Талдықорған: -3°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Өсу, өркендеу кепілі

29.08.2017
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
WhatsAppTelegramFacebook

30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 22 жыл толады. Бұл халқымыз үшін аса маңызды мерейлі мерекелердің бipi. Еліміз үшін бұл қадам оңай болған жоқ.

Тәуелсіз мемлекеттің алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданды. Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен өз басым тікелей әлемдегі жиырма елдің конституциясын талдап, олардан конспекті жасап алдым. Нәтижесінде, жаңа Конституцияның кажеттілігі туралы шешім қабылдамас бұрын бізде бесжылдық жиналған тәжірибе болды. Біз содан негізгі басымдықтарды, мақсаттарды ажыратып, оларға жетудің құралдарын үйрендік. Конституцияны қабылдау қарсаңында ондаған жыл бойы азаматтарымыздың ой-санасында қордаланып қалған стереотиптерді жою үшін, мемлекет пен қоғамды түбегейлі реформалау барысында пайда болатын көптеген объективті және субъективті проблемаларды шешу үшін бірнеше жылға созылған табанды жұмыстар атқаруға тура келді», – деп жазды.
Расында дамудың әртүрлі сатыларында тұрған, сан алуан әлеуметтік-мәдени, ұлттық және басқа да ерекшеліктері, әртүрлі құқықтық жүйесі бар елдердің Конституциясы басты мәселе ретінде бірінші – тұрақтылықты нығайтуды, халықтың әл-ауқатын жақсартуды, демократиялық құндылықтарды сақтауды темірқазық етіп алатыны түсінікті. Соған орай ізденіс те ауқымды болуы қажет. Сондықтан жаңадан қабылданар Ата Заң жобасының авторлары Еуропа, Азия, Солтүстік және Латын Америкасы елдерінің Конституцияларына жан-жақты талдау жасап, артықшылығын пайдаланды. Дегенмен, кез келген жаңа істе кездесіп қалатын  кейбір жартыкеш, ымырашыл сипаттар орын алды. Содан да болар, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, алғашқы қабылданған Ата Заңда кеткен кемшіліктер бірден көзге түсті. Онда кеңестік демократиялық қағидаларға негізделген ecкі қоғамның ережелері орын алып, жаңа қоғамның өмір талабына жауап бере алмады. Алғашқы Конституцияда адамның құқықтары, бостандықтары, оларды жүзеге асыру қағидалары, атқару билігін жүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі жете көрсетілмеген болып шықты. Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция қабылдау жөнінде ұсыныс жасады. Мемлекет басшысы бұл құжаттың барынша кең талқылануына мүмкіндік туғызды. Соның арқасында 1995 жылғы Конституция жобасын талқылауға 3 миллион 345 мың адам атсалысып, пікір білдірді. Сөйтіп, Қазақстан халқының үштен бірінің сұрауымен жобаға 1100 түзету енгізілді. Тоқсан ceгіз баптың елу бeci елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұрын болмаған жаңа бөлімдер, баптар пайда болды. Осылайша жан-жақты талқылаудан өткен еліміздің басты құжаты – Ата Заңымыз 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Осыдан кейін Ата Заңымыз шын мәнісінде пісіп-толысқан, зайырлы демократиялық қоғамның орнауына кепілдік беретін басты құжат болып шықты. Содан бері тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуының, дамудың қайнар көзіне айналды. Өткен 22 жылдың ішіндегі мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәpi  Ата Заң қағидалары негізінде жүзеге асырылуда. Осы әділ Заң аясында көпұлтты Қазақстан халқы тату-тәтті, бақытты өмір сүріп, еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, байлығын молайтып, қорғаныс қуатын арттырып келеді.

 

Түйіндей айтқанда, бүгінгі Ата Заңымыз әpбip қазақстандық азаматтың еркіндігіне, білім алуына, денсаулығын сақтауына, жан-жақты өсіп-өркендеуіне жол ашып отыр. Ата Заң аясында өмірге келген көптеген бағдарламалар қазақстандықтардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайының жақсаруына, еліміздің экономикалық күш-қуатының арта түсуіне ықпал етіп келеді. Сонымен катар, бұл Конституция мемлекеттік биліктің біртұтастығын бекіте отырып, оны шашыраңқы күйден біртұтас, жұмылған жұдырықтай жүйеге айналдырды. Мемлекеттік билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, халық пен мемлекет арасындағы коммуникативтік күшке айналды. Ең бастысы, Қазақстан мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берген Конституция Тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге әлеуетті екенін танытып отыр. Ендеше, әрбір қазақстандық Ата Заңымызды сыйлап, құрметтей білсе, сол игі!

Р. Босатбек,
Алматы облысының мамандандырылған табиғат 
қорғау прокурорының міндетін атқарушы.

 

 

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.