Моноқаладағы референдум комиссиясының мүшелері Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақыштағы киімде халықты қарсы алып, мерекелік көңіл күй сыйлап жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бұл игі шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрімізді насихаттауға бағытталуда. Комиссия мүшелері қазақтың әсем ою-өрнегімен безендірілген киім киіп, келушілерге Наурыздың мәні мен маңызы туралы айтып, мерекелік атмосфера қалыптастыруда,
Наурыз – бірлік пен жаңару мерекесі. Осыған орай ұйымдастырылған бастама тұрғындарға ерекше әсер сыйлап, ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыра түсті.





