Талдықорғанда жасөспірім заңсыз есірткі жасырғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында кәмелетке толмаған азамат Telegram арқылы психотроптық заттарды жасырын қалдыруды ұсынған белгісіз жұмыс берушінің нұсқауына сүйене отырып, 100 орам мефедронның бесеуін қала көшелеріне орналастырған.
Полиция әрекетті дер кезінде тоқтатып, іс сотқа жолданды. Сот шешімімен жасөспірім 5 жыл мерзімге кәмелетке толмағандарға арналған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қамалды.
Полиция азаматтарды жеңіл табысқа алданып қалмауға шақырады және жақындарына есірткі зиянын түсіндіруді ескертеді.





