Талдықорған: +14°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҰСЫНЫС: ТАЛДЫҚОРҒАН АВТОБУСТАРЫНА БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛСА…

02.04.2019
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ҰСЫНЫС: ТАЛДЫҚОРҒАН АВТОБУСТАРЫНА БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛСА...
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат ҰРҰМХАНОВ Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, Жетісу жеріндегі қылмыстың көрсеткішімен таныстырды. Оның айтуынша, қылмысты болдырмаудың бірден-бір жолы тұрғындар тарапынан көрсетілер қолдау.

– Құрметті облыс тұрғындары! Сіздерді облыстағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді бірлесіп талқылау үшін шақырып отырмыз. Бұл – қылмыс деңгейін төмендетуге қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді деп сенеміз. Мен полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынысты  тыңдауға дайынмын. Екі жақты диалогты бастамай тұрып, алдымен  облыстағы криминогендік жағдаймен тыныстырып, атқарылған жұмыстың нәтижесін айту қажет деп санаймын, – деп сөз бастаған полиция генерал-майоры Мұрат Жәлелұлы облыстағы қылмыстың деңгейін саралады.

Былтыр аса ауыр қылмыстың көрсеткіші 13%-ға азайып, ауыр қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеген. Облыста орын алған қылмыстық құқықбұзушылықтың 60 пайызы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле және Жамбыл аудандарына тиесілі. Қылмыстың басым бөлігі  ұрлыққа  қатысты. Яғни тіркелген 27 мың 174 қылмыстың 17 мың 334-і өзгенің мүлкін ұрлауға байланысты. Ұрлық негізінен Талғар ауданында 68,9%, Іле ауданында 68,6%, Талдықорған қаласында 68,4% болса, Ескелді ауданында 61,0%-ды, Қаратал ауданында 57,3%-ды, Кербұлақ ауданында 55,5%-ды құраған.

Шұғыл жасалған шаралардың көмегімен 6 жарым мың ұрлық ашылып, 5 мыңнан астам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Дегенмен, ұрлықпен күрес мәселесі әлі де өзекті. Жасалған әрбір төртінші ұрлық пәтерлер мен жеке үйлерде орын алады. Ұрылар негізінен үйге терезеден, желдеткіштен немесе балкон арқылы кіретіні статистикалық деректермен нақтыланған. Сондай-ақ, құлпыны кілтпен ашып не бұзып кіретіндер де бар. Көбіне жекелеген үйлерді аңдитын қылмыскерлер жеңіл алынатын, болмаса оңай табылатын заттарды әкетеді. Дабылқаққыш, домофон, бейнебақылау камерасы сынды соңғы үлгідегі технологияның көмегімен облыс орталығындағы қылмыстың деңгейі төмендеген. Мысалы, «Бұлтты бейнебақылау» бағдарламасы аясында көшелер мен көпқабатты үйлердің кіреберісіне орнатылған бейнекамералардың көмегімен Талдықорғандағы қылмыстың ашылуы артқан. Тіркелген қылмыстың басым бөлігі қоғамдық орындарда, оның ішінде қоғамдық көліктерде орын алады. Онда да қалтадан мобильді телефонды үптеп кету жиі тіркелген. Осыған орай жергілікті атқарушы органдарға ұсынылған автобустарға бейнекамералар орнату жөніндегі ұсыныс облыс әкімінің қарауында тұр.

Жетісу жері ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығы саласы болғандықтан алдыңғы орында мал ұрлығы тұр. Атап айтқанда, былтыр 1 мың 300-ден астам тұяқты малдың ұрлығы тіркелген. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел шаралардың көмегімен 147 мал ұрлығына қатысы бар 71 қыл­мыс­тық топ құрықталды. Биыл 121 мал ұрлығы ашылып, қылмыскерлер тұтқындалды. Мысалы, ақпан айында Ұйғыр ауданында ұсталған 5 адамнан құралған қылмыстық топтың 18 мал ұр­­лығына қатысы барлығы анықталды. Қыл­мыскерлерден қолды болған 40 бас жылқы алынды. Наурызда Ақсу ауданында барлығы 11 мал ұрлығына қатысқан 2 қылмыстық топ ұсталды. Тұяқты малдың жоғалуы негізінен иесінің немқұрайлылығынан болады. Өйткені, мал ұрлығына байланысты қозғалған қылмыстық істердің 25 пайызы кейіннен құрамында қылмыс белгісінің болмауына байланысты тоқтатылады. Әдетте қараусыз қалған мал жоғалады. Сосын өздігінен іздеген иесі ақыр соңында ғана полицияға шағымданады. Арада өтіп кеткен уақыт іздеу жұмыстарына артық күш жұмсатады.

Былтыр жоғалған малды іздеуге 6 рет тікұшақ пен төтенше жағдайлар департаментінің қарда жүретін техни­ка­сы қолданылды. Мысалы, биыл қаң­тарда Қаратал ауданында құны 5 мил­­­­­­ли­­он теңгеге жуық 24 бас ірі қараның жоғалғаны туралы шағым түсті. Екі ай бойы жүргізілген іздеу шараларынан соң наурыздың 23 күні Қаратал өзеніне батып кеткен сиырлардың өлігі табылған. Одан бөлек, наурыз айында арнайы рейд кезінде құжаты жоқ мал тасыған 817 автокөлік анықталып, жүргізушілер жауапқа тартылды. Осылайша мал ұрлығының алдын алуға байланысты жұмыстар жүргізілуде.

Тәртіп сақшыларының жұмыс істеуі үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар мен көмектер көрсетіліп тұрады. 2014 жылдан бері жанында тұрғын үйі бар 220 полиция бекеті пайдалануға беріліп келеді. Соған орай былтыр учаскелік полиция инспекторлары тұрғындардан түскен 50 мыңнан астам өтініш пен шағымды қарастырып, 6 мыңға жуық қылмысты ашқан.

Есептік кездесуде ішімдіктің кесірінен орын алған қылмысқа, тұрмыстық қылмысқа, зорлық-зомбылыққа, жасөспірімдер арасындағы қылмысқа, сотталғандар жасаған қылмысқа қатысты мәліметтер келтіріліп, олардың алдын алуға қатысты шаралардың нәтижесі таныстырылды. Одан бөлек, қоғамдық тәртіпке, көршілер бақылауына, тұрғындардың белсенділігіне қатысты мәліметтер де назардан тыс қалмады. Өңірдегі қылмыс көрсеткішін төмендетуге барынша қолдау көрсетіліп отырған өңір басшысы Амандық Баталовтың атына ризашылық та айтылды. Кездесуге келген көпшілікке алғыс білдірген Мұрат Жәлелұлы баяндамадан соң қойылған сұрақтарға жауап беріп, тұрғындардың өтінішін аяқсыз қалдырмайтынын жеткізді.

Кездесу кезінде интернет желісі арқылы және залдан тікелей қойылған сұрақтарды қазақ-орыс тілдерінде екі жүргізуші жеткізіп отырды. Жаңа форматтағы кездесу кезінде жүзге жуық сұрақ қойылды.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Тыйымның да терең мәні бар…

Тыйымның да терең мәні бар…

31.03.2026
Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

31.03.2026
Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.