Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өтті.
Жиынды облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының бірінші орынбасары Д. Мәулетов ашты. Модератор әуелі жиналғандарға 2019 жылдың статистикасын айтып, жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, бірқатар жаңа жобаларды таныстырды. Сонымен қатар, нөлдік шыдамдылық қағидаттарын баяндап, элек- тронды нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін одан әрі көбейту қажеттілігіне және олардың орындалу сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлу керектігіне тоқталды.
Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Жұмабаев пен облыстағы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің, Талдықорған кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, облыстық ақпараттық-насихат штабының мүшесі Б. Файзулин азаматтардың мәдениетін арттырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына баса назар аударуды, сондай-ақ, әркім өз құқығын қорғау турасындағы бірнеше ұсынысын айтты.
Басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әр жерде түсіндіру жұмыстарымен қатар оның алдын алу шаралары тұрақты жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар атқарылмақ. Бұл –мемлекеттік кірістер департаментінің облыстағы қызметкерлерінің айтқаны.
Шара соңында жиналғандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тақырыбында түсірілген бейнеүзік көрсетілді.
Қали АСҚАР





