапкершілік жүгі ауқымды. Мемлекеттік қызметтегі кадрларға қойылатын талап жылдан-жылға күшейіп келеді. Мемлекет басшысы алдымызға озық 30 елдің қатарына кіру талабын қойғанда, оның ішінде, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын да жетілдіріп, ол жағынан да бәсекеге қабілетті болуымызды міндеттеген болатын. Тіпті, мемлекеттік қызметтің бәсекеге қабілеттілігі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі тұтқасы деуге болады. Соған сәйкес бүгінгі күні кадрларды іріктеуде олардан кәсібилік, жоғары біліктілік талап етіледі. 
Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 1-тарауындағы 15 қадам кәсіби аппарат құру міндеттеріне арналған. Осыған сәйкес қазіргі кезде мемлекеттік қызметке қабылдау, оларды жоғарылату, аттестациялаудан өткізу, жоғары кәсіби талап қою сияқты міндеттер жаңаша үдеде атқарылып келеді. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен үшін қашанда мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қалтқысыз қызмет атқарудан артық бақыт болған емес», – деген болатын. Дәл осындай мақсат-міндетті алдына әрбір мемлекеттік қызметші қоюы тиіс деп есептеймін.
– Жалпы облыста қанша мемлекеттік қызметкер бар? Оларды іріктеу қандай тәртіппен, қандай ережемен жүреді?
– Бүгінгі таңда Алматы облысында халық саны 2 миллионға жетті. Ал өңірдегі жергілікті атқарушы органдарда 3900-ден астам мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. 
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңын және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі. Яғни, еліміздің заңдарына сәйкес, жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және зейнеткерлік жасқа жетпеген еліміздің азаматтары қабылданады.
Бүгінгі таңда конкурстық іріктеу жұмыстары үш деңгейде жүргізіліп келеді. Бірінші өткізілетін мемлекеттік органның ішіндегі ішкі конкурсқа сол органның қызметшілерінің ғана қатысуға құқығы бар. Одан кейін барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізіледі. Оған еліміздің кез келген өңірінде әкімшілік мемлекеттік қызметте жүрген тұлғалар қатыса алады. Егер алғашқы екі кезеңде үміткер болмаса, онда жалпы конкурс жарияланады. Бұған негізінен мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін азаматтар қатысады.
Аталған жүйенің негізгі мақсаты мемлекеттік органдарда меритократия қағидатын енгізуге негізделген, яғни мемлекеттік қызметшіні іштен өсіру, жұмысты сапалы орындап, өзін жақсы жағынан көрсеткен тұлғаларды сол мемлекеттік орган ішінде сатылап өсіруге бағытталған жүйе болып отыр.
Егер де лауазым мемлекеттік орган ішінде төменгі болып саналса, оған жалпы конкурс жарияланады. Еңбек өтілі жоқ, мемлекеттік қызметке алғаш келетін үміткер қызметті төменгі лауазымнан ғана бастай алады. Бұл ретте  «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында мемлекеттік қызметті төменгі лауазымнан бастау, лауазымдық өсуді іскерлік қабілетіне қарай жүзеге асыру туралы міндет артылғанын айта кету керек. 
– Сотты болып немесе тәртіптік жазаға тартылып, мемлекеттік қызметтен шеттетілгендер шектеу мерзімі біткен соң мемлекеттің өркендеуіне үлес қоса ала ма?
– Бұл жағдай «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының     16-бабында айқын көрсетілген. Бұл Заң талаптарына сәйкес кейбір жағдайларда мемлекеттік қызметке кіруге мүлде шектеу қойылады. Заңға жүгінсек «..сотты болғандарға қатысты, төмендегілерді: 1) сот әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған; 2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған; 3) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді; 4) мемлекеттiк қызметке кiрер алдындағы үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған; 5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;         6) мемлекеттік қызметке кiрер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған; 7) мемлекеттiк қызметке кiру уақытына заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар; 8) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған; 9) қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған және т.б. жағдайларда мемлекеттік қызметке қабылдауға болмайды», – делінген.
Бұл аталған жағдайлардан басқалар мемлекеттік қызметке орналасып, ел дамуына өз үлесін қоса алады. 
– Соңғы жылдары өзін-өзі басқару қағидасы іске қосылып, ауылдық округтердің өз бюджетін қалыптастыру қолға алына бастағаны белгілі. Осы бағыттағы нәтиже қандай?
– Бюджеттің IV деңгейі 188 аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық округтерде енгізілді. 2018-2020 жылдарға арналған мәслихат шешімінің бюджет жобалары жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісіліп, аудандық мәслихатпен бекітілді.
2018 жылға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің жалпы бюджет сомасы 17,7 млрд. теңгені құрайды. Бұл қаражат ауылдық округ әкімдерінің аппараттарын ұстауға,  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға, елді мекендердің санитариясын, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыруға және өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесуге және басқа да іс-шараларды іске асыруға бағыттау жоспарланды. 
Жергілікті өзін-өзі басқарудың бұл үлгісі тұрғындардың өмірлік қажеттілігін, туындаған мәселелерін сол аймақтың өзінде дер кезінде шешуді қамтамасыз етуге ықпал етеді. Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды қалыптастыру мен жолға қою үшiн қажеттi ұйымдастырушылық, әдiстемелiк және ақпараттық шаралар атқарылды. Ендігі жерде жергілікті ресурстардың тиімді жұмсалуы халықтың билікке, жергілікті атқарушы органдарға деген сенімін арттырады деп ойлаймын. 
– Әңгімеңізге рахмет.
 
 Сұхбаттасқан Мәди Алжанбай

Қатысты жаңалықтар

102 млн қаралым: Димаш Құдайбергеннің жаңа шоуы рекорд жаңартты

102 млн қаралым: Димаш Құдайбергеннің жаңа шоуы рекорд жаңартты

09.02.2026
Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту

Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту

09.02.2026
UFC: Қазақстандық файтер қарсыласын тік тұрған күйінде сұлатты

UFC: Қазақстандық файтер қарсыласын тік тұрған күйінде сұлатты

09.02.2026
Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңге аударып жіберген

Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңге аударып жіберген

09.02.2026
«Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар»: Балғынбек Имашев Ринат Зайыттың сөзін құптады

«Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар»: Балғынбек Имашев Ринат Зайыттың сөзін құптады

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.