Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтып берді. Оның сөзінше, тексеру нәтижесінде олардың іс-әрекеттерінен қылмыстық құрам анықталмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
4 куәгер дегеніміз – Шерзат Полат ісінде куә ретінде жауап берген Эльмира Нұрбекова, Дана Жақсыгелді, Арлан Қазыкенов және Юлдаш Розыбакиев.
Ержан Сәденовтің пікірінше, қаншама күмән-күдікке қарамастан, олар бастапқыда іс бойынша тек куәгер ретінде тіркелген.
– Біз соттан алынған материалдарды мұқият қарадық және қылмыстық іс қозғауға негіз таппадық, – деді ол.
Ол тексеру сот шешімімен қайта жүргізілгенін нақтылады әрі тексерудің сот қаулысы аясында жүргізілгенін жеткізді.





