Талдықорған: +14°C
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ЖАҢА ЗАҢ: МАЛ ҰРЛАҒАНДАР 10 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТҮРМЕГЕ ЖАБЫЛАДЫ

21.01.2020
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ЖАҢА ЗАҢ: МАЛ ҰРЛАҒАНДАР 10 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТҮРМЕГЕ ЖАБЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Адамзат баласы кейбір жаман әдетінен әлі күнге арыла алмай келе жатыр. Соның бірі – ұрлық.

Күллі жер бетіндегі ­ме­­­м­­­лекеттер арасын­да өзіндік тұлғасын қалып­тастырған халқымыз үшін мал ұрлығы те­ріс әдетке айналғанына біраз бол­­ды. Ертедегі жаугерші­лік заманды, аштық пен жоқ­шылық белең алған ке­зең­ді былай қойғанда бүгінгі­дей жоқ пен бар­дың ара­жігін ажыратар, жаман­дық пен жақсылықты салмақ­тайтын тұс­­та мал ұрлығының жойыл­­май келе жатқаны кімді де болса алаңдатады. Оның дерегі жыл өткен сайын жаңа қырынан, мүлде ерекше сипатта көрініс тауып жатқаны ойланатын жайт.

Мысалы, еліміздің оңтүстік-шығысындағы шұрайлы өлке Жетісу жерінің ауа райы малға жайлы, тіршілікке ыңғайлы. Содан да болар, облыстағы ауылшаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы қарқындап келеді. Соған сай мал ұрлығы елеңдетіп отырғаны жасырын емес. Өткен жылы қолға түскен 76 қылмыстық топтың 148 мал ұрлығына қатысы бар екендігі дәлелденді. Атап айтқанда, құрамында 4 адамы бар Диханбаев қылмыстық тобы Еңбекшіқазақ ауданының жұртшылығын қан қақсатып, 7 мал ұрлығын жасаса, осы ауданның аумағында Керімқұлов пен Найманқұловтың тобы 11 мал ұрлығын жүзеге асырған. Ал құрамында 5 адамы бар Дәулетбақовтың тобы Кеген ауданында 5 рет мал ұрлап ұсталса, Ұйғыр ауданында 5 адамдық Дынисбаевтың тобы 40 бас жылқыны айдап бара жатқан жерінен қолға түскен. Олардың тағы 18 мал ұрлығына қатысы барлығы анықталды.

Былтыр наурыз айында Ақсу ауданында 8 мал ұрлығын жасаған Намазбековтың қылмыстық тобы ұсталды. Құрамында 7 адамы бар қылмыстық топ малды жайылымнан әкетіп отырған. Осы ауданда екі адамнан құралған Сайлыбаев қылмыстық тобы 10 мал ұрлығын жасап, қарапайым халықты зар қақсатқан. Сондай-ақ, Қаратал ауданында 10 мал ұрлығын жасаған Пұсырманов қылмыстық тобы және 41 бас ірі қараны қолды қылған Керейхан қылмыстық тобы полицияның қырағы назарынан құтылмады. Ұсталғандардың бәрі де қылмысын мойындап, жасаған ұрлығы үшін өкінетіндіктерін жеткізді. Бірақ қылмыстың жазасы жеңіл емес. Мал ұрлаған қылмыскерлер лайықты жазасын алып жатыр. Оның үстіне қазір ҚР Қылмыстық кодексіне қосымша бап қосылып, мал ұрлығына берілер жаза күшейтілді.

Былтыр облыс полициясы тұрақты жүргізілген іс-шараның арқасында алдыңғы жылы орын алған мал ұрлығын ашып, 1692 бас малды иелеріне қайтаруға ықпал еткен. «Қайтқан малда қайыр бар» деген осы болса керек. Өз иелерін тапқан малдың 424-і жылқы болса, 245-і ірі қара, 1013-і қой мен ешкі. Осыған қарап, ұрылардың мал талғамай әкете беретінін байқау қиын емес.

Келтірілген мәліметтер мен деректердің бәрін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты. Мамандардың айтуынша, мал ұрлығы көбіне иесінің бейқамдығы мен самарқаулығынан орын алады. Өйткені, бағусыз жүрген, қараусыз қалған түлікті әкету ұрылар үшін өте оңай. Сондықтан ең алдымен әрбір ауыл тұрғыны малының күзетіне мұқият болуы керек. Дегенмен, былтыр облыс полициясы тұрақты жүргізілген іс-шараның арқасында алдыңғы жылы орын алған мал ұрлығын ашып, 1692 бас малды иелеріне қайтаруға ықпал еткен. «Қайтқан малда қайыр бар» деген осы болса керек. Өз иелерін тапқан малдың 424-і жылқы болса, 245-і ірі қара, 1013-і қой мен ешкі. Осыған қарап, ұрылардың мал талғамай әкете беретінін байқау қиын емес.

Жалпы, біздің елімізді өте жағымсыз әрі жұқпалы әдеттің елесі кезіп жүр. Ертеректегі орыс бүлікшілері айтқан: «Ресейді төңкерістің елесі кезіп жүр» – деген сөзге ұқсас пікірді әдейі айтып отырмыз. Себебі, мал ұрлығы облыстың барлық аудандарында орын алып жататыны анық.

Расында ұрлық оңай табыс табудан туындайтын әлеуметтік-психологиялық әрекет екендігі белгілі. Ендеше: «Біз неге оған ұрындық?» деген сауалды өзімізге қойып көрсек, бір-бірімен тығыз байланысты, тікелей қоғамдық қарым-қатынасқа апаратын көптеген мәселенің шеті ашылады.

Мемлекетіміз тәуел­сіздік алған 90-шы жылдардағы ауыртпалық, тұрмыстық жетіспеушілік көпшіліктің көңілінен шыға қойған жоқ. Сол тұста ең алдымен табыс табуды алға қойған еліміздің телеарналары халықтың рухани сұранысын шетелдік телесериалдар арқылы қамтамасыз етті. Ондағы бай мен кедейдің арасындағы теңсіздік, тонау, ұрлау, жымқыру, бопсалау секілді жуан жұдырықтың күшіне сенетін жағымсыз әдеттер өскелең ұрпақтың санасына елеулі әсер еткенін енді байқап жатырмыз.

Сол жылдардың нәтижесі енді шығып жатқаны бұлтартпас шындық. Қыздарымыздың ерте есеюге ұмтылуы, әсемдігін арсыз әрекеттерге айырбастауы, жас некенің жылдам бұзылуы мен отбасылардың оңай ажырасуы шетелдік сериалдардың берген тәлімі мен тәрбиесі екендігін ұғыну аса қиын емес ойланған жанға. Мал ұрлығымен бүгінгі күні жаппай ел болып күресуіміздің де артында 90-шы жылдары баршамызды көк жәшікке телмірткен шетелдік сериалдардың нәтижесі жатыр. Тіпті, сол жылдары сериал қарап отырған халықтың қорадағы малын жетектеп кеткен ұрылардың тапқырлығын жыр қылып айтудың астарында мал ұрлығына үйретудің жасырын белгілері жатқандай көрініп кетеді.

Сондықтан, жаман әдеттен арылу, ұрлықтан тыйылу қоғамның өзіне тікелей байланысты. Оның нақты нәтижелері де көрініп жатыр. Қазір Панфилов ауданына қарасты Қоңырөлең ауылының жастары ауылдағы ұрлыққа қатысы бар деген адамдармен әңгімелесіп, аядай ғана ауылдың берекесін кіргізіп отыр. Өткенде сол ауылдың жайын жақсы білетін бір жігіт айтып қалған мәліметтің өміршең болғанын тілейік, қазіргі ауылдың ақсақалды қариялары мен жанашыр азаматтарына осындай үлгі алатын қадам керек-ақ.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мал ұрлығын түбегейлі жою үшін заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тапсырма беруіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексіне мал ұрлығына қатысты арнайы бап енгізілді. Яғни, енді мал ұрлығын жасаған адамға кешірім жоқ. Бұрынғыдай мал иесінің кешірімін алып, заңды айналып өту енді болмайды. Мал ұрлығына қатысы бар адамдардың бәрі де жазаланып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Соған қоса бар мүлкі тәркіленіп, жәбірленушінің шығынын өтейді. Сондай-ақ, мал тасымалдаумен айналысатын жүк көліктерін енді жергілікті полиция қызметкерлері толық тексеріп, ішіндегі тұяқты малдың деректерін бөлек-бөлек анықтайтын болады. Бұл мал ұрлығын тыюдан туындап отырған қадамдар. Одан бөлек, қазір кей аудандарда мал иесі – тәртіп сақшысы – малшы арасында үш жақты келісім жасауға негізделген шаралар қолға алынуда. Оның артында тұяқты малдың қолды болуынан сақтанудың жолы жатыр.

Енді мал ұрлығын жасаған адамға кешірім жоқ. Бұрынғыдай мал иесінің кешірімін алып, заңды айналып өту енді болмайды. Мал ұрлығына қатысы бар адамдардың бәрі де жазаланып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Соған қоса бар мүлкі тәркіленіп, жәбірленушінің шығынын өтейді.

Енді адамзатты тура жолға салып, жаман әдеттен жерінуге үндейтін Ислам дінінің шарттарына тоқталайық. Шариғатта ұрлық жасаған адамға кесілетін жаза ауыр. Шығынды өтеуден бөлек, ұрының қолын білектен төмен шабудың негізінде қолының жымқырмасы бар адамды елдің алдында қарабет қылып масқаралау жатыр.

Қасиетті Құран Кәрімнің «Мәида» сүресінің 38-аятында: «Ер мен әйел ұрының қылмыстарына бір жаза әрі Алладан бір өнеге түрінде қолдарын кесіңдер! Алла тағала аса үстем, хикмет иесі», – деген бұйрық райлы сөз келген. Жаратқан Алла тағаланың адам баласының бейбітшілікте, тыныштықта, тұрақтылықта өмір сүруіне берген талаптарының қатарына кірген осы бұйрықтың маңызы зор деп білу керек. Сонда ғана қарапайым еңбек адамының түн ұйқысын төрт бөлдірген, аузынан үрлеп алып өсірген төрт түліктің ұрлығы тоқтайды.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

«Ашық есік күні»: 30-ға жуық тұрғынға құқықтық көмек көрсетілді

«Ашық есік күні»: 30-ға жуық тұрғынға құқықтық көмек көрсетілді

09.04.2026
Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

09.04.2026
Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

09.04.2026
Бір қысқа шыдамаған асфальт: Талдықорғандағы Шахворостов көшесінің бүгінгі жағдайы (ВИДЕО)

Бір қысқа шыдамаған асфальт: Талдықорғандағы Шахворостов көшесінің бүгінгі жағдайы (ВИДЕО)

09.04.2026
Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

09.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.