Талдықорған: +2°C
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Текеліде құқықтық сауаттылыққа қатысты конференция өтті

15.02.2026
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Текеліде құқықтық сауаттылыққа қатысты конференция өтті

aikyn.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Текелі кәсіптік колледжінде «Тәртіп пен заңды сақтау – қауіпсіз болашақ кепілі» атты конференция ұйымдастырылды. Еркін пікір алмасу үлгісінде өткен жиынға қала прокуроры, полиция қызметкерлері қатысып, студент жастармен бетпе-бет сөйлесті.

Бүгінгі қоғамда ақпарат ағыны толассыз. Әлеуметтік желі, түрлі мессенджер мен онлайн платформа жастардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда цифрлық кеңістіктегі еркіндік жауапкершіліктен босата алмайды. Жиында әсіресе, жастар арасындағы құқықбұзушылықтар, киберқылмыс, интернет алаяқтық және әлеуметтік желідегі әдеп пен заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен қозғалды.

Қала прокуроры Бауыржан Мендебаев өз сөзінде:

– Заң – қорқыту құралы емес, қоғамды қорғау тетігі. Әрбір азамат оның талаптарын білу арқылы өзін де, өзгені де қауіп-қатерден сақтай алады, – деп атап өтті.

Конференция аясында облыстық Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ернат Абдрахимов нақты өмірлік мысалдар келтіріп, ойланбай жасалған бір әрекеттің адам тағдырына қалай әсер ететінін түсіндірді. Бір сәттік эмоция, жалған ақпаратты бөлісу, бөтеннің ар-намысына тиетін пікір жазу немесе заңсыз контент тара-ту – мұның бәрі құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін айтты. Әсіресе, кибербуллинг пен интернет-алаяқтыққа қатысты деректер студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Жиынның ерекшелігі – ашық диалог форматында өтуі. Студенттер өздерін мазалаған сұрақтарын бүкпесіз қойып, нақты әрі кәсіби жауап алды. Бұл құқық қорғау органдары мен жастар арасындағы сенімді байланысты нығайтудың бір жолы.

– Мен үшін заң – тыныш әрі қауіпсіз өмір сүрудің негізі. Қазір ақпарат көп, сондықтан жастар өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауы керек. Бүгінгі жиыннан болашақта да, қазіргі уақытта да қажет ақпараттарды алдым. Заң мен тәртіп өзімізден басталады, – дейді колледж білімгері Ақерке Олжабай.

Құқықтық мәдениет бір күнде қалыптаспайды. Ол отбасы тәрбиесінен, оқу орнындағы тәлімнен, қоғамдағы ортақ жауапкершіліктен бастау алады. Бүгінгі студент ертеңгі маман, ертеңгі ел тірегі. Сондықтан олардың заңды құрметтеуі мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі.

Текелі кәсіптік колледжінде өт-кен кездесу жастарға тек құқықтық ақпарат беріп қана қойған жоқ, сонымен бірге ой салды, жауапкершілік жүгін сезіндірді.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Топырақ құнарын сақтаудың тиімді жолы

Топырақ құнарын сақтаудың тиімді жолы

15.02.2026
Бүтінді бүлдірген бұзақылар

Бүтінді бүлдірген бұзақылар

15.02.2026
«Алтын-Емел» саябағындағы санақ

«Алтын-Емел» саябағындағы санақ

15.02.2026
ЖИ ойланса, ми қозғалмайды

ЖИ ойланса, ми қозғалмайды

15.02.2026
Бала тілі неге кеш шығады?

Бала тілі неге кеш шығады?

15.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.