Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының Халық әртісі Алихан Идрышева референдумға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді. Белгілі өнер иесі №413 референдум учаскесіне келіп, – дауыс берді деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы
Әртістің айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың пікірі ерекше маңызға ие. Оның пікірінше, мұндай тарихи кезеңде халықтың белсенділігі елдің дамуына тікелей әсер етеді.
– Еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, ортақ іске үлес қосуы керек, – деді ол.





